1 - желтоқсан
тұңғыш президент күні.
Тақырыбы:
Елбасы – ел
тірегі
Көрнекілігі:
Елбасы
суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер
ме, балалар!
Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі
жатырмыз.
Бүгінгі ертеңгілігімізді әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші:
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең
ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына,
бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын
жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты
құрмет тұтты.Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға,
Динара, Әлия. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың
Президенті етіп сайланды.
Елбасымыздың жүріп өткен жылдарын деректі
фильм тамашалайық.
(Деректі фильм)
Жүргізуші:
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран
бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ
халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға
қойылады.
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек
Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік
болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын
ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты
тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос
пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара
күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер
соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап
тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне
енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан
қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл
өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын
жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
Бүлдіршіндердің монтажына кезек
берейік.
Нұрай
Елбасымыз
жолдайды,
Халқы оны
қолдайды.
Ешқашанда
орынсыз,
Шешімдері
болмайды.
Нұрсұлтан
Тәуелсіздікті елге
сыйлады,
Бейбітшілікті
қалады.
Орындалып
арманы,
Халқымызда
ажарлы.
Осының бәрі
әрине,
Елбасының
арқасы.
Н.Аяна
Арқа сүйеп ақыл-ойдың
шыңына,
аңсағаны – ұлтқа шуақ, шұғыла.
Әрбір күні – адамзаттың қамы
үшін,
әрбір түнде қамығатын
мұңына.
Арқалаумен ауыр жүгін
алыптың,
арманы еді жарқын әлем, жарық күн.
Айбынды ұлы ардақты әке Әбіштің
–
адастырмас Көшбасшысы
халықтың.
К.Аяна
Ұлы Дала дарабозы,
ұланы
ұшырғанда шарықтаған
қыраны.
Ұлы Ғұн мен Сақтан бері
сақталып,
ұрпақтарға мұра болған
ұраны.
Емірентті еркін сезім
шақтары,
елжіретті қазағымды бақ
таңы.
Елін сүйген, елі сүйген
Елбасы-
егеменді Қазақстанның мақтаны!
Айару
Талқысымен тайталасқан тың
күші,
Туын тікті Бостандықтың – құнды
ісі.
Тумысынан парасатты Президент
–
Тәңір берген Тәуелсіздік
тұңғышы!
Әлихан
Қазақтың елі -кенен
ел,
Басшысы жайсаң кемелді
ер.
Зейіні зерек,өзі
алғыр,
Нұр ата біздің
кемеңгер.
Қазақтың туын
ұстаған,
Болашақ жолын
нұсқаған.
Нұр ата аян
ғаламға,
Беделі биік күшті
адам.
Жаннұр
Зор үміт күткен
ғасырдан,
Айбыны асқақ
жасынан,
Өмірге жарқын
бастаған
Көшбасшы ата-асыл
жан.
Астана жайып
қанатты,
Айналды баққа
абатты.
Алаштың елі
асқақтап,
Жер жүзі жұртын
қаратты.
Баянсұлу
Тәуелсізбін!Бар ма
мұң?
Тәләйлі болсын
талғамың!
Өркені өссін
қазақтың,
Осы – менің
арманым!
Мансұр
Тәуелсіз қазақ
елім,
Бақ қонған ғажап
елім.
Нұрсұлтан
Назарбаев,
Артамыз сізге
сенім.
Елім деп,жерім
деген,
Адымдап
сенімменен.
Халқымның
көшбасшысы
Еңбектен
ерінбеген.
Үлгі боп
келешекке,
Балаға,ересекке,
Президент
даңқымызды
Көтерер
келешекте
Жүргізуші:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем
мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
- Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ
жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік
пе?
-
Иә!
Сөзжұмбақтың
сұрақтары:
1. Біздің мемлекетіміздің аты
қандай?
2. Біздің Елбасымыз кім?
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай
қала?
4. Біздің тіліміз қандай?
5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).
Жүргізуші: Еліміздің бас қаласы Астана қаласы туралы
видеоролик көрейік.Қандай әдемі ғимараттар бар сол жайлы
танысасындар.
Жүргізуші:
Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды «Отан» әнімен
аяқтайық.
Ән:
«Отан»
Бірге: Президентім, елбасы, аман
болғай
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр
халқым!!
Жүргізуші:Міне осымен тұңғыш президент
күніне арналған мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі
кездескенше ел аман жұрт тыныш
болғай!