400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік:" Тәуелсіздік тұғырым" (мектепке дейінгі ұйым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ертеңгілік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне әдістемелік құрал ретінде қолданылады. Сабақ барысында түрлі-әдіс тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы,

С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі: Касимова Заругул Маханбетовна







Тексерілді


ТІМ: А.Муканбеткалиева


Тақырыбы: «Елі сүйген ,Елін сүйген елбасы!»


Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні екнін түсіндіру.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен отбасымен таныстыру

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

Балалардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.


Көрнекілігі: Слайд көрсету

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар!

«Балдырған»тобының ел басын ұлықтау күніне арналған «Елін сүйген,Елі сүйген елбасы!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Достық шеңбері.

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

Біз нәзік қыздармыз

Біз ержүрек ұлдармыз

Көк аспанда күн күлсін

Бірге жүрсін бүлдіршін

Қыз қолында гүл жүрсін

Ұл қолында ту жүрсін

Қайырлы күн достарым

Сәләматсыздарма қонақтар

Балалар қане біріміз орнымызға отырып ,слайд тамашалайық

Балалар біздің елбасымыздың аты-жөні кім?

Біздің еліміз жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді .Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды.Халық оған

«Елбасы »деген құрметті атақ берді.Тұңғыш Президент күні –халықтың елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді.

Ел басының өмір жолымен таныстыру.

Жаниман:

Нұр ата бейбіт нұрлы күн

Сақтаған достық бірлігін

Ынтымақ тауып жарасып

Тасытты ырыс тірлігін

Амира:

Қазақтың елі-кенен ел

Басшысы жайсаң кемелді ер

Зейіні зерек өзі алғыр

Нұр ата сынды кемеңгер

Айман:

Өркенді елдің ерлері

Тыныштық үшін жердегі

Самитте шешті бірлесіп

Қорытып ойды зерделі

Али:

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Елордасы Отанның

Мақтанышым Астанам

Жанерке:

Зор үміт күткен ғасырдан

Айбыны асқақ жасынан

Өмірге жарқын бастаған

Көшбасшы ата асыл жан

Айсұлтан:

Туған жерде толамыз

Ертең жігіт боламыз

Отан –ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Ұлжан:

Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырың

Отан -өлкең астанаң

Отан аудан ауылың

Отан-тарих,Отан-тіл

Жасаған елің өз халқың

Отан-өлең ,отан жер

Көтерген көкке ел даңқын

Айлана:

Отан-жерім

Отан-суым

Отан қуат нәр береді

Отан-ұран,Отан туым

Отан мәңгі гүлденеді

Амир:

Қазақтың туын ұстаған

Болашаққа жол нұсқаған

Нұр ата аян ғаламға

Беделі биік күшті адам

Еркемай:

Желбіреген жалауымыз

Ұлы Отанның ұланымыз

Бейбітшілк қалауымыз

Асқақтаған жыр әніміз

Қайсар:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Кәусар:

Отан-деген атамекен

Отан-деген туған жер

Отан-ана,Отан-үлкен

Қазақстан туған ел


Айзере:

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жасыл боп

Мен үлкен болғанда да

«Балдырған»тобының орындауында Ел қорғауға әзірміз әні орындалады.

Ән ұранмен ертеңгілікті қорытындылау



























































Тексерілді:


ТІМ: А.Муканбеткалиева


Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым »


Мақсаты: Балалардың туған еліне ,жеріне,табиғатына деген сүйіспеншілігін артыру.Отаншылдыққа тәрбиелеу.


Жүргізуші:


Құрметті қонақтар, балалар!Еліміздің егемендік алып санамыз қайта жаңғырды.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,аспанымыз ашық,еліміз жеріміз аман болсын!


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Амир:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел тосқан

Шырқатып ән салған күн


Еркемай:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі


Қайсар:

Еңбек етіп табысты

Жібермеймін намысты

Мен әлемге танытам

Қазақ деген халықты


Әли:

Егемен елдің ұланымын

Ертеңгі күннің нұрымын

Отанын сүйген азамат

Болатындардың бірімін


Жүргізуші:

Биік ұш бейбітшілк көгершіні

Асып өт терең мұхит келер шыңы

Қанатыңды қаққанда бірге естілсін

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні


Ұлжан:

Мәпелейді баптайды

Мендей аппақ ақ құсты

Бейбітшілк құсы деп

Барлық адам мақтайды


Кәусар:

Отан- елдің анасы

Отан-жердің анасы

Бақытты дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы


Айсұлтан:

Отан –әжем,

Отан-анам,

Туған ел –деп

Туған жер-деп

Ол бекерге аталмаған


Гүлхан:

Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырың

Отан өлкең астанаң

Отан туған ауылың


Жанерке:

Көгінде күн,нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем


Жүргізуші:

Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?

«Отан-оттан да ыстық»

«Отан үшін отқа түс күймейсің»

«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас!»


Ән: «Балабақша»

Балдырған тобының бүлдіршіндерінің орындауында


Айлана:

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл қаланы

Ардақты ата-мекенім

Отаным-Қазақстаным !


Айман:

Бабамның да арманы

Осы елғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға


Жаниман:

Тәуелсіздік ұранымыз

Біз келешек ұланымыз

Көкке ұшар әсем шарлар

Біз қазақтың қыранымыз

Айзере:

Отан- сөнбес күніміз

Отан-туған жеріміз

Отан-ортақ үйіміз


Сезім:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем


Амира:

Ана тілім –ұраным

Ана тілім-құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым


Ән: «Елтаңбасы елімнің»Балдырған тобының орындауында


Көркем сөз:С.Қалиұлы

Ту,Елтаңба ;Әнұран


Жүргізуші:


Балалар ,сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыздар.Сондықтан өз жерімізді елімізді аталарымызды әкелерімізді ағаларымыз сияқты қорғап,қадірлеуге міндеттісіңдер

Болашақты нұрландырған Тәуелсіздігіміз баянды болсын!Аспанымыз ашық болсын!


С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы

«Балбөбек» шағын орталығы










Тақырыбы:




«Тәуелсіздік тұғырым»

(Ертеңгілік)









Балдырған тобы:

Тәрбиешілер:

З.Касимова






















Shape1

тұғырым»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі