жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік:«Аяулы күз, Алтын күз - 2017»
Тақырыбы:
«Аяулы күз,
Алтын күз - 2017»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз,
Алтын күз - 2017» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын
және күз ханздасын анықтау.
Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін
бақылау.
2. Күз айлары
туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген
қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3.
Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты
сүюге тәрбиелеу.
Мерекелік
безендіру: Күзге
байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу,
жапырақтар,слайд,
жеміс -
жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты
ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты
қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт
мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке
әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын
күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның
бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі.
Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той»
өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз
мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді
жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2017» мерекесімен
құттықтаймын.
Алтын күз біз
бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді
серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен
шаттық бірге қатар қонып,
Береке
бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып,
құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап
тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің
бағдарламамызда:
Келтіретін
әрдайым сезім күйін,
Көресіздер
қызықтың неше түрін
Әншінің
анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз
қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі -
бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар
едік біз де жетіп-дей отыра ортаға кішкентай бүлдіршініміз Ертай
Кәусарды шақырамыз. Ән «Көңілді
күн».
Жүргізуші:Нағыз
сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз
маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені
дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе
дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш
қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай
селтиеді.
Күз мейрам
құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Ауғанбева Жазира –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Кайпулдаев Ербол-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Аувьбаева Гулжамал-мектеп тәлімгері.
Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып
өтейін:
Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап
беру)
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін
көрсету.)
5. Күзгі дастархан мәзірі.
Біздерде ойын - сауық
басталады,
Тамаша ән айтылып, би
билейді.
Қошеметтеп қол соғып
отырайық,
Ұмытармыз күні бойы
шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу
жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең
ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз,
Алтын күз - 2017» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді
қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары
мен ханшайымдары:
1.Жаксымбек Береке-Олтабай Ақбота
2.Айдар Ақылбек-Әлібек Кәусар
3.Керимбек Абзал-Талғат Адия
4.Бектемісов Қуаныш-Бахат Амина
5.Ибрагим Нұрдәулет-Толыбай Диана
6.Абдимұрат Думан-Сейсенбай
Айша
Жүргізуші:
Құрметті көпшілік
көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан
сенім.
Ақжол тілеп үкілі
үміттерге,
Таныстыру шартына кезек
бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық»
үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы
әділқазыларға
жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер
екен.
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге арналған оқушыларымызды тақпақтарын тыңдайық.
Иса Альбина;Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Қосымалы Нұржан;Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Алтай Мансур;Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
ЕрнұрЖеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп
дарынды.
Халық айтса,
қалт айтпас,
Әрқашанда
нанымды
Сол шындықты
күнделікті,
Көріп жүрміз
өмірден.
Өнерімен
танысайық,
Тілекші боп
көңілден.
Ортада
сайыскерлеріміздің «Өз
өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы
алқаларына сөз береміз.
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге арналған оқушымыздың биін тамашалайык.Ортаға «Үнді биі» орындайтын Құттымұрат Фариза
Жүргізуші:
Күз келді, хан
мен ханшайым,
Өткізді күзгі
бал айын.
Ағызар сөйлеп
сөз майын,
Ал ханымыз
ақылды.
Барша жұртты
шақырды,
Би де билеп ән
айтты.
Қуаныштан
шалқыды.
Ханзадаларымыз
бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас -
қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек
берейік.
«Жапырақ теру»
ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған
жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.
2 - сұрақ:
Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса –
жасыл,
Түссе – сары.
Бұл не?Жапырақ
3 - сұрақ:. Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
4 - сұрақ:
Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай
түскен.-Жеміс
5- сұрақ: Бес
жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.
6 - сұрақ:
6-сұрақБес
көкөністерді атап беру. - сарымсақ, қызанақ, орамжамжапырақ,
картоп, сәбіз.
Әділқазылар
бағаларын берсе.
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге арналған оқушыларымыздың дайындаған тақпақтар тыңдайық.
Панзу Инжу:Сап - сары маңай, Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айгерім:Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Бақдаулет:Күздің қазан
айында
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр
етеді.
Балжан:Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Көркем:Кун
суытып
Жапырақтар
түседі.
Астық - жеміс
жиылды.
Қамбамызға
құйылды.
Ортаға
«Айгөлек»бишілер тобын
шақырамыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз
мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз
сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға
шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер
сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен
жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін
көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып
қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз
қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға
сөз берсек.
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге арналған оқушыларымыздың дайындаған тақпақтар тыңдайық.
Алтынай:Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Бекзат:Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Ардақ Азель:Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған ас мәзірлерімен таныстырып өтсін. Және де әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге арналған оқушылардың өнерін тамашалайык.
Ортаға әншілеріміз шақырамыз: Куйбеш Аягөз бен Жапсарбай Асем
Ән «Анажаным»
Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.
Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген