Тақырыбы: «Наурыз-жыл
басы!»
1.Қазақ халқының атадан балаға мұра етіп
қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін
түсіндіру.
2.Балалардың ойлауын,ой қиялын, өрісін,
іздену негіздерін
дамыту.
3.Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,
инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға
тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
-Құрметті
ата-аналар,бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар.
Балалар көптен күткен Наурыз –ұлыстың ұлы күні,
Наурыз жыл-басы құтты болсын!
Наурыз
тойың, наурыз тойың Құтты болсын халайық! Күй төгілсін, күй
төгілсін, Шырқап әнге салайық.
-дей отыра,ертеңгілімізді әнмен
ашайық!
Ән: «Наурыз-жыл
басы!»
Әндетіп Алдар көсе
кіреді.
Мен
Алдармын,Алдармын,
Балалармен
ойнармын.
Сақал түгіл мұртта
жоқ,
Оның несін
талдармын.
А-а-а-а-а-а,Е-е-е-е-е.
Ұлыс оң болсын,ақ мол
болсын!
-Амансыңдар ма? Балалар,мен
бүгін «Ер төстік» тобында Наурыз тойы өтіп жатканын жол жөнекей
естідім де,сендерге қонаққа келдім.
Жүргізуші:
Қош келдің Алдар көсе төрлет! Балалар Алдар
Көсеге Наурыз тойына арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып
берейік.
Сымбат:Наурыз тойым,наурыз
тойым
Құтты болсын
халайық
Қане достар,қане
достар
Шырқап əнге
салайық
Қайсар:Ата-бабам
тойлаған
Наурызым
армысың
Қызығыма
тоймаған
Дархан дала қарлы
шың
Айкөркем:Жылдың басы
Наурыз.
Жердің басы
Наурыз.
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі ән
жырымыз.
Эльдана:Армысың
Наурыз
Мереке,ырыс-береке
Қош келдің
бізге
Күтуде сені кең
өлке
Нұртас :Мерекені
байырғы
Алды халқым
қабылдап
ақ дастархан
жайылды
Ошақта от
жалындап
Айша:Наурызбен
құттықтап
Алыс жақын
қауышты
Көктемдегі жақын
сəт
Көңілдерге
ауысты
Данияр:
Наурыз тойы
салтымыз
Аман болсын
халқымыз
Ұлыс оң
болсын
Ақ мол болсын
Ақбөбек: Наурыз келді
еліме
Наурыз келді
жеріме
Байлық,бақыт
тілеймін
Бүкіл қазақ
еліне
Алдар көсе: -Жарайсыңдар,балалар!Өнерлерің өрге
жүзсін. Қазір балалар бүгінгі
мерекемізге орай ұлттық ойын ойнаймыз.
Ұлттық ойын:
«Арқан тарту»
Ойын шарты: Қыздар мен ұлдар екі
топқа бөлінеді.Қыздар мен ұлдар арқанның екі шетінен ұстап
тартысады.Қай топ арқанды өз жағына тартып алса,сол топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші:
Наурыз – мұсылман қауымның
ұлттық мейрамы.
Наурыз – жыл басы. Наурыз
ұлыстың ұлы күні.
Бұл күні әжелеріміз жеті түрлі
дәмнен Наурыз көже жасаған.Ал,қыз-келіншектер,ата-аналарымыз
үй-үйді аралап Наурыз көжеден дәм татып,үлкендерден бата
алған.
Тойдың көркі ән мен би дейді
халқымыз.Олай болса,ұлдарымыздың биін қабыл
алыңыздар!
Би:
«Қамшы»
Есік тоқылдатып:
Әже, келіні, немересі
кіреді.
Әже:-Амансыңдар ма,құлындарым?!
Жүргізуші:-Салеметсіз
бе,Әже! Қош көрдік.Ауылдан шаршап келген боларсыңыз.
Келіңіз,төрлетіңіз. Әже біздің балалар сізге тақпақ айтып бергісі
келеді.
Жігер:Қыс өтіп,қар
кетіп,
Шаруаның
кенелген
Майрамы
ежелден.
Құтты
болсын,Наурыз!
Бағдат:Кел,балалар
тұрмайық
Наурыз тойын
тойлайық
Баянды боп
мереке
Қыр гүліндей
жайнайық
Аян:Күн мен түн
теңелді
Жер шуаққа
кенелді
Қуанышта ел
енді
Наурыз келді жүр
енді!
Жанель:Көктем келді
балақай
Жасарды жер
алақай
Наурыз тойын
тойлайық
Əсем əнге
салайық
Көлде аққу,көкте
қаз
Орманда бұлбұл
сайраған
Көптен күткен
мейрамда
Құлпырды дала
жайнаған
Ақылбек:Жайды далаға
алаша
Наурыз келді
тамаша
Кəрілер де жастар
да
Қуанады
балаша
Əр үйде
кісілер
Наурыз көже
пісірер.
Мадина:Наурыз тойы жырымыз,
Көңілі гүлдей жайнасын! Құлпырып тұр күн мен ай, Құтты болсын,
Наурыз той!
Ерасыл:Күттіріп келген жыл
басы
Бізбен бірге
тойлашы
Дастарханыма көп
көп
Береке ырыс
сыйлашы.
Меруерт:Осыншама
жақсылық
Алып келген
наурызым
Төрлет бізге нұр
беріп
Шуақ шашып ақ
жүзің
Әже: Қандай тамаша,тақпақтарыңда,өздерінде әдемі
екенсіңдер.
Алдар
Көсе:-Әже,сіз Наурыз көже пісіріп
білесіз бе?Бізге Наурыз көже туралы және не қосатынын айтып
берсеңіз.
Әже:-Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қосамыз.Қыстан қалған сүр
ет,сүт немесе айран,тұз,құрт,бидай,жүгері немесе тары,ұн немесе
кеспе.Наурыз көжеден жеті үй дәм татып,ақ тілектерімен бөлісіп «ақ
мол болсын» деп бата беріп тарқасады.Жәнеде бұл куні
бауырсақ,шелпек,қоспа деген сияқты қазақтың ұлттық тағамдары
әзірленеді.
Алдар
көсе:Рахмет,Әже,ойымызға түйіп біліп
жүреміз.
Әже:
-Ал, құрметті қонақтар!Ұлыстың ұлы
күні менің немеремнің тұсау кесу рәсімін жасап,тұсауын кесейін
деген едік.
Алдар
көсе: -Тамаша,балалар, бізде
бүгін тағы да бір той.Бүгін Райгүл әжейдің немересінің тұсаукесер
тойы.
Жүргізуші:-Тұсау
кесу дегеніміз – кішкентай балаға ырымдап, тез жүріп кетсін деп,
ала жіп байлап, бата тілек айтып кеседі. Тұсау кескенде көк шөппен,
тоқ ішекпен де кеседі. Ондағы мақсат: көгерсін, өссін - өнсін
дегені және де бай – дәулетті, бақуатты болсын дегені. Бүгін біз
ала жіппен тұсау кесеміз. Ондағы мақсатымыз – баламыз ешкімнің ала
жібін аттамасын
дегеніміз.
Әже: Ала жіппен байлағаным –
адал болсын, ақ болсын,ешкімнің ала жібін аттамасын
дегенім-,деп тұсауын
кеседі.
Тәй-тәй балам,тәй
балам!
Қаз-қаз балам,қаз
балам,
Қадам бассаң мәз
болам!
Күрмеуіңді
шешейін,
Тұсауыңды
кесейін!
Жүгіре қойшы,
құлыным,
Желбіресін
тұлымың,
Елгезек бол,
ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе!
(Баланы қолынан ұстап, тәй-тәй басқызып бір
айналдырып жүргізеді. Әже шашу шашады)
Жүргізуші:
Ал ендеше осындай қуаныштың құрметіне
балаларымыздың әнін тарту етсек.
Ән:
«Дастархан»
Жүргізуші:
Кең болсын қазағымның
керегесі,
Кетпесін Алла берген
берекесі.
Алаштың баласына нәсіп
болған,
Құтты болсын Наурыз
мерекесі.
-дей отыра кезекті тақпақтарға
береміз.
Индира:Ашылды да
кебеже
Дəм əзірлеу
басталды
Əжем наурыз
көжеге
Жеті түрлі дəм
салды
Нұр:Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық Думандатып бақшамда, Наурыз тойын
тойлайық.
Әмина:Елім менен
жеріме
Ырыс шашқан
Наурыз!
Күлімдеген
көктемге,
Шуағын шашқан
Наурыз.
Альбина:Наурыз тойы
тамаша
Наурыз тойы
жараса
Табиғатта
тамаша
Тамылжып тұр
жараса
Уали:Келе жатыр
жылымыз
Мейрам дейміз мұны
біз
Халық сүйген
мейрамды
Қарсы алайық
наурызды
Айару:Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы, Шуақ төкті жарық күн Мейрамында
халықтың.
Жалғас:Наурыз дәстүрім деп,
Адамдар ән салады. Наурыз тойын еліміз Қуана қарсы
алады.
Жанару:Бата беріп атамыз, Бата
беріп анамыз Тәтті болып жасалған Наурыз дәмін
татамыз
Ұлттық ойын ата-аналармен:
«Тауық күрес»
Ойын шарты:
Ортаға төрт ата-ана шығады.Бұл ойынның қызығы
ата-аналар шеңбер ішінде,тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын
қағып күреседі.Қайсысы бірінші шеңберден шығып кетсе,сол
ұтылады.
Би:
«Шашу»
Алдар көсе:
-Балалар, сендер қазақ халқының дәстүрін, ата
–салтын жақсы біледі екенсіңдер,сендерге қонаққа келіп көп нәрсе
үйрендім.Ана тілінде таза сөйлеп, ән салып, тақпақ айтады
екенсіңдер.Өнерлерің өрге жүзсін,тек биіктерден
көрініңдер!
Әже:
Тойға шашу
шашылсын!
Халқымның нұры
тасысын!(шашу
шашады)
Алақандарыңды жайыңдар бата
берейін.
Ортамызға келген Жаңа Жыл
құтты болсын!
Наурыз шашуы жұғысты
болсын!
Ұлыс оң болсын,Ақ мол
болсын!
Қайда барсаңдарда жол
болсын!
Ән:
«Наурыз-көктем»
Жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық!Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын,жамағат,ақ
тілеуің!
Осымен, «Наурыз-жыл басы» атта ертеңгілігіміз
аяқталды.Қош,сау
болыңыздар!