Ертеңгілік «Ынтымақ,бірлік,келісім-ең басты байлық ел үшін»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік «Ынтымақ,бірлік,келісім-ең басты байлық ел үшін»

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлығына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні

 

Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.

 

Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер!

         Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

         «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.

          Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін. Бүгінгі тақырыбымыз «Ынтымақ,бірлік,келісім-ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Құттықтау сөзін «Арай» шағын орталығының әдіскері: Жөкеев Нұртай ағайға береміз.

Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше бірінші қонақтарымызды қарсы алайық.

Хор: «Әнұран»

Тақпақтар:

 Анель: Мамырдың бірі, достық күні

            Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.

 

Бірге:

Дамир және Кәусар:   

Достық – шырағымыз,

                 Достық – ұранымыз.

                 Достық туымыз,

                 Достық әніміз.

 

Нұркелді:  Дос болып түрлі халықтар,

                 Жасайтұғын ғасырмын.

                 Бақыт шымын әлемге

                 Ұмытылмас асылмын.

 

Дильназ:     Бейбітшілік ұраны,

                 Жарқыраған алтын күн.

                 Ән қанатты қыраны

                 Еркіндігі халқымның.

 

 

Жанел:    Достықты үлгі санаған,

                 Бір үйде біз тұрамыз.

                 Қалған ата-бабадан,

                 Бірлік асыл мұрамыз.

 

 

Ән: «Ертегілер»

Орындайтын:Маратқызы Жанел 

  Тақпақтар:

Жүргізуші Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

               Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

               Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,

               Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

Би: «Әсем ән» («Ботақан тобының бүлдіршіндері»)

 

  Жүргізуші :  Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

                Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

                Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

                Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Тақпақтар:

 

Диана:       Жасампаз жыр - әнім,

                   Өзіңсің ғажапстан .

                   Өсиет, ұраным,

                   Отаным –Қазақстан.

 

Ән: «Қошақан» 

Орындайтын: Анель мен Дильназ

(Балалар бірге хормен айтады.)

  Хормен:

Біз балдырған тең басқан!

                  Дос құшағын кеңге ашқан.

                  Тілегіміз әділдік!

                  Ашық болсын кең аспан!

Би: «Достық биі»

 

Нұрсезім:  Дос болайық бәріміз,

                 Жарасып тұр әніміз.

                 Тыныштықты сақтаймыз,

                 Атсын күліп таңымыз!

 

 

Нұрасыл:  Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер!    

Би: «Флешмоб»

 

   Жүргізуші:  Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі