«Тәуелсізді
тірегім, елім деп соққан жүрегім»
Мақсаты:
Тәуелсіздік мерекесі туралы кеңірек
білу,Отанын жерін сүюге тәрбиелеу,
мәнерлеп тақпақтарын дұрыс айтуға
баулу.сахнада өздерін дұрыс ұстауға
үйрету.
(Муз.
әуенімен балалар залға кіреді)
Тәрбиеші:
Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы
ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк
байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті
балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді
еліміздің Тәуелсіздік күнімен
құттықтаймыз.
Сіздерге
зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға
тыныштық тілейміз.
Балалар
әнұранды орындайды.
-Балалар
біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан
Республикасында.
-Қандай
рәміздерді білесіңдер?
-Ту,елтаңба,
әнұран.
-Елбасымыз
кім?
-Н.Назарбаев.
Жазира:
Тәуелсіздік
ел болсақ деп,
Сан
боздақтар жер ұшты.
Қызғалдақ
гүл арландары
Желтоқсанда
желге ұшты.
Әділетжан:
Тәуелсіздік
таңын сүйем,
Күн
шуағын төккен күн,
Елім
менің жерім менің
Баққа
қолы жеткен күн.
Айзере:
Тәуелсіз
еркін елде біз,
Дүниеге
келгенбіз
Көк
ту мен елтаңбамыз,
Бар
біздің өз теңгеміз.
Ералы:
Тәуелсіздік
,
Еліміздің
тірегі.
Тәуелсіздік
деп соғады
Бар
қазақтың жүрегі .
Нұрайым:
Анамыздай
тілеуі ақ,
Отан
біздің біреу ақ
Ол
біздің Қазақстан
Ануар:
Көк
аспанның түсі бар
Ортасында
күні бар
Қыран
ұшқан қалықтап
Кімнің
туы біліп ал .
Ұлдардың
орындауында «Жігіттер» биін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
16-шы
желтоқсан -
Тәуелсіздік алған
күн
Мерекені ел
тосқан,
Шырқатып ән
саламыз.
Бүлдіршіндердің
орындауында «Отаным» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-мәңгі
тақырып. Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін
тарихы ол!
Көрініс:Әжесі
жүн түтіп отырады, немересі далада ойнап
жүреді
Әйзере:-Е-е-е-тәубә!Бергеніңе
шүкір.
Әділетжан:
Әже,әжетай !Далада керемет болып
жатыр,аспанға жарқылдаған салют атып
,адамдар қуанышқа бөленіп жатыр .Жүріңіз
көрейік.
Әйзере:
Е-е-е-жарығым бұл
қуаныш.Тәуелсіздіктің мейрамына арналған
керкмет қой.Жақсылығымыз ұзағынан
болсын!
Әділетжан:Әжетай.Тәуелсіздік
деген не?
Әйзере:
Тәуелсіздік
деген еркіндігің,бостандығың,
бақытың,балам.Біздің кезімізде мұндай
еркіндік болған жоқ.
Әділетжан:
Әже
түс көрдім, жап-жарық күнді көрдім.
Әйзере:Е-е-е,ол
сенің бақытың,балам.Тәуелсіздіктің
мәңгі жарық күні.
Әділетжан:Ендеше
мен балалардан
сүйінші
сұрайын
Алим:
Айдын
шашқан сияқты,
Жер
бетіне нұр толған
Бар
адамға шуақты.
Осы
менің отаным.
Музаффар:
Туған
елім ұлы анам,
Тек
өзіңнен нәр алам
Жайнай
берші мәңгілік
Тәуелсіз
менің нұр далам.
Мансур:
Елтаңбасы
елімнің
Неткен
әйбәт әдемі
Тұнығындай
көңілдің
Ортада
аспан әлемі
Қыздардың
орындауында «Қарлығаштар» биін қабыл
алыңыздар
Тәрбиеші:
Бақыт құсы қонды ғой,
Бүгін
туған жеріме,
Тіліміз бен
дініміз,
Қайта келді
еліме.
Тәрбиеші:
Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз
мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік
мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен
құтықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға
амандық, дендеріңізге саулық, осы
балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын
желбірететін, биік шыңынан көрінетін
азамат пен азаматша болуға тілектеспіз.