Материалдар / Ертеңгіліқ ,, Қысқы қызық,,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгіліқ ,, Қысқы қызық,,

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ормандағы ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚЫЗЫҚ»


Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Вход би «Жаңа жыл!

Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ата-аналар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінг «БАЛАПАН» тобының жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

ТАҚПАҚТАР

Жүргізуші: - Келесі кезекте балаларымыздың жана жыл мерекесіне арналған «Шырша» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Шырша»

Залға музыкамен Ақшақар келеді

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіндірер маңайды, Ақшақармын арайлы. Жалт-жұлт еткен жүзімнен, күміс сәуле тарайды. Менсіз қыстың сәні жоқ, әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Ақшақар! Сенің келгеніне біз қуаныштымыз! Бірақ сен неге жалғыз келдің Аяз ата қайда?

Ақшақар: Балалар, сендер білесіңдер ме, Аяз атаны түлкі өзінің ормандағы үйіне жасырып отыр! Ал сиқырлы таяғян, тығып қойды. Сендер маған көмектесесіңдер ме аяз атаны құтқаруға?

Балалар: Иә көмектесеміз!

Жүргізуші: Олай болса, балалар жолға шығайық орманға!

МУЗЫКАЛЫҚ ОЙЫН «ҚЫСҚЫ САЯХАТ!»

музыкамен Аю кіреді


 қарандаршы, қандай таяқ мен тауып алдым, менің ойымша бұл сиқырлы таяқ!

Егер бұл сиқырлы таяқ болса, онда өзімізге көп бал мен қазына сиқырлап аламыз?

Ақшақар: Қымбатты Аю! Бұл аяз атаның таяғы! Одан да таяқты бізге беріңіз, Аяз атаны құтқаруды көмектесіңіз! Әйтпесе жаңа жыл Аяз атасыз болмайды, балалар сыйлықтарын алалмайды.


Ақшақар:  балалар, кәне Аюға жаңа жыл туралы тақпақтарымызды, және Аяз ата туралы әнімізді айтып берейік!

ТАҚПАҚТАР

би "Аюлар " ұлдар
ӘН «Аяз ата»

Аю: Тақпақта мен әндерін жақсы екен, маған ұнады!

Олай болса, мына сиқырлы таяқты берейін балаларға, Аяз -атаны құтқарамыз!

Таяқты Ақшақарға береді

Ақшақар: таяқты жерге ұрып-сиқырлайды. Енді аяз атаны босаттық.

балалар Аяз ата деп шақырады


аяз ата кіреді

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!

Жург. Сәлеметсің бе Аяз ата!  Біз сізді сені іздедік.

Жург.  Сізді түлкі жасырып қойған еді. Ал біз балалармен сізді құтқарып алдық! Және сіздің сиқырлы таяғыңызда тауып алдық!

Аяз ата: Рахмет сендерге балалар! Мені құтқарып алғандарына! Ал мен ойлап жүрмін неге сендерді табалмай жүрмін? Сөйтсем бұл түлкі кінәлі екен. Жарайды, балалар мен сендермен біргемін, олай болса Жаңа жылды тойлайық! Шыршанын шамын жағайық! Шеңберге тұрайық!

Барлығы: Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу)
Ән: «Жаңа жыл»

би : қыздар
Аяз Ата:
Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын «Қар жинау»

Ақшақар: АязАта, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.

АЯЗ АТАҒА ТАҚПАҚТАР

Жүрг: Аяз Ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, балалардың сыйлықтары қайда?
Аяз Ата: А, сыйлық па? Сыйлық бар, қазір табамыз (шыршаның астынан кішкентай ойыншық айдахар алып шығады) Міне, сыйлық сендерге. Келе жатқан айдахар  жылы ғой.
Жүрг: Жоқ, ондай емес. Ол тым кішкентай ғой. Бізге үлкен айдахар келіп сыйлық берсін.
Аяз Ата: Жарайды, таяғыммен сиқырлайын. Үлкен айдахар кіріп, балаларға сыйлық әкелсін! Бір, екі, үш!
Залға үлкен Айдахар кіреді. Қоржынында сыйлықтар болады.

Айдахар:

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Балаларға сыйлықтар таратылады. Соңы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!