«Тәуелсіздік
тұғырым!»
Жүргізуші: Қазақ елім, туды жастық
дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын
ағайын!
Тәуелсіздік құтты болсын,
албыным!
Әнұраны
елімнің
Шақырады
бірлікке.
Егеменді
халқымның,
Болашағы
бірлікте.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Әнұранын орындаймыз.
Жүргізуші: - Балалаар, біз аспаны ашық,
сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз. Ол ел – Қазақстан Республикасы.
Біздің Отанымыз – тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
-
Біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ
тілінде.
-
Біздің еліміздің Туы,
Елтаңбасы, Әнұранымыз бар.
-
Біздің тұңғыш елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-
Біздің қазіргі елбасымыз Қасым
– Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
-
Біздің Тәуелсіздік алған
күніміз – 16 желтоқсан.
Жүргізуші: Міне, Тәуелсіздік мерекесі де
келіп жетті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 30 жыл
толады. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекесімен
құттықтаймыз. Біз ата – бабамыздың аңсаған арманы орындалып, қазақ
елінің Тәуелсіз Мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін
өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін
алды. Бұл тәуелсіздік оңай келген жоқ. 1986 жылғы оқиға халықтың
есінде мәңгі сақталады, 16 – желтоқсан қазақ жастары Орталық алаңға
шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн – Қазақстан
тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды.
Жүргізуші: Тәуелсіздік дегенде көңілден
жыр – шумақтар ағытылар. Ендеше балалардың тақпақтарын
тыңдайық.
Ақтілек
Тәуелсіздік
мақтанышым,
Бізге бақыт
сыйлаған.
Бейбіт күнде мен
тынышпын,
Әрбір таңым нұр
маған.
Альбина
Он алтыншы
желтоқсан,
Тәуелсіздік алған
күн.
Мерекеге ел
тосқан,
Атамменен
барғанмын.
Ғаділбек
Отан жерім, Отан –
суым,
Отан қуат нәр
береді.
Отан – ұран, Отан
туым,
Отан мәңгі
гүлденеді.
Арай
Көк байрағы –
көгінде,
Тектілігі –
тегінде!
Бірлігімен
тұтасып,
Жеткен азат
өмірге.
Жүргізуші: 16 –
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн.
Мерекеде ел
қуанып,
Шаттанып ән салған
күн.
Ән: « Тәуелсіздік ел ұраны»
топ балаларының орындауында.
Жүргізуші: келесі кезекті балалардың
тақпағына береміз.
Райана
Көзімізде от
жайнап,
Бойымызда жас
қайрат.
Алға басып
келеміз,
Колымызда көк
байрақ.
Көзайым
Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда,
Биікке іліп
қояды.
Жандарбек
Тәуелсіздік
еліміз,
Мәңгі жасар
жеріміз.
Тәуелсіздік
жасаған,
Аға,
әпкелеріміз.
Алина
Елбасым,
Елбасым,
Айбыным
ардағым.
Айбыным
ардағым,
Елбасым,
Елбасым.
Жүргізуші: Би ер балдар
биі
Жүргізуші:Тәуелсізідік жолында аға –
апаларымыз көп күресті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға -
апаларымызды тани біліңдер, олар: Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,
Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхаметжанова
Тәуелсіздік оңайлықпен
келмеді,
Бізге оны ешкім аяп
бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат,
Сәбира, Ерболдың
Тас көшеде, тас талқан боп
өлгені
Осы тәуелсіздікке жетуімізге
өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі жүрегімізді
сақтаймыз.
Жүргізуші: Кезекті балалардың тақпағына
береміз.
Дінмұханбет
Көшбасшысы Нұр –
атам,
Балаларға,
үлкенге.
Қамқор болған – бұл
атам,
Нұрсұлтандай
патшасын
Мақтан тұтар ел,
Отан.
Сая
Жасты еңбекке
баулыған,
Ақсақалын
сыйлаған.
Салт – дәстүрді
сыйлаған,
Нұрлы сұлтан
Нұрсұлтан.
Айару
Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда,
Биікке іліп
қояды.
Жүргізуші: Би «Алға Қазақстан» қыздар
биі
Жүргізуші: Ән:
«Атамекен»
Жүргізуші: Отаным Қазақстан – алтын
бесік,
Мінекей ұлы жолға түсті
келіп.
Ағайын, бар тілерім мен
еліме,
Тұғырың мықты болсын
Тәуелсіздік.
Осымен «Тәуелсіз ел Қазақстан»
атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Мереке құтты болсын, көріскенше
сау болыңыздар!


