400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ертеңгілік.Жаңа жылдық көгілдір от

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылды әр елде қарсы алу дәстүрімен бастауыш сынып оқушыларын таныстыру. Ата- аналармен бірлесе өткен іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдық мерекелік көгілдір от


Мақсаты: Оқушыларды әдемілікке, ұжымдыққа, әртістік қабілеттерін дамытуға,танымдық көзқарасын,ой-өрісін кеңейту. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Көңілді музыка: балалар залға кіреді.

1 жүргізуші:

Көгілдір оттың күшімен

Ұлы Алланың ісімен

Жаңа жылды қарсы алайық

Отырған үлкен-кішімен.

2 жүргізуші:

Біздерде ойын-сауық басталады

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отырайық

Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.

1жүргізуші: Хош келдіңіздер! Құрметті Ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Бүгінгі жаңа жыл мерекесі құтты болсын, жаңа жыл жаңа бақыт, жанұяларыңызға бақ- береке әкелсін!

2 жүргізуші: Бүгінгі сіздерге арналған «Көгілдір от» атты ойын-сауық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 Жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік.

Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Жаңа жыл » әнін айтайық.

Мұғалім: Жаңа жыл–ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, біз де Жаңа жылдық сапарға аттанамыз.

Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып, ескі жылдың келмеске кеткенін түсінеміз. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп, бақыт тілейтініміз бар-ды. Сол себептен де, мерекеге тыңғылықты дайындаламыз. Үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз, ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асығамыз.

Ал сіз дәл осы уақытта әлемнің екінші бір бұрышындағы адамдардың мерекені қалай тойлап жатқандығын ойладыңыз ба? Олар әртүрлі өзіне тойлап, әртүрлі уақыттарда мерекелейді.

Мәселен, Парсы Жаңа Жылы 22 наурызға тура келеді. Наурыз аталатын мерекенің 2500 жылдық тарихы мен өзіндік қайталанбас дәстүрлері бар.

Жапонияда Жаңа жыл 1 қаңтарда атап өтіледі. Желтоқсан есік қағысымен қала көшелері жаңа жылдық ойыншықтарға, шыршаларға, Аяз Аталарға толады.

Дегенмен, бәріне ортақ бір нәрсе бар, ол – қуаныш, отбасымен бірге көңіл-көтеруі, түзу ниет, жақсылыққа деген сенім.

Мұғалім: Жалпы, Аяз атаны әр елдің әр түрлі айтатынын білеміз. Мәселен, Ресей мен Белоруссия халқы  Дед Мороз деп атаса, енді біреулері ежелгi атауына орай Дед Трескун, Карачун деп атайды екен.

Ал Америка мен  Австралия елдері мейірімді қарияны Санта Клаус десе, көрші өзбектер  Корбобо деп атайды. Және оның қасында Коргыз деп аталатын кішкене  көмекші қыз еріп жүреді. Сонымен, Аяз ата  жұртшылықты қуанышқа бөлейді.

Орыстарда I Петрге дейін жаңа жыл мерекесі 1 қыркүйек күні тойланып келген.  Тек І Петр келген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған. Яғни 1700 жылдан бастап орыстар жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін енгізіп,  Ресейде жаңаша жыл санау басталған.Осы күні пушкалардан ату, смола жағу, үйлерді  пихта, шырша ағаштарымен безендіру және де ән айтып, би билеу керек екен. Ендеше,біз де жаңа жылдық  биімізді тамашалайық.

БИ: Барлығы

Мұғалім:Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!Музыка

(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)

1 бала:

Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.

2 бала:

Жаңа жыл жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Доңыз жылы

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі

Ақша қар :

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

Аяз ата: -Жаңа жыл жақсы тойланатын сияқты.Себебі әр елдің қонақтары да осында екен.Қонақтардың өнерін тамашалайық!

1-топ: Гүлмира

Польша елінің аяз атасы- Николай . Жаңа жыл қарсаңында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.Польшадағы ең жаңа жылдық дәстүрдің бірі – нан тағамдарын әзірлеу,бұл жақсылықтың нышаны.Дәмді қалаштар бақыт пен сәттілік әкеледі екен.

Ойын-1.Ортаға әр топтан бір бала шақырылады. Әр балаға қалаш беріледі.Тезірек жеп тауысу керек.

Егер кімнің қалашынан жүзік шықса ол бақытты адам болып есептеледі.

2-топ: Айгүл  Германия-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен .

Ойын-2 4 ұл ортаға шығып, бір қатарға тұрып, Жаңа жылға қарсы секіреді.Кім алысырақ секіреді сол жеңімпаз болып саналады.

ӘН:Алима

3-топ: Куба Сәуле Жаңа жыл бұл елде «Патшалар мерекесі» деп аталады. Яғни мерекеде ұйымдастырылатын шаралардың барлығы балаларға арналады. Бұл күні балдырғандар сиқыршы патшалардан сыйлық күтеді. Олар алдын ала өздерінің армандары туралы хат жазады. Ал сиқыршы патшалар осы тілектерді орындайы деп сенеді.

Сондай-ақ бұл күні кубалықтар болашақ жарқын болсын деген ниетпен  үйлеріндегі барлық ыдыстарды суға толтырады. Және сағат 12-ні соққанда 12 жүзім жейді.

Ойын-3 жүзім жеу

4-топ Гүлназ. Француздар: Мәселен, өте сәнқой аяз аталардың бірі — Пер Ноэль. Ол басына француздық әшекейленген әдемі ақ қалпақ киіп жүреді, әдемілікті сүйеді. 

Француздар "Аяз аталарын" Пер Ноэль деп атайды. Ол Жаңа жылда балалардың кебістеріне сыйлықтар салып қояды. Достарын қарсы алады , ақша береді.Бірақ, сыйлық сыйлауға қатысты бірнеше жазылмаған әдеп ережелері бар. Мысалы, әтірді әйелге тек жұбайы ғана сыйлай алады.

Француз Аяз атасы  Пер Ноэль  Жаңа жыл түнінде  балалардың аяқ киімдеріне сыйлықтар қалдырады.

Ойын-4 «Сыйлықтар» ойыны Музыкамен билеу.(гороскоп)

БИ:Қыздар

Ақшақар: Бүгінгі кеш қыза түскен сияқты. Менің тапсырмаларым да дайын.Ата сіз не дейсіз?

Ақшақар: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.Сіздер өздеріңіз Доңыз жылынан не тосып тұрғанын білгілеріңіз келеді ме?Мен сіздерге айта аламын.

/Ата-аналар шыршадан ерекше затты тауып алу/ әуен аяқталғанша іздеу

Кітап-өз мамандығыңыз бойынша біліміңізді көтеріп,үлкен жетістікке жетесіз.

Ақша -2019 жыл сіз үшін табысты болады.

Теңіз– шетелге демалуға барасыз.

Машина– жаңа автокөлік иесі атанасыз.

Кілт-жаңа пәтер сатып аласыз.

Ақшақар: «Шырша» ойыны.Шарты: Мен қойған сұрақтарға « шырша» деп жауап берулеріңіз керек.

1) Шырша ойыны:Қандай сұрақ қойсақ та, сіздер шырша деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз. Сонымен сұраққа көшеміз.

1-топқа: Нешедесің?

Үйің бар ма?

Қаңтар немен аяқталады?

Қыстың ортасында не бар?

2-топқа:Кіретін жыл қандай жыл?

Қыстың көркі не?

Жақсы көретін асың?

Алғаш жауған қар қалай аталады?

3-топқа: Қыста ойналатын ойын?

Атың кім?

Жыл басы?

Тұратын ауылыңның аты?

4-топқа:Досың кім?

Қандай тағам ұнатасың?

Киіміңнің түсі қандай?

Қазақтың жаңа жылы қалай аталады?


Аяз ата: Осымен , жаңа жылды қарсы алдық. Енді біз бір – бірімізге тілек айтпаймыз ба? ӘР ТОП БАСҚА ТОПҚА ТІЛЕК АЙТУ.

Ән: «Қош келдің , Жаңа жыл» әні

Аяз Ата;Балалар,бізді басқа жерлер де тосып отыр.Осылай бірліктерің жарасып, биіктерден көріне беріңіздер.Келесі жылы кездескенше! Менің сыйлығымды қабыл алыңдар!

Ақшақар: Сыйлықтар. Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін! Сау болыңыздар!

Қорытындылау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі