Тәуелсіз елім,
қазағым
Балалар залға кіріп би
қимылдарын орындайды.
Жүргізуші: Мереке бүгін-бақ
күні,
Егеменді
елімнің!
Желбірейді көк
туы,
Түсіндей боп
көгімнің.
Шырқалады
шарықтап,
Асқақ
үнді-әнұран.
Көңіл құсы
қалықтап
Шаттана бір қол
ұран!
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
әнұраны.
Бүгінгі мерекеде біз
Отанымызға әртүрлі өнерлерімізді сыйлап
отырмыз.
1
бала: Әйнегі-күн,
шатыры-аспан
Кең
дала
Төсі толған
егін.
Көлдері күміс
шашқан
Қазақстан Республикам
менің.
2
бала: Алтай-Жайық
арасы
Жарты әлемдей
даласы,
Ол-біздің
Қазақстан
Жастан сүйіп
аңсаған.
3
бала: Отаны бар, елі бар
жан-аманда
Бақытты ғой мына байтақ
заманда.
Отан деген оттан ыстық жалғыз
сөз
Жолын берген маған-да, саған
да.
Ән «Жаса мәңгі
Қазақстан».
Жүргізуші: Әр елдің рәміздері болады.
Қанекей, балалар, маған біздің рәміздерді атап
беріңдерші.
Балалардың
жауаптары.
1
бала: Тәуелсіздік
жолында
Талай, талай тер
тамған.
Билігің өз
қолыңда
Еркіндігім-елтаңбам.
2
бала: Көк байрақтың
бетінде,
Қыран бүркіт
бейнесі.
Сол қырандай
еркіндеп,
Бала өседі
талапты.
3
бала: Гүлденсін елім
түрленсін,
Танымастай түрге
енсін.
Болашақ елдің
төріне,
Елу елмен бірге
енсін.
Жүргізуші: Балалар, біздің елімізді
басқарып отырған Президентіміз кім? Қазақстанның бас ордасын қалай
атаймыз?
Қазақ елі осы егеменге көп
қиындықты көріп жетті. Біздің тарихымызды алсақ әр түрлі
көтерілістер де болды, еліміз соғысты да көрді, нағыз батырларды да
дүниеге әкелді. Ал қазір біздің балалар сіздердің алдарыңызда шағын
сол тарихымызға арналған би композициясын
көрсетеді.
Би
композициясы.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі
мерекеміз-үлкен той. Ал қай қазақтың тойы ойынсыз өткен. Қане
қандай қазақтың ұлттық ойындарын
білесіңдер?
Балалардың
жауаптары.
Ойын «Көкпар», «Тенге
алу» т.б
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Нағыз
біздің Отанымыздың болашағы екенсіңдер.
1
бала: Міне біздің
Отанымыз,
Отан деген
немене?
Оның тұлға түс
кейпін
Досың білгің келе
ме?
2
бала: Отан деген ұлы
ана,
Отан деген
ғұлама.
Мен ғана емес, атам
да
Перзент екен,
Отанға.
3
бала: Отан
менің-ата-анам
Отан-досым,
бауырым.
Отан-үлкен
Астанам,
Отан-туған
ауылым.
4
бала: Отан-бабам,
ерлерім,
Отан-ауам, әр
демім.
Отанымен бір
түлеп,
Асқар шыңға
өрледім.
Жүргізуші: Қандай тамаша сөздер, сендер
Отан деген не екенін дұрыс түсінген сияқтысыңдар. Сонымен Отан
деген не? Ия ол біздің туған жеріміз. Қане сол туған жер туралы бір
ән шырқайық.
Ән «Туған
жер».
Ортаға Кербұға ақын
шығады.
«Домбыра туралы
аңыз».
Залдың іші екі көрініске
бөлінген. Бір жағы ханның ауылы. Екінші-кең дала. Домбыра ұстаған
ақын Кербұға ортаға шығады.
(Көріністерді балалар
көрсетіп отырады).
Кербұға: Амансыңдар ма, балалар. Менің
атым Кербұға-ақын. Менімен бірге әрқашан домбырам болады. Ал осы
домбыраның ортасында неге тесігі бар екені туралы мен сендерге бір
аңыз айтып берейін.
Баяғы бір заманда Жошы хан
болыпты. Ал оның жалғыз баласы болыпты. Күресте де, бәйгеде де оны
ешкім оза алмайтын. Жас хан аңға шығуды жақсы
көретін.
Киіз үйдің төрінде Жошы
хан, ханның баласы және уәзір отырады.
Жас
хан: Мендей батырды кең далам әлі
көрген жоқ! Мен әкемнің мақтанышымын.
Кербұға: Бір күні Жас хан аңға
достарымен бірге шығады.
Аңшылардың
биі.
Кербұға: Далада бір үйір құландарды
көріпті. Оларды бір ақсақ айғыр құлан басқарып жүр екен. Желден де
тез шауып жігіттер садақтарынан жебелерін жібереді. Бір жебе
кішкентай құланға тиеді. Сонда Ақсақ құлан ханның баласына жақындап
айтады:
Ақсақ
құлан: Сен менің кішкентай құлынымды
тартып алдың! Сол үшін мен сенен кегімді
аламын!
Кербұға: Сол кезде Ақсақ құлан желдей
шауып ханзаданың ертоқымынан ұрып соқты. Жігіттер қорыққанынан
ауылға, Жошы ханға келді.
Жігіттер бастарын түсіріп,
Жошы ханның алдына келеді.
Жошы
хан: Кім маған балам туралы жаман
хабар әкеледі, соның ауызына ыстық қорғасын
құямын.
Кербұға: Жігіттер қорқып артқа қарай
жөнелді. Осы кезде елдің арасынан бір ақын шықты, қолында домбырасы
бар.
Ортаға қолындағы
домбырасымен ақын шығады.
Кербұға: Отырып «Ақсақ құлан» күйін
тартады. Ол әуенде жігіттердің атпен шапқаны, жебенің дауысы,
құланның жылағаны, бәрі естіледі. Бір кезде аспап айқайлаған сияқты
болады, сонда Хан тыңдап отырып:
Жошы
хан: Доғар! Сен маған жаман хабар
әкелдің! Құйыңдар мынаның ауызына
қорғасынды!
Ақын: Хан, мен бір де бір сөз
айтқаным жоқ. Бәрін менің домбырам жеткізді. Соның сазайын
тарт.
Жошы
хан: Құйыңдар мынау аспаптың
ортасына қорғасынды!
Кербұға: Ашуланған хан домбыраның
ортасына қорғасын құйдырады. Ал одан домбыраның дауысы жаман болған
жоқ, тек қана ортасында кішкентай тесік пайда болды. Содан бері
барлық домбыралардың ортасында тесік пайда
болды.
Қатысқан балалар ортаға
шығып бастарын иеді.
Ақын
кетеді.
Жүргізуші: Сенімді жолмен
әмәнда
Халқымның алып
батасын.
Аттаған жаңа
заманға,
Республикамыз
жасасын!
Ән
«Қазақстан».
Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке
сақталсын
Алдымызға барлық үміт
ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып
қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен
жақталсын,-деп балалар ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.