400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Тәуелсіз елдің ұландарымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілік

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Жүргізуші:

Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке

Жүргізуші:  
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Біздің тобымыздың "Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік
 алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын!!! 

Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Ертеңгілігімізді Қ.Р-ның әнұраны мен бастайық.

Жүргізуші: Еңсесі биік Елорда,
Мәңгілік ел бол қашанда.
Көктегі туым желбіреп,
Көк аспанда қыран құс
Самғай бер әлі биікте
Тыныштық бейбіт заман бол,
Тәуелсіз елім аман бол.

Келесі кезекті Жастерек тобының тақпақтарына кезек берейік:

Мадина, Ұзақбай, Айару, Шыңғыс.

Мадина:

Отан деген берекелі отбасы,

Сүйер оны адамзаттың баршасы.

Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,

Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.

Бұның бәрі татулықтың арқасы,

Тәуелсіздік елдігімнің бастауы.

Ұзақбай:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Айару:

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен байтақт жерім,

Мәңгі жайнап тұрабер,

Қазақстаным менің!

Шыңғыс:

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыз:

Жастерек тобының орындауында

Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы» Хор.

Жүргізуші:

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,

Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.

Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,

Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!

Ғажайып сәт:

Өзбек ұлты: қонаққа келеді.

Сәлеметсіздерме, балалар!

Өзбек ұлты: Қазақ жеріне келдім, бұл елде қандай бүлдіршіндер тұрады, және осы ел туралы білгім келген.

Жүргізуші: Төрлет,төрлет қазақ елі әрқашанда қонақ жайлы бүгін біздің елде мереке

16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатырмыз.

Жүргізуші:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Назарбаев)

Ал қәзіргі таңда біздің елімізді басқарып отқан елбасымыз кім? (Қасым-Жомарт Тоқаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Нұр-Сұлтан)

3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз)

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың қонаққа арналған қазақша биі бар соны тамашалаңыздар.

Өзбек ұлты: Жарайсыңдар балалар, мен енді білетің болдым сендер тәуелсіз елдің болашағы екенсіңдер ғой!

Жүргізуші: 

Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да

Өзбек ұлты: Өте тамаша балалар, маған ұнады

Өзбек ұлты: -Ендеше жігітерімізді сынап көрейік, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. 
Ойын: «Күш сынасу» 

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде Елбасымызға Отанымызға арналған Жастерек тобының тақпақтары бар екен: Нұрниет, Сұлтан, Алшын, Нұрай.

 Нұрниет:

Отан елдің анасы

Отан жердің анасы

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы.

Сұлтан:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз


Алшын:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады,
Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы,

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Нұрай:

Елбасымыз жолдайды,
 Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз,
 Шешімдері болмайды. 


Жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл оқиға Алматы қаласында болды. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке. Жастерек тобының балалары «Тәуелсіз ел ұланы атты көрініс:

Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

Өзбек ұлты: Жарайсыңдар балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір марқайып қалдым.

Өзбек ұлты: Біз енді өз елімізге қайтайық. Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі