400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЕртеңгілікЖаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жаңа жыл мерекелік тәрбие сағаты

1.Би «Буратино»

2.Ән : Келді,Жаңа жыл!

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген топка балалар қол ұстасып билеп кіреді.

Жүргізуші:

Құрметті бүлдіршіндер сіздерге жаңа сиыр жылында жақсылықтар ,қуаныш пен бақыт дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі «жаңа жыл-2021» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын!

Әуенмен балалар ортаға кіреді

Жүргізуші: Тауда туып тауда өскен,

Ойыншықтар тізілген.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

(Шыршаның шамдары жанады)

Жүргізуші:Балалар қазір қай жыл мезгілі?Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?Біз қалай киінеміз?

-Балалар жаңа жылда қандай мерекелер білеміз?

-Ия,жаңа жыл

-Жаңа жылда кім көп сыйлықтар әкеледі?

-Ондай болса, Аяз атаны шақырайық

Тақпақтар.

1-бала Алтынай

Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

2-бала Абдурахман

Тамаша. Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

3-бала Тамерлан

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер,

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болып өсіңдер!

4-бала Айзере

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

8-бала Инжу

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Ойын «Қар »

Шарты: Балалар күрекпен шелекке қар жинайды

Жүргізіші: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Би билейік баршамыз!

Би: «Буратино»

9-бала Ерсайын

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

10-балаЖасмина

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл, армысың.

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

11-бала Чингизхан

Келді міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.

12-бала Дінмұхамед

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша!

13-бала Көркем ай

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны!

Жүргізуші:Рахмет балалар енді жаңа жылға арнап ән шырқайық.



Хор «Жаңа жыл»



Жүргізуші:Балалар бүгінгі жаңа жыл кешіне кімдер қонаққа келген қараңдаршы.

Аяз ата мен Ақша қар кетеді.



Балалар:Жаңа жыл құтты болсын!
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі