400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ертеңгілік:«Күн дидарлы Қазақстан!»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахнада өнерлерін көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға кіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 
Жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.



Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. 
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі, 
Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                           
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
       Ақылбек: Отан- жерім, Отан- суым,
                      Отан  қуат, нәр береді.
                          Отан- ұран, Отан- туым,
                         Отан мәңгі гүлденеді!

Айжамал Тәуелсіздік мақтанашым,

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған.
         
Алижан: Қуат  алған  өзінен,
                          Туған елдің  ұлымын.
                          Бақытты  етіп  өсірген,
                          Отанымның  гүлімін.

Айша Тәуелсіздік ел мұраты,

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.
 Ән «Қасиетті домбыра»орындайтын Әлібек Кәусар.    

Айлана Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Нұрдәулет; Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

Еркеннұр Қазақстан менің Отаным,

Атыңды әнге қосамын.

Шарықтап өсіп,дами бер,

Біліміммен үлес қосамын.

Жақай Бақдәулет «Туған жер» М.Мақатаев.

Би «Айгөлек» орындайтындар Қасым Е. Галлямова А. Дүзбай М.
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы. 
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
            Санжар: Елтаңбасы  елімнің,
                            Неткен  әйбат, әдемі!
                            Тұнығындай  көңілдің,
                            Ортада- аспан  әлемі.
              Арнұр: Анаң- күнің, жүрегің,
                             Әкең – өмір тірегің. 
                             Сен- бақытты  ұлансың,
                             Бәрі  саған  қуансын!
               Ислам: Көк  аспандай  көкпеңбек,
                             Қазақстан жалауы.
                             Көк  емес  ол тектен-тек,
                             Елдің ашық қабағы.

Алтай Әбілмансұр «Отан» М .Мақатаев.

Ән «Нұр Отан»орындайтын Ертай Іңкәр.

–Ал, енді балалар, тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).

        Ақназар: Тәуелсіздік  жолында,
                             Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.
            Даниэль: Аспанымдай мөлдірмін,
                             Жайлауымдай  жазықпын.
                             Өзенімдей  өршілмін,
                             Гүлдерімдей  нәзікпін.

Би «Қазақ биі» орындайтындар Оразбай А. Ілес А. Сағымбек А. Манарбек Е. Тойлыбай А.


           

Жаннұр: Ақ  ниеті- алтын күн
                            Асқақ арман – қыраны.
                            Жалауы бұл- халқымның,
                             Мәртебесі, мақтаны.
Дидар: Қадамың бар баспаған,
                            Асуың  бар  аспаған.
                            Халқым  жетсін  мұратқа,
                             Ей, бас  қала- АСТАНА!

Ақниет Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын,

Көк байрағым тұғырда желбіресін.

Жер жаханға жайылсын елдігіміз,

Арқасы бұл Нұрсұлтандый атамыздың.

Қуанышбек Алдияр «Үш бақытым» М.Мақатаев.

Хор «Атамекен»

Құттықтау сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары- Ауғанбева Жазира әпкейге құттықтау сөз кезегін берейік.

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар мекепалды даярлық тобының дайындаған«Күн дидарлы Қазақстан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі