400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік:Келді міне,Жаңа жыл! 3-4 жасқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Тірбиешілерге ,Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қобыланды балабақшасы,

2-кіші топ. КЕНТАУ қаласы,

Тәрбиеші:Байділдаева Ғалия



«Келді міне, Жаңа жыл!»

Мақсаты:Баланың көңіл-күйін көтеру,әнге,биге деген қызығушылықтарын дамыту.бойындағы өнерлерін дамытуға жол ашу.Тіл байлықтарын ұлғайту.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Ертеңгілік басталсын
«Балдырған» тобында!


(музыкамен Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме қонақтар,сәлеметсіздер ме балалар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)


Жүргізуші:-Қыздарымыздың «Сағат» биін тамашалайық.

Би: «Сағат »
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.


Амира: Жаңа жылда балалар, Нұрасыл:Ақ қар жапты даланы,

Тек тқуаныш көріңдер. Ақ жамылды айнала
Ауырмаңдар ешқашан, Жарқыратып шамдарды,
Мықты болу өзіңнен. Шырша келді ортаға.


Адия:Ақ киімді денелі ақ сақалды, Расул:Ақ қырауға малынған

Соқыр мылқау танымас тірі жанды. Сақалы да мұрты да.

Үсті басы ақ қырау түсі суық, Аяз ата сағынған,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. Сәлем берді жұртына.


Айару: Ә.Айзере
Тамаша,тамаша, Әдемілеп біз ілген,

Шыршамыз тұр жараса. Ойыншықтар тізілген.
Басындат әсем жұлдызы, Қандай әсем шыршамыз,
Көз тоймайды қараса. Ән шырқайық бәріміз.


Нұрислам: Жансезім:

Жаңа жылда балалар, Тоғай да баулар да,

Тек қуаныш көріңдер. Ақ күміс жамылды.

Ауырмаңдар ешқашан, Дала да,таулар да,

Мықты болу өзіңнен. Өзіңді сағынды.


Амина А:Аппақ тонға оранып, Келді алыс сапардан,

Базарлықты мол алып. Аяз ата оралып.


Жүргізуші: – Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?

Балалардың жауабы:-Аяз ата!

Күлдіргіш: -Сәлеметсіңдер ме,сәлеметсіңдер ме қонақтар!Мұнда сондай тамаша екен.Мен сендермен жаңа жылды қарсы аламын.Барлығың неткен әдемісіңдер!Менде сендердің өнерлеріңді тамашалайын.


Жүргізуші:(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі – түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
– Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Ән: «Аяз ата»
Бәрі: « Қоңырау үні сыңғырла!»

Жүргізуші:
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 – рет
(әуенмен Аяз ата, ақшақар келеді)


Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.


Балалар: Аяз ата!


Ақшақар кіреді.

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Жаңа жыл: –тышқан- Ақжарқын
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Би: «Аңдар»

Айым:Жасыл желең жамылған, Қарлығаш:Жаңа жылым мол болсын,

Асыл моншақ тағынған. Басқан қадам мол болсын.

Міне сұлу шыршамыз, Төрле төрле жаңа жыл
Көптен күтіп сағынған. Бізге құтты жыл болсын.


Фурхат;Ақша қар,Ақша қар, Ақниет:Тілеймін мен бар ілемге,

Аппақ болып қонасың. Дос көп болсын жаңа жыл

Тоса қалсам қолымды, Ата-әже,әке-шеше,

Алақаныма толасың. Құтты болсын жаңа жыл!


Заңғар:Жылдың әнін бастайын, С.Айнұр:Оралдың өлкеме

Аяз ата кеп қалды. Жаңа-жыл армысың.

Майысады жас қайың, Оранды ақ көрпеге,

Көтере алмай көп қарды. Асқар тау қарлы шың.


Амина: Ә Айша:

Тамаша,тамаша, Аспан жерге төгеді,

Шыршамыз тұр жараса. Ақ күмісін уыстап.

Басында әсем жұлдызы, Жаңа жылда келеді,

Көз тоймайды қараса. Бізге қарап жылыстап.


Айзере З: Айша Гүлбаршын:

Жаңа жылда жаңаша, Аяз ата аппақ,

Тақпақ айтамыз. Кәмпиттері тәтті-ақ.

Болсын риза балаша, Маған кәмпит көп берсең,

Аппақ аяз атамыз. Тағы айтамын тақпақ.

Ән: «Аққала»

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Би:«Ұлпақарлар»


Жүргізуші:
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен

Би:«Аяз ата»


Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші:- Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.


Қабан–ескі жыл -Саян
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

-Балалар,келе жатқан жаңа жыл -тышқан жылы.Құтты болсын!Тышқан жылы келе ғой.Саған жаңа жылды тапсырайын.Жаңа жылда еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!

Тышқан: – Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі:- Қош, қош, Ескі жыл!

Ахмедияр: А.Айша:

Аяз ата келіп тұр, Жаңа жылға сәніміз,

Бізге сәлем беріп тұр. Біздің айтар әніміз.

Сақалының ұзыны-ай, Келдің бе аман алыстан,

Кесіп алса шіркін ай. Сәлем аяз атадан.


Айнұр: Әлихан:
Оралдың өлкеме, Далада қар борайды,
Жаңа жыл армысың. Ақ мамыққа орайды.
Оранды ақ көрпеге, Мұз болады қатады,
Асқартау, қарлы шың. Жылтырап жатады.


Аңсар: Алинұр:

Шыршаға бардық, Келді міне жаңа жыл,

Әсем ән салдық. Қарсы алайық бәріміз.

Аяз атадан Күліп-ойнап би билеп,

Сыйлықтар алдық. Ән салайық бәріміз.


Жанел: Элнура:

Тамаша сый алып Жасыл желек жамылған,

Келді аяз атамыз. Асыл моншақ тағынған.

Шаттанып қуанып, Міне сұлу шыршамыз,

Шырқап ән айтамыз. Көптен күтіп сағынған.

Ахмет: Нұрәділ:

Келіңдер,келіңдер, Сақалы аппақ күмістей,

Тақпақ айтып беріңдер. Тістері аппақ күріштей.

Жомарт аяз атадан, Қызыл ала шапаны.

Сыйлық алып көріңдер. Сағындым аяз атаны.

Би: «Паравоз»
Би: «Флешмоб»

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділі

– Аяз ата Ақшақар сіздер біздерді балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой – буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз – Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Келді міне, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
8114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі