жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертенгілік "Елін сүйген -ел басы"
Ертеңгілік: Аналар-асыл жандар!.
Мақсаты: Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру,ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ананы сыйлау,құрметтеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді сіңіру ,үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б
Тәрбие сағатының барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.
Мұғалім сөзі: Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер
Мектеп үшін қашанда керексіздер,
Ата-аналар ардақты абзал жандар
Ұстаздармен қашанда біргесіздер.
Ана десем алғыс алам халқымнан.
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар ,қыздар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз.Халықаралық әйелдер -қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілей отырып мектепалды даярлық тобы балаларының дайындаған «Аналар-асыл жандар!»атты ертеңгілігімізді рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: «Аналар-асыл жандар!»атты ертеңгілігімізді директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ауғанбаева Жазира апкейге ашуына рұқсат етіңіздер.
Хор «Ұстаз ана».
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала, бала ,бала деп
Түнде шошып оянған .
Түнұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған,
Бұл кім?
Балалар : Ана, Ана, Ана.
Мұғалім сөзі: Әрине ,бұл біздің аналарымыз. .Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалайық.
Хор ұлдар: «Анашым - ана жаным»
Хор қыздар: «Айналайын мама»
Айша
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды қуантып,
Ән маржанын шашайық
Алдияр
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар.
Ақылбек
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Еркенұр
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Би «Вальс»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар!
Арнұр
Ана деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың әрқашан.
Айлана
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Дидар
Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың
Ислам
Менің әжем, ақ әжем
Ұлмен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Жүргізуші Бүгінгі аналар мерекесіне «Ай-ару»би тобы қонаққа келіпті.Ортаға бишілерімізді шақырайық.
Мұғалім сөзі:Ортаға үш ананы шақырамыз.Көздерін орамалмен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.
Ән «Аке-ана»орындайтындар Айдар Ақылбек,Әлібек Кәусар.
Жаннұр
Сен жалықпай жетектеп
Мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін
Мерей
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Мансүр
Менің әжем нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
Кәусар
Маме подарю салфетку
Край украшу бахрамой
На салфетке вышью ветку
И цветочек голубой.
Мұғалім сөзі: Балалар анамызды құрметтейік
Көңілін ешқашанда кірлетпейік
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.
Би «Қарлығаш» орындайтын қыздар.
Бақдәулет
Жүре берсем қасыңда,
Айбат анам, ай анам.
Ботам деген дауысыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Айналайын ақ мамам.
Алижан
Айналайын ана, мерекеңмен!
Сыйлайыншы саған, дала гүлін мен.
Мерекелі күнің, қандай тамаша!
Кеудеңдегі гүлің, қалды жараса.
Балтабай
Айтқан тілді аламыз,
Жалындап оттай жанамыз.
Мерекеде бүгінгі,
Би билеп, ән саламыз.
Алина
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз блам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Би «Жігіттер »орындайтын ұлдар.
Даниэль
На земле добрее всех
Дарит сказки дарит смех
Из - за нас порой грусти
Пожалеет и простит
Еркеназ
В этом слове солнце свет
Лучше слова в мире нет
Льется песенка ручьем
Это мы о ней поем.
Айжамал
Ана көркі көлімнің
Ана нұры жерімнің
Ана бағы баланың
Мақтанышы елімнің
Санжар
Үн қатасың бал тілмен
Еркелейсің әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Жүргізуші: Құшақ жая қарсы аламыз әсем шаттық көңілмен,
Қош келдіңіз, төрімізден орын алған көрермен.
Көп алдында бүлдіршіндер ән сап, өнер көрсетер
Тыңдаңыздар тамашалап жаңа жолын өнерден - дей келіп
Ән «Наурыз көктем»орындайтын Қасым Еркеназ
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Іңкәр
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда
Ақниет
Көктем келді қуантып,
Күн шуағы нұрланды.
Аналарға келеміз,
Құшақ – құшақ гүл алып.
Нұрдәулет
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Би «Анама арнаймын»
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Құрметті аналар!Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.Осымен даярлық тобының оқушылары дайындаған «Аналар асыл жандар » атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген