400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік:"Жаңа жыл-2019"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік:"Жаңа жыл-2019"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыкамен балалар залға кіреді.

Құрметті бүгінгіжаңа жыл мерекесін тойлауға келген бүлдіршіндер, биылғы жаңа жыл мерекесі бұрынғыдан өзгеше болмақ. Олай дейтініміз, бүгінгі жаңа жыл мерекесіне бірнеше қонақтар қатысқалы отыр.

  • Олар кімдер деп ойлайсыңдар?

(балалар жауаптары)

-Жаңа жылды бізбен бірге тойлау үшін папа, мамаларымыз ата-әжелеріміз келді. Олар жәй әншейін емес өз өнеолерін бізге паш етпекші, біздерде қалыспайық балалар. Ең өнерлі қонаққа, ең өнерлі балаға Аяз атадан сыйлық бар. Олай болса ата-аналарымызды қарсы алайық.(Қол соғып киінген ата-аналар кіреді,корнавальдық костюммен)

-Қане не тұрыс, көңілді ән мен биді бастайық, ортадағы шыршамызға «Шырша жырын» айтайық

Ән: «Шырша жыры»

Сайқымазақ: Қараңдаршы, балалар! Біз ән шырқап жатырмыз, ал ортадағы шыршамызға не жетіспей тұр.

Балалар: Жарық шамдар.

Сайқымазақ: -Ия, менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамын жағайық!

Бәрі: Бір, екі, үш

Шырша шамы жарқырай түс!

(Шырша шамы жанады, Алақайлап қол соғады)

Сайқымазақ: -Балалар, жарайсыңдар.

Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?

Балалар: -Аяз ата мен Ақшақар

Сайқымазақ: -Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: -Аяз ата Ау-у-у

Ақшақар Ау-у-у

Аю: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Жаңа жылдарыңмен! Менқысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай-шу, тасыр-тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтқандары бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл»- дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Сайқымазақ:-Мәссаған, балалар бұл кім?

Балалар:-Аю

Сайқымазақ: -Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес....

Балалар: -Иә.

(Осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша: -Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

Аю: -Әрең таптым ау, сені қасқыр алып кеткен шығар деп едім.(деп кетіп бара жатады)

Сайқымазақ: -Тоқтаңдар, кетпеңдер, бізбен бірге болыңдар!

Аю: -Жарайды олай болса Маша қызым екеуміз кішкентай Аяз аталар биін тамашалайық.

Би: «Аяз аталар»

Маша: (Көңілсіз) Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі-түсті ойыншықтар

Шыршада көз тартады.

-Бірақ, Аяз ата мен Ақшақар жоқ (жылайды)

Сайқымазақ: -Балалар, ата-аналар Машаны жылатпайық кәне, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла,

Аяз ата, Ақшақар

Біз сіздерді сағындық

Тез келіңдер ортаға

Аяз ата, Ақшақар (3 рет)

(Әуенмен бірге Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Құтты болсын балалар,

Келген Жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді де беріп ем.

Ойларың мен бойларың

Үлкен өсіп қалыпты.

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: -Аяз ата!

Ақшақар: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жал-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Сайқымазақ: Қош келдіңдер, баршаңызда алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Ән: «Аяз ата мен Ақшақар»

Сайқымазақ: Әуеледі әніміз,

Жаңа кірді сәніміз.

Ақшақарды ортаға ап,

Би билейік бәріміз.

Би: «Конфет»

Аяз ата: -Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

(У-У-У аяз, желдің дауысы шығады, жүгіріп үш шошқа кіреді)

Шошқа: - Құтқарыңдар, құтқарыңдар! Күн болса аяз, артымыздан қасқырда қуып келеді. Ал, біздің кішкентай лашығымыз да бұзылып қалды, сендердің дауыстарыңды естіп көмек сұрай келдік. Сендердің қастарыңда болсақ онда жыл бойына сендерге нұрымызды себеміз, жырымызды себеміз.

Аяз ата: -Балалар қалай қарайсыңдар келер жылымызға сәттілік тілеп көмек береміз бе?

Ақшақар: -Ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа демекші- Қош келдің Жаңа жыл! Бізге көп молшылық пен табыс әкелген Ит жылымызда ортада жүрген болар.

Ит жылы: -Балалар мен ескі жыл сіздерді қимай қоштасып Жаңа жылға үлкен үмітпен тапсырғалы тұрмын. Менің жылым да әр шаңыраққа бақыт пен шаттық сыйладым, Елімізге тыныштық, қоғамға елеулі өзгерістеренгізілді. Ең маңыздысы Елбасы өз жолдауында педагог мәртебесін өсіру үшін барлық жағдай жасалуын тапсырды, ол дегеніміз отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақ пен бірлік бала тәрбиесінің мерейін арттыру. Ал, осы бөбекжай жетістіктерін санасақ Республика деңгейінде педогогтардың жүлделі орын алуларыменмақтануға болады. Жаңа жыл менің жоспарлап қойған ынтымақ бірлік, татулықпен сыйластық, бақыт пен қуанышты сен орындайды деген үмітпен осы «Жыл берекесі» белгісін саған аманаттаймын. (Символды табыстайды)

Шошқа: -Рахмет, аманатыңызды орындаймын, олай болса сізде бізбен бірге болыңыз.

Кішкентай торайлардың биін тамашалайық.

Би: «Торайлар»

Ән: « Шыршаға бардық»

(Көңілді әуенмен Сайқымазақтар кіреді)

Ойын: Сыйқырлы сылдырмақ

Шарты: Ата-анамен сайқымазақ қапшықты киіп алып, шыршаны айналып жарысады да сылдырмақты бірінші болып сылдырлатуы керек. Сылдырмақты сылдырлатқан жеңімпазға Аяз ата фонарик сыйлық беру керек.

Ойын:«Қар лақтыру»

Шарты: 5 қар дайындалады. Көп ата-ана айналып тұрады.Музыка ойнағанда қарды бір-біріне беріп айналдырады. Музыка тоқтағанда кімде қар қалады сол ата-ана ортаға шығады. Басқа музыка ойналады соған ата-ана билейді. 5 қайтара қайталанады.

Би: «Сайқымазақтар»

(әуенмен Түлкі кіреді)

Түлкі: -О,о,о мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы.

Сендерден бұрын мен аламын.(Аяз атаға келіп) Хи-хи-хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?

Аяз ата: Иә, айта қой түлкіжан.

Түлкі: Ананыда аламын,

Мынаны да аламын.

Мен түлкімін айлакер,

Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

(қасқыр ырылдап шауып келеді де)

Қасқыр: -Ах, түлкіжан, сен жұттың бәрін алдап, енді атаныда алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлаймын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем Ахо-хо, Охо-хо

(Осы кезде ит шыға келеді. Аф-аф)

Ит: Ей, қасеке, қасеке

Сен де адал емессің

Мен тұрғанда қозы, лақ

Оңайлықпен жемессің

Аю: Бүгін мереке,бүгін той

Жаңа жыл ғой біліп қой.

Ортаны бір көтеріп

Би билеп бір тастайық.

Би: «Флешмоб» (Барлығы)

Сайқымазақ: -Қандай керемет, қандай тамаша. Ән айтылды, би биленді. Ойын ойнап қуандық. Ал, Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіңдер?

Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір... (Жан-жағына қарап сыйлықтарды таба алмайды) –Енді не істесем екен? (басын ұстайды)

Аңдар: Аяз ата қам жемеңіз, біздер саған көмектесеміз.

Аяз ата: Ой жарайсыңдар, ал сыйлықтар келгенше қарап тұрмайық ендеше,ән шырқайық.

Ән: «Маленький елочка»

(Аңдар сыйлықтарды алып келеді)

Аяз ата:

(Барлықтарына сыйлық үлестіріледі)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің де қандай әдемі! Солай емес па қызым? Біздің силықтарымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Аспанымыз ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Балалар: -Сау болыңыз!

Сайқымазақ: Біз тілейміз Жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз Жаңа жылдық бақытты – деп Жаңа жылдық кешімізді

«Жаңа жыл» әнімен аяқтаймыз.











































8 «Сказка» бөбекжайы МКҚК





















Жаңа жыл-2019











Тәрбиеші:А.Б.Тургаева













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі