400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертенгілік: "Болашақ бірлікте"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек, оқу қызметіне көп қажет ететін материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Болашақ бірлікте!»



Мақсаты: 1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымаққа, достыққа, өз отанын сүйюге , қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакат, нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімдері, шарлар, гүлдер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді 1-ші мамыр халықтар достығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Гим ( орындалады)

Жүргізуші: «Бірлік бар жерде бақыт бар»

«Ынтымақ достық кепілі »дегендей.

Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз . Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансызда өмір сүре алмайды. Отан біздің туған жеріміз өзіміздің туысқанымыз, дос жарандарымызбен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз Қазақстан. Бүгін Қазақстанды көптеген мемілекеттер таныған ел. Оның өз Ел таңбасы, Туы, Гимы бар. Еліміз өз егемендігін , тәуелсіздігін 1991жылы 16 желтоқсанда алды.

Тәуелсіздік кіндігін Кескен халық бірлігін Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн бүгін

-Әнұранымыз біздің салтанатты үні өр үні, өміршең үні. Оның халықтай көтерілген әнінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді арманыңды аялай самғытады. (Ән ұранын орындау)


-Елтаңбасы қандай тамаша! Елтаңбамызға қарасақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтары шашырай шапағын шашқандай екі жақтағы қанатты пырақтары орынды да, қарымды да, жоғарыда бес бұрышты жұлдызы жарқырайды жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей. Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат әдемі Тұнығындай көңілді Ортада аспан әлемі

Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды көңілім қалықтайды жалауым жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр. Жырласа қазақ түркімен Молдаван тәжік үн қосқан Дос жүректер біріккен Мейірлері жарасқан. Әні: «Әр қашан күн сөнбесін» Бақытты өмір сүргенін Туған елге еркелеп Қуанғанын күлгенін Сусынымыз қанады Өнер білім нәрімен Әлемдегі баланың Дос боламыз бәрімен.


Би: «Қара жорға биі» Кім білген қазағымның қою шайын Жал-жая, қазы –қарта , құртпен майын Ақ тілекпен келген әрбір қонағына Құрметпен шығаратын төрі дайын Келіңіз ұсынамын төрден орын «Досым » деген адамға міне қолым Әр қазақтың жүрегінде осы тілек Адамзат оң сапарда болсын жолың


Қазақ әні : «Мен қазақпын» Тыңда, тыңда, тыңда мені Ұлы жұртым орыс халқым Сен тербетіп өсіргенсің Сенің даңқың менің даңқым


Орыс ұлт өкіліне сөз. Много слов сказано Сколько песен сложено И стихов искренных На разных языках О степях ветренных Снегом запорошенных О тебя вечная Цветушая земля Орыс ертегісінен көрініс: «Бауырсақ» Своих детей хрони , земля Пусть ночи будет мирными У нас на всех одна , земля Своих детей , люби земля Ведь Родина у нас на всех одна



Орыс биі. « Матрешка»


Жолым түсіп, тағдыр талап Грузин дос болдым қонақ Қазағымдай кең пейілің Дастарханды жайдым мол-ақ Би «Лезгинка» Татар ұлт өкіліне сөз беріледі. Туған жерім тірегім Сен деп өстім Бір сен деп үнемі Соғады жүрегім Ұйғыр ұлт өкіліне сөз беріледі. Асқарлы, қарлы шың Аялаған ән құсым Түған жер армысың Саған мың алғысым. Ойын: Қонақтармен «Хан талапай»

Тақпақтар.


Балалар:

Бейбітшілік деп салған Халықтардың ұраны Қара күшке жұмсалған Ең жеңімпаз құралы Таң шапағы атқанда Серпілмейтін түн барма? Әділеттік қашанда Жеңбей қалған күн барма?


Достық, тату өмірге Дүние жүзі сенеді Соғыс өртін өшірсе Бейбітшіл жеңеді

Жарасқан байрақтың мәні бар Көк аспан , күн-қыран сәні бар Көк байрақ ашық күн байрағым Ортада аспан әлемі


Елмен елдер келісіп Бейбіт өмір-салтанат

Байлық шашқан сияқты Жер бетіне нұр толып Құшағы кең шуақты Қазақстан –Отаным .


Барлық халық біледі Даңқы жеткен алыс Қазақстан түлегі Ұшқан жұмбақ ғарышқа.

Тілегі бір, жұрегі бір Достармен біз біргеміз Туыс барда, құрыштанда Берік біздің іргеміз


Жүргізуші : 1-ші мамыр дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні . Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы еліміз. Елімізде әр ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деп бүгінгі Қазақстан халқының достығы күні берік болсын!


Ән :«Біз өмірдің гүліміз» орындалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі