400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Тілашар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобының жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Тілашар

Ертеңгілік мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнер-лерін таныту, ой-өрісін дамыту. Мектепті, ұстазды құрметтеп, еңбекті баға-лай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтел, нақыл сөздер, шарлар, кеспе әріптер, буындар,

суреттер.

Әнұран орындау

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкірттерім білімді,

Елім дер ұл-қыз болсын - ,

дей отырып, балаларды ортаға шақырамыз.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобындағы «Тілашар» атты ертеңгілікті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Армысыздар, ұстаздар! Жақсы білім көрімдік,

Армысыздар, ата-ана! Болсын бізге халайық.

Болашаққа жол бастар Не үйрендік, не білдік?

Балаң келді ортаға. Кәне, ортаға салайық.

Кеше ғана мектепалды дайындық тобының табалдырығын аттаған бүлдір-шіндер бүгін мектепке дайындалып, бірінші сынып оқушысы атанғалы тұр.

Білім кемесіне мініп, ілім іздеп, өз өмірлерінің бір асуын артта қалдырмақ-шы.

Таңғы шеңбер

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға.

Сәлем деймін құрдасқа,

Сәлем деймін ұстазға.


Біз билейміз буги, буги,

Айналамыз дөңгеленіп.

Қол соғамыз тағы біз,

1,2,3 Буги,буги ОК 2рет


Ашық болсын айымыз,

Биік болсын туымыз.

Тату болып халықтар,

Аман болсын балалар!

- Балалар, біздер осы уақытқа дейін не үйрендік соны ортаға салайық.

- Біздің Республикамыз қалай аталады?

- Елордамыз қай қала?

- ҚР-ның Президентін атаңдар?

Тақпақтар оқу:

Ертарғын:

Білім қажет бәрінен,

Оқып білім аламыз.

Таңқалдырып достарды

Мен мектепке барамын.

Гүлжан:

Қызық күндер өткіздік

Мұңаймаңыз сағынып.

Көп оқыдық, көп білдік

Ел менен Отан жайында.

Алишер:

Мен де кітап аламын,

Мен де оқуға барамын.

Жаман бала дегізбей,

Жақсы оқитын боламын.

Мұғалім:

- Сауат ашу іс-әрекетінде өткендерімізді еске түсірейік (сұрақтар қою):

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

- Сөз неден тұрады?

- Сөйлем қалай жазылады?

Сөздерді буынға бөлу: са-ғат, мы-сық, са-бақ, қа-лам, ар-па, ат-па.

Ойын: «Қағып ал»

Сөз айтып, сөйлем құрату.

Ән айту «Бала тілегі» (хормен)

Ойын: «Өзіңді сынап көр»

Сөйлейтін әліппеден әріптерді табу.

Мұғалім:

- Балалар, біз әріптерді өткенде қандай тақпақтар үйрендік?

Ертарғын:

Адам А-дан басталады

Ата-ана қостар оны.

А арқылы жазасыңдар

Алматыны, Астананы.

Гүлжан:

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың.

Алишер:

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ертарғын:

Ата-анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен.

Піл, парк, парталар

Басталған қай әріптен? (П)

«Өнерлі болсаң – ойнап көр» ойыны.

Көркем әдебиеттен танысқан «Бауырсақ» ертегісін сахналау.

Би «Қаражорға»

«Көңілді есептер» ойыны.

Өлең есептердің жауабын тауып айту.

Ән айту. «Біз өмірдің гүліміз»

Қорытындылау.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі