400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік.Қайрат оқулары аясында "Ұшқыр ақынның өргелең өрістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды кітап оқуға құмарлығын арттыру,олардың сөздік қорының молаюы,ой-өрісінің дамуы.Жас ұрпақты ата-анасын сыйлауға ,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұшқыр ақынның өргелең өрістері

Мақсаты:Оқушыларды кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорының молаюы, ой өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы және ақынның кейбір өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты ата – анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Кітаптары, суреттері.

Кітапханашы: Құрметті оқушылар! Бүгін бізде танымал ақын, жерлесіміз, балалар әдебиетінің майталманы Қайрат Жұмағалиевтің туылған күніне орай Қайрат оқулары аясында ұйымдастырылып отырған « Перзент үні » облыстық балалар акциясы мақсатында өтеді.

Бүгінгі ертеңгілігімізде Қайрат Жұмағалиевтің өмірбаянымен танысып, өлеңдерін жатқа айтып, мәнерлеп оқимыз.

Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте қазіргі Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм елді мекенінің Бесқұдық деген жерінде дүниеге келді. Жастайынан қиындық көрген ақын 1952 жылы Орда ауданы таратылып, жері полигонға берілген кезде анасы Жаңылғаныммен бірге Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Талай өткелектен өткенімен, әйтеуір тірі қалған ақын 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітіргеннен кейін « Жазушы » баспасында еңбек етіп, бас редактордың орынбасарлығына дейін көтерілді.Көптеген туындыларды ана тіліне аударумен бірге өзінің де шығармалары шетел тілдерінде басылып шықты.

2009 жылы туған жері Батыс Қазақстан облысына оралып, Орал қаласында тұрған ақын соңғы кезде сырқаттанып жүрген еді. Атамекеніне шалқар сағыныш, асқақ арман құшағында келген ақын « Жайық Пресс » ЖШС-да бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет етті.Еліне оралған қуаныш үстінде тың туындылар жазып, « Жарық дүние » атты өлеңдер кітабын шығарды.Ақын шығармашылығы «Ақырғы матч», « Беймаза бақыт», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы.

Ал енді «4 Б» сынып оқушыларының дайындалып келген олеңдерін тыңдайық:

1оқушы. Тұрмағамбет Назерке

Кім ойлап тапқан?

Ең аяулы сөздерді

Жақсы көріп

Жаттадым.

Енді білдім,

Оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

Ана деген сөзді де,

Аға деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Көке деген сөзді де

Тәте деген сөзді де

Ата деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

Ойлап тапқан балалар!

Күнім, Жаным дегенді

Құлыншағым дегенді

Ботақаным дегенді

Қошақаным дегенді

Айналайын дегенді

Толған айым дегенді

Ойлап тапқан аналар!

Ойлап тапқан аналар!

Мұны біле бермейді

Бізде кейбір балалар.

2 оқушы. Малқайдар Кәусар:

Бәйтерек

Өтті – кетті азап күн,

Жетті бізге азат күн.

Аспанымда тіреп тұр

Бәйтерегі қазақтың.

Нағыз бақыт осы да,

Көңілімнің хошы да.

Ұя салған бақ құсы,

Бәйтеректің басына.

3 оқушы. Қуаныш Нұрәли:

Адам болдым мен енді!

Үш «бес» алдым!

Шаттандым!

Келді дереу мақтанғым!

Үйге қарай дедектеп,

Жортып келе жатқаным...

Кенет тоқтай қалғаным!

Көріп... естен танғаным...

Жол үстінде –

Нан жатыр!

Лезде барып алғаным!

«Кім бұл нанды қорлаған?!

Барып тұрған оңбаған!

Берер едім сазайын

Жолықса ғой ол маған!»

Деп кіжіндім ішімнен,

Шықпаса да тісімнен.

Көкем қарсы жолығып:

«Нан қадірін түсінген

Азаматсың – сен, - деді,

-Ақылың мол – кең деді,

-Адам болып қалыпсың,

Бақыттымын – мен!» - деді.

4 оқушы. Қазихан Мейрамбек:

Тоқтар аға сыр шертті

Төбең көкпен таласа

Ғарыштан бір қарасаң –

Балқаш көлі бағдарды

Белгілеуге тамаша!

Алсаң болды бір қарап,

Жүрек толқып жырламақ!

Балқаш көлі әрқашан

Тұрады мен мұндалап!

Ұлы ұшқан кекзінде

Көкке қарап, көз ілмей,

Көп қадалған даламның

Балқаш – Қиық көзіндей!

5 оқушы. Серік Шұғыла

Қуыршақ

Ән салатын тынымсыз,

Отыр енді түк үнсіз...

Туған күні неліктен

Айша бүгін көңілсіз?

Қоятындай көрмеге

Тұр тізіліп бөлмеде

Қуыршағы самсаған

Ал көңілсіз ол неге?

6 оқушы. Сарсетова Аружан:

Жеті ұды бар бір үйдің

Сәл демалып,

Тыным ал,

Тақпақ тыңдап,

Ұғып ал.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі – Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Жұма деген – бесінші ұл.

Алтыншы ұл ол – Сенбі,

Жетіншісі – Жексенбі.

Алты аға дем алмастан,

Сабағынан қалмастан,

Алты тәулік оқиды,

Зердесіне тоқиды.

Жетінші күн тынығып,

Ойнар олар шынығып.

Еркелетер інісін,

Алғаның жөн мұны ұғып.

Кітапханашы: Жарайсыңдар балалар! Енді сіздерді көрмемен таныстырып өтейін. ( тақтаға назар аударамыз)

Балалар сұрақтарын қойды.

Қорытынды:Осындай өлең жолдарымен жас ұрпаққа ақын өмірін талдай отырып, қиыншылықпен жеткен жетістіктерін, еңбектерін, шығармаларын үлгі ету.

«Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды,

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды» - деп ғұмыр бойы анасын құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен ақынның кейбір өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты ата – анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.





















































Хаттама

2019 жылдың қыркүйек айының 20 күні «Ұшқыр ақынның өргелең өрістері» атты ертеңгілігіміз облыс көлемінде өтті.

Өткізілген уақыты: 11 : 00

Қатысқандар: « 4 Б» сынып оқушылары, кітапханашы А. Сакпаева.

Ертеңгіліктің мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорының молаюы, ой өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы және ақынның кейбір өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты ата – анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көрме,суреттері.

Өтілу барысы: Шара барысында 4 сынып оқушылары Қайрат Жұмағалиевтің өлеңдерін жатқа айтып, мәнерлеп оқыды.Сұрақтар қойып, жауап алды.Көрмемен танысты.















Кітапханашы: А.К. Сакпаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.10.2020
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі