400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ертеңгілік Теңіз патшалығы мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теңіз патшалығы

1 жүргізуші: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

2 жүргізуші: Төрлет, төрлет, жаңа жыл

Құтты болсын қадамың.

Тілекке енді жеткізіп

Есте қалсаң жарарсың.

(Әуенмен балалар ортаға шығады.)

1 бала: Жанып тұр жайнап жылтылдап,

Жаңа жылдық шыршамыз.

Сағаттар тілі сыртылдап,

Жетпейді түкке мұршамыз.

Асығып жүрміз бәріміз,

Жасымыз үлкен кәріміз.

Жап-жаңа жылға ылайық

Болсын деп ән мен сәніміз.

2 бала: Келді әне Жаңа жыл,

Тілегін елдің арқалап.

Құт дарытар дара жыл,

Осы жыл шығар мархабат.

Тілейік достар көп тілек,

Арманы аз ба қазақтың,

Көңілдер өссін көк тіреп,

Жыл бойы туып ғажап күн.

Ән «Келді бізге жаңа жыл».

(Балалар орындарына отырады.)

3 бала: Ау, бақытты ұландар,

Айлы көкке қараңдар

Мініп аппақ кемеңе

Жаңа жыл теңізден келді.

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантшы баршаны

Ән мен биі басталсын

Төрлет, төрлет халқымның

Құтты жылы Жаңа Жыл!

(Әуенмен балықшы шал мен кемпір ортаға шығады.)

Кемпір: Ау шал, нағып отырсың, барып теңізден балық аулап әкел.

Шал: Теңізде су қатып қалған шығар, күн суытып кетті ғой.

Кемпір: Мен ештеңе білмеймін, бар деген соң бар!

(Шал теңізге кетеді.)

Теңіз биі (балалар көк матамен теңіз биін орындайды)

Шал теңізге қармақ салып отырады. Қармағына алтын балық ілінеді.

Шал (қуанып): Жаңа жыл кешінде балық пісіріп жейтін болдық-ау. Енді кемпірім қуанатын болды.

Алтын балық: Адамзат, мені босатып жіберші! Мен сіздің тілегіңізді орындаймын.

Шал: Олай болса менің үш тілегім бар. Мына балалар би билеп, ән салып берсін.

Жеке ән «Жаңа жыл».

Балалардың тақпақтары.

Алтын балық: Ата, енді риза болдың ба? Мен теңіз түбіне тез оралайын. Су қатып қалса жете алмай қаламын ғой?

Шал: Тоқтай тұр! Теңіз түбінде не бар еді? Теңіз патшалығын көргім келеді.

(Алтын балық қолын шапалақтайды.)

Би «Алтын балықтар».

Алтын балық биін билеп жүрген балалар теңіз түбіне Теңіз патшасын алып келеді.

Теңіз патшасы: Менің мазамды кім алды?

Алтын балық: Патшам кешір! Жер бетіндегі адамдар Жаңа жылды қарсы алғалы жатыр екен, солардың тілегімен сіз осындасыз.

Теңіз патшасы таң қалып, шыршаға қарап: Мынау не деген керемет! Жаңа жыл деген осы ма? Жер бетіндегі адамдар не деген бақытты. Сонда Жаңа жыл қайда?

(Әуенмен сиыр кіреді).

Жүргізуші: Қош келдің, Сиыр! Қадамың құтты болсын, жоғары шық!

Сиыр: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа баурап алды маңайды,

Жаңа Жылмен құттықтаймын деген сөз,

Қанаттанып шар тарапқа тарайды.

Достар мында теңіз патшасы неғып жүр?

Алтын балық: Тыс-с-с! Мұнда балықшы шал отыр, ол соның тілегімен келген.

Сиыр: Патшам, сіз көңілсіз отырсыз ғой.

Патша: Мен Жаңа Жылды қалай қарсы алу керек екенін білмеймін.

Сиыр: Ой, сол да сөз болып па? Қане, балалар, патшаның көңілін аулайық. Жүргізуші: Қане балалар, бәріміз бірге сиқырлы сөздерді айтайық.

Жасыл шырша төрдегі

Дейді бәрі көр мені.

Кеткен әсем құлпырып

Ойыншықтар тұр тұнып.

Түрлі түсті шамдары,

Түнде ғажап жанғаны.

Көргендерді елітеді,

Керемет бір ертегі.

(Шырша жанады).

Патша: Қандай керемет көрініс. Мен өмірімде талай ғажаптарды көрдім, бірақта мынандай кереметті бірінші рет көріп тұрмын. Бірақта мен сусыз көп жүре алмаймын. Сондықтан маған кету керек. Ал сендермен әлі кездесетін шығармын. Мерекелеріңді тойлай беріңдер.

Сиыр: Мен жалғыз келген жоқпын. Алыс елден достарымды ерте келдім. Солар өнерлерін көрсетсін.

Би «Жыл 12 ай».

Ән «Жаңа жыл».

Алтын балық: Ал ата ризасың ба?

Шал(қуанып): Ризамын, ризамын! Енді үшінші тілегім. Аяз атаны көріп кету.

Алтын балық қолын шапалақтайды. Сол кезде кішкентай қыз кіреді.

Қыз: Мен қайда келдім?

Жүргізуші: Айналайын, сен кімсің? Мұнда не істеп жүрсің?

Қыз: Жаңа жылға шырша іздеп жүрмін. Мынау неткен әдемі шырша!

Жүргізуші: Мұнда балалар Жаңа Жылды тойлап жатыр.

Қыз: Онда Аяз Аталарың қайда? Қашан келеді?

1 бала: Әрине қазір келеді.

2 бала: Адасып кеткен жоқ па?

3 бала: Қане бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі бірге: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата!

Аяз Атаның дауысы шығады.

Аяз Ата: Охо-хо-хо! Келе жатырмын

Амансыңдар ма ұлдарым!

Армысыңдар қыздарым!

Қандай көркем қырларың

Асулармен алысып

Асау желмен жарысып

Тойларыңа асығып

Өздеріңмен таныстым.

Жүргізуші: Армысыз, Аяз Ата! Біздің балалар сізді көптен күтіп ән жырларын даярлап отыр. Соны тамашалаңыз.

Ән «Аяз Ата».

Аяз Ата: Ал енді бәріміз көңілді би билейік.

Аяз Атамен көңілді би.

Аяз Ата(ентігіп): Ух, шаршадым! Мен қартайдым ғой. Ал сендер жассыңдар. Қанша билесеңдер де шаршамайсыңдар.

Жүргізуші: Шаршасаң қане отыра ғой. Ал біздің балалар дайындаған тақпақтарын орындап береді.

Тақпақтар айтылады.

Ән «Жаңа жыл».

Аяз Ата: Рахмет, рахмет. Жарайсыңдар! Мені қуантып тастадыңдар. Ал осылай отыра береміз бе? Қане ойын ойнайық.

Аяз Атамен ойын.

Жүргізуші: Аяз Ата, мүмкін сіз мынау қызға көмектесесің бе.

Аяз Ата: Қызым, келе ғой. Жаным-ау, осы аязда орманда не істеп жүрсің?

Қыз: Мен шырша іздеп жүрмін.

Аяз Ата: Тамаша! Біздің мерекеге тура келдің. Менің орманымда шыршаның түр-түрі бар. Қалағаныңды ал.

«Шыршалар биі».

Аяз Ата: Ұнады ма саған менің шыршаларым ? Олай болса бізбен бірге қал мерекені тойла, ал мерекенің аяғында қалаған шыршаны берейін саған.

Жүргізуші: Аяз Ата, Дильназ әбден тонып қалыпты. Бір ойын ойнасақ қайтеді?

Қыз: Рахмет сізге, ата. Аяз Ата, ал Ақшақар келмей ме?

Аяз Ата: Немерем келген жоқ па?

Есік қағылып торғай ұшып келеді.

Торғай: Аяз Ата, мынау сізге арналған хат.

Аяз Ата: «Аяз Ата, мен адасып кеттім. Жолды таба ала алмай жүрмін. Бұл Мыстанның ісі. Маған тек қана балалар көмектесе алады. Ол үшін олар 12 жылды атап берулері керек. Сонда Мыстанның сиқыры жойылады. Ақшақар». Балалар, менің немеремді құтқарыңдар. Қане, 12 жылды атап беріңдерші маған.

Балалардың жауабы.

Сиқырлы әуен естіледі. Ортаға Ақшақар шығады.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Рахмет, сендердің көмегімен мен әзер жеттім ғой. Аяз Ата, мен орманды тамашалап жүргенде сенен адасып қалыппын.

Аяз Ата: Міне менің немерем де арамызға келді. Қане бір тамаша ән шырқап жіберейік.

Ән «Шырша жыры».

Ақшақар: Өнерлерің тамаша екен. Аяз Ата, балалардың сыйлықтарын тараттың ба?

Аяз Ата: Мен сыйлықты теңізден алып өте алмадым. Сыйлықты қазір Теңіз Патшасы әкеледі. Ал біздің баратын жері әлі көп кететін кезде келіп қалды.

Той думанды қыздырған

Сарыарқадай далам бар,

Астанадай қалам бар,

Кел Жаңа Жыл, Жаңа Жыл

Саған дайын төрім бар!

Сау болыңдар, балалар.

Аяз Атамен Ақшақар кетеді.

Ортаға шал мен Алтын балық шығады.

Алтын балық: Ата үш тілегіңіздіде орындадым. Енді мені босатыңыз.

Шал: Жарайды, Алтын балық. Мен сені босатайын. Бірақта кемпіріме қалай құр қол барамын?

Жүргізуші: Жоқ, сіз кемпіріңізге құр қол бармайсыз.

Ортаға Теңіз Патшасы және Сиыр сандық көтеріп келеді.

Әне Теңіз Патшасымен Сиыр Аяз Атаның сыйлығын әкеле жатыр.

Патша: Мынау сандықты сендерге Аяз Ата беріп жіберді.

Жүргізуші: Мынау неткен керемет сандық теңіз түбінен інжу маржанмен қосып кемпіріңізге алып барыңыз.

Шал: Рахмет, рахмет. (сандықты ашады) Мынаның ішінде балалардың сыйлықтары да жатыр екен. (сыйлықтарды көрсетеді) Алтын балық, сен менің барлық тілегімді орындадың. Рахмет саған. Бара ғой теңізіңе.

(Алтын балық жүзіп кеткендей болады.)

Алтын балық: сау болыңдар, балалар,

(Шал өзінің сыйлығын алып кемпіріне барады.)

Кемпір: Тағы да бос келдің бе?

Шал: Жоқ кемпір, жаңа жылда барлық армандар орындалатынын сен білесің бе. Мінекей мен де бүгін сондай керемет көріністерді көріп келдім. Және Аяз Атадан сыйлық алдым. Мінекей, ала ғой. Бұд мерекеден ешкім бос қол кетпейді. Мынай сандықтағы сыйлықтарды балаларға апайлар таратып береді. Қане, балалар, кетердің алдында бәріміз қосылып бір көңілді би орындайықшы.

Жалпы би.

Жүргізуші: Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт-береке бәрімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болсын,

Қиындық жоламасын бәрімізге.

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Балалар әуенмен кетеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі