400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ертенгілік " Ғажайыпқа толы Жаңа -жыл! "

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 26.12.2019

Мақсаты:

Біліктілік:Балларға жаңа жыл мерекесі туралы тусінік беру. Өлең тақпақтарын айта білуге үйрету.

Дамытушылық :Балалардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балларды бір-бірін деген достық сезімге тәрбиелеу.



Зал әдемі безендірілген. Әдемі әуен жүріп тұрады көрсетіледі. Жарық сөндірулі

Осы кезде Ақшақар үйінде шыршасын безендіріп жүреді .

Қоян: (Кішкентай қоян жүгіріп ) Ақшақар бізге қонақтар келеді.

Ақшақар: Қоян тездетейік Бізге қонақтар келеді қане қарсы алайық. Шыршамыздың шамдарын жарқыратып қонақтарды әдемі әуенмен қарсы алайық.

(Әдемі жаңа жылдық әуен естіліп Шанамен балалар залға келеді) (Қолдарында жұлдыздары бар.) Хотпен жылан тәрізді айналып кіріп отаға қимыл жасап орындарына жайғасады.)

Ақшақар: Салеметсіңдерме? Кішкентай менің балаларым. Біздің қаламызға шош келдіңдер.

Тәрбиеші: Салеметсізбе? Ақшақар. Біздің балалар жаңа жылды өздері сіздермен қарсы аламыз деп қонаққа келіп қалдық келіп қалдық.

Ақшақар: Дұрыс жасаған екенсіздер . Бізді бір қуантып тастадыңыздар .Аяз аталарың жаңа жылда балаларға сыйлықтар таратуға шығып кеткен қазір келіп қалар.

Тәрбиеші: Ендеше баллар Аязата келгенше Ақшақарға жаңа жылдық тақпақтарымызбен әндерімізді айтып берейік.



(ӘН Орысша )



Тақпақ:

Раяна .Ақтілек, Т Айша

Гүлім:Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Айша Е Армысыздар балалар,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

Ислам: Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Самир: Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.


Нұрсат : Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен

Аянат:Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Алия:Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.

Айгерім: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Іңкәр: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп


Сағима: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.


(Осы кезде. ( Ысқырық даус естіледі) Клоун самокатпен айдап вазду шар байланған күліп қызықты бимен келеді.) шыр айнауып келеді

Сайқымазақ: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймыз сіздерді

Оооо Салеметсіңдерме балалар. Эты же яяяя сыйқырлы қызықты Сайқымазақ.

Мені неге шақырмадыңдар. Менсіз жаңа жыл өтпейді. Мен қай жерде мереке сол жерде жүретін сайқымазақ емеспінбе менсіз қалай жаңа жыл өткізбексіңдер.

Тәрбиеші: Салеметсіңбе сайқымазақ бізде сен секілді жаңа жылды төйлауға келіп қалдық сенде қош келдің төрлет.

Сайқымазақ: Мен осы жолы өзім келген жоқпын. Өзіммент бірге кішкентай сайқымазақтарымды да ала келдім. Қане кішкентай сайқымазақтарым ортаға келіңдер.

(Би Сайқымазақтар)( Аңсар , Қ Арсен, Нұрхан , Амир М, Сер Сұлтан , Ж Сұлтан, Өмірсерік)

Ақшақар : Сайқымазақ өте жақсы әдемі кішкентай қайқымазақтарыңмен біздің ортамызды көтеріп жатырсың. Енді бір шегімізді қатырып бір ойын ойнап жіберсен тіпті жақсы болар еді.

Сайқымазақ: Дұрыс айтасың мен қызықты ойындарды жақсы көремін . Мен сендерге қазір өзіммің қимылыммен жануарларды не месе заттарды көрсетемін қане кім байқампаз екенін байқайын. Өте жақсы балалр .

(Ойын мимика) Менің мына сыйқырлы қорапшамда қандай ойын бар екен қазір қарап жіберейін. Сийқырлы қорапшам бізге өзіннің қызықты ойынынды көрсет. енді мен сендерге кім шамшаң кім мықты екенін мына ойыннан байқайын. Екі бала ортаға шығады 4 бала осы балалрдың артындағы сукеге қарды лақтыру арқылы ішіне салу керек.

(Ойын Қар сал)

Сайқымазақ: Балалр ойын ұнадыма? Ендеше мен кетейін басқа да балалрдың көңілін көтеріп жана жылдарымен құттықтайын. Сау болыңдар балалар тағыда кездескенше аман есен болайқ.

Тәрбиеші: Балалар аяз атамыз көрінбейме. Қане бәріміз дауыстап Аяз атамызды шақырайықшы А яз ата, А яз ата, Аяз ата

Ақшақар: Ой балалар қараңдаршы бізге кім келіп қалғандарын. Кішкентай қояндар келіп қаліпті .

Тәрбиеші: Қояндар бізге Ақ қоян деген әнімен келіпті

(Ән Ақ қоян)

Тәрбиеші: Ақшақар атамыз естімей жатрған секілді.

Ақшақар: Балалар қане таға даустап аяз атамызды шақырайық. Аяз ата Аяз ата Аяз ата

(Аяз ата келеді)

Аяз Ата: Армысыңдар бармысыңдар . Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын. Бідің ауылымызға қош келдіңдер. Мені көп күтіп қалдыңдарма ? Алыс жолдан келдім. Сендер секілді балалрдың тақпақтарын тыңдап, билерін тамашалап келе жатырмын. Сендер маған қандай өнерлерің дайындап келдіңдеп.

Тәрбиеші: Салеметсізбе Ата отырыңыз алыстан келдіңіз. Біздің балалрдың дайындаған тақпақтары мен өлеңдерін тамашалағыз Аяз атаның қапшығы өте аур екен сиылықтары да көп секілді.. Ендеше ортаға шығып тақпақтар айтып берейік. Кім тақпақ айтады?

Аяз ата: Дұрыс айтасың мен отырайын демалайын, Енді балалардың тақпақтарымен билерін тамашалайын.

Тақпақтар:

Аңсар:

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

Ақылбек:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!

С Сұлтан: Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ж Сұлтан: Боран.

Нұрхан: . Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Қ Арсен:

Қорықпаймыз аяздан
Шымшыса да бетімді
Аппақ қарды кешеміз
Киіп алып етікті

М Арсен:

Шанамызға мінеміз,
Мәз - мейрам боп күлеміз
Жарысамыз бәріміз
Жарасып тұр сәніміз


М Әмір: Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз

Дәулет : Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата - әже, әке - ана.
Құтты болсын Жаңа жыл
Ж Амир:

Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.


Омар: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

( Жүгіріп тышқан қашып , мысық қуып жүгіріп шыршаны айшалып жүреді)

Мысық: Тышқан тоқта дедімго, тоқта мен бірінші айтамын.

Тышқан: жоқ мен бірінші айтамын . Сен жыл сайын бірінші боласыңба ? мен айтамын.

Аяз ата осы кезде таяғын жерге бір соғып :

Аяз ата :Тұратырыңдар дауласпай асықпай атып беріңдерші Не болып жар Неге дауласып жүрсіңдер Бірінші Қонақтармен балалрмен амандаспайсыңдарма?. ( Екеуі амандасады)

Аяз ата: Қане Енді тақпақтарыды асықпай айтыңдар.

(Тышқан мен мысық)

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардын

Аяз ата оралып

Екеуі бірдей тақпақ айтып береді.

Тышқан: Мысық сен менің тақпағымды жаттап алыпсың ғой

Мысық : Жоқ сен менікін жаттап алыпсың.

Аяз ата : Жарайды екеуіңніңде тақпақтарыңды тыңдадаым енді басқа қандай өнерлерің бар. Соны тамашалағым келеді.

Тышқан: қане менің кішкентай тышқандарым ортаға келіңдер

Мысық:Қане менің мысықтарым сендерде ортаға келіңдер

Осы кезде тышқан мен мысық балаларын шақырып би билетеді. (Би тышқан мен мысық)

Аяз ата: Қолын шапалақтап ой жарайсыңдар сен екеуің жақсы дайындалған екенсіңдер. Екеуі жаңа жылды біздермен бірге мын балалармен бірге көңіл көтеріңдер.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыз аяз ата мысық пен тышқан сендер балармен бірге ойын ойнасаңдар қайтеді. Екеуің қызықты ойындар ойынайсыңдарда жүресіңдер біздерге бір қызықты ойындарыіды көрсетсендер.

Мысық . Тышқан сен мына шетін үста жіптің бір жағын береді екінші жағын өзі үстайды. Ендеше мына сыйлық салатын қапшықтың ішін толтыру керек . 4 бала шығады 4 түсті қапшықты таңдап алады (Қызыл , сары, жасыл, көк,) қапшықтардың ішіне жердегі сыйлықтарды жинап салу керек.

(Ойын сыйлқты толтыр)

Тәрбиеші : Жарайсыңдар тышқан мен мен мысық сендердің ойындарың балаларға ойын ұнады. Солайма балалар.

Балалар: Ия

Ақшақар : Дұрыс айтасың ойындар ойнадық би де биледік енді шыршаға арнап бәріміз шыршаны айналып бір ән айтып айтып жіберейік. Балалар қандай ән білесіңдер.

( ӘН Тамаша , Тамаша)

Тәрбиеші : Аяз ата,Ақшақар сіздерге көп рахмет жаңа жыл көнілді өткіздік. Баллар сендерге жаңа жыл мерекесі ұнадыма . Енді біздер балабақшамызға барайық. Аяз атамен Ақтақар мен тышқан мен мысықпен қонақтармен қоштасып шанамызға мініп балабақшамызға оралайық. Сау болыңыздар. Келі жылы кездешкенше. Аман есен болайық

(Әдемі әуен мен шанаға қайта отыру)























































Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №33 «Көркемай» балабақшасы











«Ғажайыпқа толы Жаңа- жыл!»









Өткізген: «Жасұлан» ортанғы тобы

Кишкенебаева Динара





















Атырау 2020ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі