1 - оқушы: Армысыздар ардақты ұстаздар!
Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен
сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, егін
салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де
ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, сіздерге
бүкіл адам баласы бас иеді.
3 - оқушы: Мұғалімдік ең құрметті
мамандық.
Жас
ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан адамзатқа таралған.
Мол
мейірім ізгілік пен адалды.
4 - оқушы: Бар
тәлімін беріп елдің жанына.
Бір
кездері қырауланар шашы да
Ұстаз адам ұстаз болып қалады.
Қол
соқтырып заман менен ғасыр
5 - оқушы: Айта берсек ұстазға тіл
жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін
төкпеген
Айтыңдаршы адам бар ма өмірде.
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген
6 - оқушы: Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің.
Құттықтайды барша халық осы күн
Өзің берген біліміңе қандырып.
Талай ұлан шәкірттерді өсірдің
7 - оқушы: Ұстаздар тыншымайтын
еңбеккерлер
Жеңісті жерге екпеген, елге
еккендер
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп
Зердесін болашақтың
зерлеткендер.
8 - оқушы: Ұстаздар қандай ғажап
халықсыңдар
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыңдар
Жан
біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар.
9 - оқушы: Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын
аялау.
10 - оқушы: Жақсы мұраттың артынан су ереді. Жақсы ұстаздың
соңынан шәкірт ереді.
11 - оқушы: Ұстазға қарап шәкірт өседі. Шәкіртсіз ғалым –
тұл.
12 - оқушы: Атпаз көрген ат таныр. Ұстаз көрген хат
таныр.
13 - оқушы: Ұстаз талантты болса, Шәкірт талапты
болады.
14 - оқушы: Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу жүректің
асылдығы.
15 - оқушы: Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді. Білімді жан
тас камалды күйретеді.
16 - оқушы: Жарасады сыпайылық балаға. Ұстазыңа одырайып
қарама.
1.
Келешекті кезінде Кесіп айтар өзіңе Өнеге көп өзінде Өсиет мол
сөзінде Көп шәкірттің досындай Жазира апай
осындай.
2.
Ақыл кеңес көп қой онда ұққанға Ардың туын асқақ ұстап шықты алға
Ана тілін ардақтауды үйреткен Мың рахмет Ардақ
апай.
3.
Білім өнер бәріне бар талабы. Әрқашанда ашық – жарқын қабағы.
Гульхан апайдың жаутаңдаған жанары Мәңгі есімізде
қалады.
4.
Көңілің болсын ақ қардай. Жарқырап көзді тартқандай Ел – жұртың
сізді ардақтап Жүре беріңіз Дильбар апай.
5.
Сүйікті біздің Фатима апайымыз. Ақжарқын сіздің
мінезіңіз.
Күлімдеген көздеріңіз.
Нұрланады жүзіңіз.
6.
Білім берген, дәріс берген, Жас ұрпаққа талмастан Әрбір жастың
Гүлжайна апай Көңіл сырын дәл басқан.
7.
Күнім деген күлімдеген Қамқор болған ұстазым Жаны жайсаң жайдары
жан, Ұғындырған сөз сазын Ұмытпаймыз, ардақтаймыз, Рыскул апай
сізді біз.
8.
Біздер әлі өтелмеген парызбыз. Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз
Аттары да аталмаған ұстаздар Алдарыңда мәңгілікке
қарызбыз.
1.
Сіздерді шын жүрегімізбен құттықтай отырып, бізді қызықтыратын мына
сұрақтарға жауап алсақ па деп едік. Жазира
апайға: Мектептегі бар баланың мінезі, қылығы
ерекше қасиеті сізді ренжітеді, қуантады, шаттандырады. Сіз үйде
демалғанда шәкірттеріңіз қай қырынан көз алдыңызға елестейді.
Ренжіткен сәті ме, қуантқан кезі ме?
Фатима
апайға: Сіздің көп жылдық қызметіңізде қызықты
оқиғасымен есіңізде сақталып қалған шәкірттеріңіз бар ма? Болса сол
туралы әңгімелеп берсеңіз.
Ардақ апайға: Сізде кішкене шәкірт болып мектеп
табалдырығынан аттадыңыз. Шәкірттік шақтың қызықты кезінен
әңгімелеп берсеңіз. Сіздерге көп рахмет айта отырып мына әнді
арнаймыз.
17
- оқушы: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда.
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма
Гүлің болып төгілдім асқарыңа
Біз
дегенде ұмытып бас қамын да
Қас
қағымға қасыңнан тастадың ба...
18 - оқушы: Ертіп кеттің елемей
қиындықты.
Асқарына ғылымның бастадың да,
Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына.
Аялы алақаныңнан ұшқанымда
Кім
боп қайда жүрсем де қасымдасың.
Адал еңбек алғысым ұстазыма.
19
- оқушы: Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңе
шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп,
егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп,
ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.