400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Туған күніңмен досым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларда мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету. Жақсы тілек айтуға булу. Балаларды адамгершілікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған күніңмен, досым!»

Мақсаты: Балаларда мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету. Жақсы тілек айтуға булу.
Балаларды адамгершілікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті шақырулы қонақтар, тобымыздың

«Туған күніңмен, досым!» атты  мерекемізге қош келдіңіздер. Бүгін біздің «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерінің туған күндері. 

Жүргізуші: Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау төрдің.
Айтыңдаршы балалар,
Туған күні кімнің?

Жанерке, Каусар, Айсұлтан, Арсен, Милана, Ақнұр, Рахима 4 жасқа толып,  туған күндері аталып өткелі отыр. Олай болса, туған күн иелерін төрімізге шақырайық.

Жүргізуші: Ән құрадым үніңмен,

Сән құрадым гүліңмен.

Құттықтаймыз сендерді

Қысқы туған күніңмен.

Жүргізуші: Туған күнін достардың,
Зор қуаныш көреміз.
Мың бұралып ортада,
Достарға билеп береміз.

Би: «Көңілді сағаттар»


Сайқымазақ: Музыка әуенімен залға Сайқымазақ көңілді кіреді, қолында шарлары бар:
– Ой мұнда не болып жатыр, сендер қандай әдемі көңілдісіңдер, бәрің қуаныштысыңдар ғой.

  • Мен де сендермен мерекеде болайыншы.

  • Ой айтпақшы, мен сендерге ойын алып келген едім.

  • Ойнайсыңдар ма?


Ойын: «Қорқақ шарлар»


Ойын: «Сиқырлы жіп»


Жүргізуші: Кел, келіңдер бүгін,

Туған күні достың.

Бірге біздер тойлайық.

Би билейік ойнайық.


Би: «Бір оңға, бір солға»

Жүргізуші: Туған күнін достардың

Зор қуаныш көреміз.

Ортаға алып би билеп.

Ән де салып береміз.


Ән: Дания «Ерке қыз»


Жүргізуші: Ойын ойнап ән салмай,

Өсер бала бола ма?!


Ойын: «Абайла жұмыртқа»



Жүргізуші:    Туған күнің құтты болсын балақай,

                         Қуаныш пен шаттық бағын аралай,

                         Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,

                         Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.  

  Осымен қыс мезгілінде туылған балаларға арналған

«Туған күніңмен, досым!» атты кешіміз аяқталды. Балалар сендерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты балалық шақ, ата-аналарыңыздың сүйікті ұл-қыздары болып өсулеріңе тілектеспіз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі