Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ертеңгілік:Қош бол балабақша!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1
балаМансұр:
Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе
үйрендік.
Шығарып сап
мектепке
Құттықтауға біз
келдік
2
балаАяна: Амал
қанша бұл анық,
Қоштасатын кез
келді,
Ойыншықтар
мұңайып
Іздейді-ау енді
сендерді.
3
балаАйымнұр
: Өздеріңді
олар да,
Сағынады
біліңдер
Бізбен бірге
ойнауға,
Келіп-кетіп
жүріңдер
4
балаЖаннұр:
Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге
аламыз.
Ұмытпас деп
ұясын,
«Достық» әнін
саламыз.
Ән: «Балабақша
багында»
Даярлық топтың баласы
кішкентай балалардың жанына
келіп:
Бірге ойнап, бір
жүрген
Күндеріңді
қимаймыз
Естелік болсын
біздерден
Ойыншықтар
сыйлаймыз
-деп, сыйлықтарын береді. Сәбилер
ризашылықтарын білдіріп, залдан шығып
кетеді.
Жүргізуші:
Бала деген –қуанышың ырысың
Сәбилеріміз көрген күнің құт болсын,
Ұрпағыңмен мәңгі өлмейсің тірісің
Балам - сәнді тіршілігім, тынысым.
Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы түр. Бойларындағы бар өнерлерін ортаға салды. Балабақша түлектерінің қадамына гүл бітсін деген игі тілекпен алғыс хаттар тапсыруға рұқсат етіңіздер! Әкімшілікке сөз беріледі.
Балалар далаға шығып шарларын ұшырады.
"Армандарымыз орындалсын" - сүйікті балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Мерекеге сай әсем безендірілген
залға екі бала кіріп, қоңырау
соғады. |
"Балабақшамен қоштасу" ертеңгілігі Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады. 1 тәрбиеші:Бесіктегі баланың Күлгенің көрген бір мұрат Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген бір мұрат. 2 тәрбиеші:Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда Қол соғып,қошеметтеп шақырайық Балдырған бүлдіршін түлектерді. 1.Жанайдар Әсем-Сатпек Нұрлыбек 2.Мұхтаров Асанәлі-Тажгулова Ясмин 3.Расул Мансур-Бекжан Жанель 4.Серікжан Серікболсын-Шүлімбекова Аягөз 5.Байгужин Мирас-Асылбекова Мадина 6.Мұқанов Әмір-Қинаятова Инабат 7.Қапаров Мансур-Молдағали Хаят 8.Дулатов Талғат-Жаңбыр Дильназ 9.Баттал Жайна-Олжабай Амира Аягөз:Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Қоштасатын кешімізді бастайық Жүздерінен көркем шаттық арайлы, Болсын солай әрбір күнің,әр айың. Жанель:Қуанышымыз біздің мол Мектепке біз тарттық жол! Ұмытпаймыз өзіңді, Балабақшам қош сау-бол! 1 тәрбиеші:Мектеп ана шақырады бізді алдан Алдымызда талай сан арман, Қоштассақ та балабақшам сенімен Санамызда өзін берген өнегең-дей отырып балалардың орындауында Ән:«Қоштасу» 2 тәрбиеші:Қоштасып мен бүгін балалықпен, Қоштасамын сиқырлы балабақпен Танысып мектеп деген әлемменен Достасамын біліммен,даналықпен. 1 тәрбиеші:Балалар қараңдаршы сендерге білім ханшайымы көп сыйлықтар беріп жіберіпті. Ең бастысы «Ертегілер» атты кітапты сыйлапты. Музыка әуені ойналады. Ханшайым кіреді. Ханшайым: Мен бәрібір мектепке барамын. Мына алтын керек жоқ маған, мен оқығым келеді. 2 тәрбиеші:Ханшайым сен бізге қайдан келдің? Ханшайым:Ертегілер әлемінен. 1 тәрбиеші:Сен кіммен келдің? Ханшайым:Ханмен Хан кіреді. Хан:Мектепте білім алу қиын жұмыс. 1 тәрбиеші:Хан тақсыр мектепте бәрін үйретеді. 2 тәрбиеші:Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын. Ал, сіз балалардың жауабын тыңдаңыз. Жұмбақтар: 1.Төрт баланың неше қолы бар? 2.Көгалда 7 қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды? 3.Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған? 4.2 аюдың неше аяғы бар? 5.8 қоянның құлағы нешеу? 1 тәрбиеші:Хан тақсыр көрдіңіз бе?біздің балалар қандай ақылды. Хан:Сонда менің қызым қазынамдағы ақшамды санай алады ғой? 2 тәрбиеші:Әрине. Хан: Балалар айтыңдаршы менде 10 қап алтын бар қызымда 10 қап алтын бар.Сонда барлығы қанша қап алтын болады? Хан:Тамаша, бәрекелді осылай менің қызым қазынамды санап отырса, онда қандай керемет болады еді! 1 тәрбиеші: Сонымен қызыңды мектепке беретін болдыңыз ба? Хан: Иә,әрине берем. 2 тәрбиеші: Балалар сендер мектепке барғанды қандай баға алуларың керек? Ендеше біз сіздермен 5-тік ойының ойнайық. 1 тәрбиеші:Қызық күндер өткіздік, Балабақша бағында Көп оқыдық,көп білдік Ел мен Отан жайында-дей тұрып, ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырымыз. Ясмин:Бақшадағы күндерді Есімізде сақтаймыз. Тәрбиеші еңбегін Есімізде сақтаймыз Бақшамызды ұмытпай, Келіп-кетіп тұрайық. Сондай кезде апайлар, Қалады ғой қуанып. Нұрлыбек:Ана тілін ардақтап, Ата салтын біз көрдік. Сурет салып,ән жаттап Оқып жазып үйрендік. Сүйген өз қыз,өз ұлын Бөбегім деп аянбай Балабақшам өз үйім, Апай болды анамдай. Аягөз:Мен енді үлкен боламын Апаның тілін аламын, Әжемнің барлық айтқанын Миыма құйып аламын. Әкелген гүлді сый көріп, Қолыма алдым ермек қып Оқуда жүрген ағама. Хат жазам,әріп үйреніп. 2 тәрбиеші.Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі Әсем бимен түрлі өнер, Бүгінгі күн сіздерге арналады-дей отырып, кішкентай бүлдіршіндерді шақырайық. 1 тәрбиеші:Көктем жаздың кереметі көп екен, Көбелектер әсем гүлдің сәні екен Шақырайық олай болса дәл қазір, Биші топты,Нұрлыбекті ортаға. Ән: «Қасиетті домбыра» 2 тәрбиеші:Бақша біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз Ұлағатты ұстаздан, Оқып білім аламыз. Тақпақтармен жалғастырамыз. Әсем:Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын табамыз. Бақшамызбен қоштасып, Біз мектепке барамыз. Үлкендердей тап-таза, Жазамыз бормен тақтаға Үлгілі бала боламыз Жүретіндей мақтана. Серікболсын:Біз балауса баламыз, Жетелеп ой санамыз. Бақшамызбен қоштасып Мектепке енді барамыз. Қош бол балабақшамыз, Қимай кетіп барамыз. Бал күндерді қиялдап Сағынармыз әлі біз. Дильназ:Құшағында жарқылдап, Өтті сәби күндерім, Би биледім,ән тыңдап Алаңдауды білмедім. Гүлге толып жан-жағым Асыр салып жүгірдім. Өсті талап талғамым, Көп нәрсені ұғындым. 1 тәрбиеші: Балалар біз екінші сыйлығымызды ашып көрейікші.(Соска сылдырмақ). Ендеше балалардың сәби күніне шолу жасайық.(Слайд көрсету) 2 тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын, Үміт сенім ақталсын Ұмытылмай балбақша, Көңілде мәңгі сақталсын. Ән: «Балғанбыз,балдаймыз» 1 тәрбиеші: Балалар 3-ші сыйлығымызды ашуға кезек жетті. Ашып көрейікші. (Ойыншықтарды атау). Сайықымазақты тірілтейік. Ол үшін сиқырлы сөздерді айтайықшы. Қуырмаш,қуырмаш Жаутаңдаған көзіңді аш! Сайқымазақ кіреді. Амандасады. Сайқымазақ: Эй-эй сәлеметсіңдер ме? Мен көңілді сайқымазақ Қуырмашпын. Сендер сиқырлы сөз айтқасын мен де ұйқымнан оянып кеттім. Кәне менімен ойнағыларың келе ме? Ойын:«Дене мүшелерімен билеу» Сайқымазақ:Ал енді нағыз сайқымазақ биін қарсы алайық. Би:«Сайқымазақ» 2 тәрбиеші:Өткізіп қызық күндерді Мектепке кетіп барады. Тақпақ айтып тамсанып, Қимай кетіп барады. Тақпақтар Амира:Сен үйреттің сөйлеуді Сенде ойым есейді, Мектепке барам мен енді Балабақшам қош енді. Жеті жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Қуантап ата-ананы Мектепке кетіп барамыз. Мадина:Сыңғыр,сыңғыр қоңырау Қоңыраудың шақырған Тәтті әуені ән думан, Білім алған бақшадан. Біз көңілді балдырған. Шақырады мектепке Сыңғырлаған әсем ән. 1 тәрбиеші:Мектеп деген білім кені,жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиенің ұшқыны Мектеп деген даналардың мекені. Олай болса келесі сыйлықты ашып көрейікші (Портфель шығады). Балалар мектепке барғанда көп нәрсені үйренесіңдер. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тыйым сөздер, жұмбақтар шешіп үйренесіңдер. Олай болса жұмбақ шешейік. 1.Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. 2.Сурет сала бастасаң, Досың сенің бауырлас 3.Жазу үшін не қажет? 2 тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. 1.Мектепке біз барамыз ба? 2.Кілең 5-тік аламыз ба? 3.Айтқан тілді аламыз ба? 4.Ақылды бала боламыз ба? 5.Нан жейміз деп жылаймыз ба? 6.Ертеңгісін тұрамыз ба? 7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? 8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 9.2 алғанда жылаймыз ба? 10.Оқушы біз боламыз ба? 1 тәрбиеші: Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. 1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе? 2.Сабақ оқып,еспке сіз жүйріксіз бе? 3.Тамағын уақыттылы бересіз бе? 4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе? 5.Сериал көріп жатасыз ба? 6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба? 7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба? 8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 10.Бала үшін асулардан асасыз ба? 2 тәрбиеші:Біздер үшін еңбек еткен шаршамай Баршаңызға рахмет айтар балалар, Балабақша көркі болсын әрқашан Кейінгі бүлдіршін балалар. Тақпақтар Жанель:Орын берген бақшадан, Меңгеруші-жақсы адам Сондықтан да біз үшін, Артық өзі басқадан Жеткіземіз біз ертен, Болашаққа даңқынды Меңгеруші апайым Светлана Мырзабайқызына Бар баланың алғысы. Ясмин:Жақсылыққа құштармыз, Жақсы адам боп шығармыз Қабылданыз мың алғыс. Әдіскер Гүлмира Сайлаубекқызы тәтеміз. Инабат:Үйретіп өнеге тәртіпті Тәрбие береді жақсы адам Ертеңгі оқушы өседі, Бүгінгі балабақшадан. Жайраңдап күлімдеп тұрады, Апайлар әрқашан көңілді. Бақшамыз білімнің бұлағы, Білімді Сандуғаш тәтемізбар мұнда. Жайна:Әрқашан өзі тынбайтын Мейірлене қарайтын Жарқын жүзді жақсы адам, Біздің Қаракөз тәтеміз. Біздің сәби жүректен Сізге де көп алғыс айтамыз. Мирас:Көрсе егер баланы Мейірлене күледі, Сондықтан Жания тәтені Балалар жақсы көреді. Р.Мансур:Әріптерді үйреткен Әр жүрекке гүл еккен, Рахмет логопед,Бахыт тәтеге Сәбилік біздің жүректен. Хаят:Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып,билеткен, Таныстырған ең алғаш Әріптермен,суретпен Тәрбиеші тәтеміз, Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам боп шығармыз. Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс. Тәрбиеші тәтеміз. Талғат:Тамылжытып ән салдыртып үйреткен, Жүгіріп,жүріп талай билер үйреткен Жұлдыз апай, сізге алғыс айтамыз Мың қайтара сәби бала жүректен. Қ.Мансур:Шынығамыз, ойнаймыз Бір сәт барсақ тынбаймыз Өйткені Бақыт тәтеміз, Сабақты қызықты өткізді Сізге де біз айтамыз, Шын жүректен мың алғыс! Әмір:Есеп-қисап жүргізетін, Бақшаға кіріс кіргізетін Есепші Орынтай тәтеге Айтамыз мың алғыс! Асанәлі:Тәтті тамақ пісірген, Айран,сүтті ішкізген Аспазшы апай сізге де, Айтамыз біздер мың алғыс. 1тәрбиеші:Қуаныш бүгін біздерде апайлар, Боламыз енді біз сыныптастар Күтеді бізді ұлы жол, Шаттыққа толы армандар. Ән: «Тәрбиеші апайға» 1 тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын Үміт сенім ақталсын Ұмытылмай балабақша вальсі, Көңілде мәңгі сақталсын-балалардың орындауында вальс. 2 тәрбиеші:Сөзіме құлақ салыңыз, Бір серпіліп қалыңыз Қоштасуға арналған, Әнімізді қабыл алыңыз. Ән:«Қоштасу» 1 тәрбиеші:Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. Білімдерін ары қарай дамытатын Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! 2 тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгіліг өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар. |
Гакку апай:-Балаларбізмектепке не үшінбарамыз?
Дильназ: -оқып білім алу үшін
Айғаным: -еліме еңбек ету үшін
Маржан: Білімді азамат болу үшін
Мәрлен: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып, есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Балабақшамен қоштасу( Қош бол балабақша!) |
.
Гүлшат: Ақдидар: Гүлшат: Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып
өтсек. Гүлшат: Нұрлыхан: Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
Балалар шармен кіріп би билейді.
Балаларды таныстыру
1 — бала: Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
2 — бала: Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.
2 — жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты ата — аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл — ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Бірге: Құтты болсын тойларың.
Құттықтау сөзін «Балбобек» балабақшасының меңгерушісіне беріледі.
Ата — аналардың құттықтау сөзі.
Тәрбиешілердің құттықтау сөзі.
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңдар!