400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ертенгілік Жаңа жылдық ғажайыптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар өміріне ертегі, сиқыр, тосынсыйлар мен сыйлықтар әсерін енгізу;ертегі кейіпкерлерімен таныстықты кеңейту; мереке кейіпкерлеріне әндерді, билерді қуана көрсету; әндерді, хороводтарды орындау; әр тілде өлең оқу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдың ғажайыптары

Жүргізуші: Келді, міне сағындырып далама

Келді, міне, жаңа жыл қалама

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып

Қане, қане келіңіздер

Би билеп, ән салып беріңіздер

Мерекені, жаңа жылды қарсы алып!

Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі жаңа жыл ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса мерекелік тақпақтарға кезек береміз.

Темирлан: Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Өлең де әзір, ән де әзір

Ойында әзір, бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Ақниет: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Адина: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Қ,Амина: Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Эльнұр: Әкелсін жыл ырыс-құт

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша

Ким Алина: Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды



Ән «Шырша жыры»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Көңілді әуенмен аяз ата мен ақшақар болып киінген мыстан кемпір мен қасқыр билеп келеді. Шыршаны айнала жүгіріп әндетеді.

Қасқыр: Аппақ танға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып У-у-у-ух-ух

Мыстан кемпір: Аппақ, аппақ қар аппақ

Аппақ, аппақ дала аппақ

Қырау қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ У-у-у-ух-ух

( Екеуі қолтықтасып шыр айналады)

Мыстан кемпір: Шырша маңынан кім табады сыйлықты, мейірімді, сымбатты, бақытты жан ол кім екен?

Қасқыр: Ол әрине мен. Мейірімді, сымбатты, бақытты жанмын. Сыйлықтыда табамын.

(Ля-ля-ля деп билейді). Сәлем бердік балалар, көңілденіп мерекені қарсы алып жатсыңдарма?

Балалар: Иә

Қасқыр: Ендеше міне бізде келіп жеттік, мен аяз ата және сүйікті ақша қарларын.

Мыстан кемпір: Неге қуанып қол соқпайсыңдар? Аяз ата мен немересіне дайындаған сыйлықтарын, сиқырларың қайда?

Жүргізуші: Не айтып тұрсыңдар, кімсіңдер сендер? Аяз ата мен акшақарға мүлдем ұқсамайсыңдар. Балалар бұлар кімдер?

Балалар: Мыстан кемпір мен қасқыр

Қасқыр: Жоқ қателесесіңдер, мен нағыз аяз атамын, тек мұрынымды үсіріп жүдегенім болмаса, көптен бері тамақта ішпедім. Ал мына ұзын құйрығым ізімді жауып менің қайда жүргенімді ешкім білмеуі үшін.

Мыстан кемпір: Ну орманда жүріп сұлулығымды жоғалттым. Далап та, опа да, жақпа май да, иіс су да жоқ. Тым азып кеттім, әрі көптен бері тәтті де жемедім. Тәтті беріңдерші балалар.

(Қасқырдың ұялы телефонына қоңырау соғылады)

Қасқыр: Ало- ало, аяз ата тыңдап тұр, әрине қазір жетеміз. Аййтым ғой сендерге, біз таптырмайтын аяз ата мен ақша қармыз, біз қазір қайтып келеміз.

Жүргізуші: Балалар жақсы болды, мыстан кемпір мен қасқырдан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық, балалар шыршамыз бар, енді кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен ақшақар

Жүргізуші: Ендеше ортаға аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата ақшақар (3 рет қайталайды)

Аяз ата: Амансыңдар ма, менің кішкентай бүлдіршіндерім!

Арқаланып сонау алыстан келіп қалдым

Алыс-алыс қырлардан

Алыс-алыс жерлерден

Жаңа жылда біз келдік

Өнерлі ме балалар?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аяз ата мен ақшақар, қош келдіңіздер!

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті ата – аналар!

Аяз ата: Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой, қане сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық. Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3 рет қайталайды)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (Қолдарын шапалақтайды)

Шырша жарқырайды

Жүргізуші: Олай болса балалар, біз жай тұрмай аяз ата мен ақшақарға арнап ән шырқайық.

Ән «Ақшақар»

Жүргізуші: Аяз ата сіз демалып отырып біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.

Б.Амина: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Санжар: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз, ән саламыз

Камила: Аяз ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата



Рамазан: Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақшақар

Көптен күтіп сағынып

София: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Ділдә: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Айару: Тамаша сый алып

Келді аяз атамыз

Шаттанып, қуанып

Шырқап ән айтамыз

Әбдінұр: Жаңа жылда көңілді

Шырқалады әңіміз

Ата-аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз

(Музыка ойнайды, залға қасқыр мен мыстан кемпір келеді)

Мыстан кемпір: Міне бізде келдік, сағындыңдар ма бізді? Ал біз сендерді өте қатты сағындық. (Аяз ата мен ақшақарға бажырайып қарайды) Мыналар кімдер?

Аяз ата: Шақырусыз келген сендер кімсіңдер?

Қасқыр: Біз шақырылған қонақпыз, бізді ұялы телефонға қоңырау шалып шақырған, көзін көрмесе көзілдірігінді кимейсің бе. Мен аяз атамын, ал мынау менің сұлу әрі сүйкімді немерем ақшақар. Қарашы неткен сұлу, өзімнен айнымайды (еркелетеді)

Аяз ата: Иә, көріп тұрмын сендердің қандай қонақ екендеріңді. Егер сен аяз ата болсаң мұрның неге үлкен?

Қасқыр: Мұрнымның үлкендігі балалардың сыйлықтарын жылдам иіскеп табу үшін.

Аяз ата: Ал құйрығын не үшін қажет?

Қасқыр: Айттым ғой, іздерімді жасыру үшін.

Мыстан кемпір: Ал мен – сұлу ақшақармын. Сондай сұлумын, ормандағылардың бәрі менен қорқады. Сұлулығыма көздері тоймай талып қалады, иә иә солай.

Аяз ата: Иә, сендерге қарап айтар сөзім жоқ.

Жүргізуші: Аяз ата ақшақар, булар бізге келіп кеткен, бір жамандық жасағалы жүрген сияқты. Бірақта біздің кішкентай гномдар жамандыққа жол бермейді. Қане гномдар шығыңдар, өнерлеріңді көрсетіңдер.

Би «Гномдар»

Қасқыр мен мыстан кемпір: Болды, болды кеттік, қорқамыз! Аяз ата ақшақар, балалар бізді кешіріңдерші, енді жамандық жасамаймыз. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Аяз ата олай болса біз бір ойын ойнайық.

Ойын «Доспыз-бәріміз»

Жүргізуші: Енді балалардың сіздерге арнап жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

Олег: Ақша қар, ақша қар

Аппақ болып қонасың

Тоса қалсам қолымды

Алақаныма толасың

Мирас: Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті





Милана: Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Ализар: Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Диас: Аяз ата аппақ

Сыйлықтары тәттақ

Би «Шыршалар»

Аяз ата: Ал ақшақар қызымосы біздің ата – аналар ойын ойнай алама екен?

Жүргізуші: Әрине ойнай алады

Ата-аналармен ойын «Қар кесегін себетке дәл түсір»

Жүргізуші: Ал келесі кезекті сұлу қуыршақтарымызға береміз.

Би «Қуыршақтар»

Мыстан кемпір: Балалар сендер өте өнерлі, тәртіпті балалар екенсіңдер, сендер бізге үлгі болдыңдар.

Қасқыр: Сендерден көп нәрсені үйрендік, рахмет сендерге балалар. Ал енді біздің өзіміздің ертегі әлеміне қайтуымыз керек. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Аяз ата: Менің бүлдіршіндерім өнерлерің өрге жүзсін, мен құр келген жоқпын, сендерге сыйлық ала келдім, міне ала қойыңдар.

Олай болса біз өз елімізге қайтайық, келесі жылы кездескенше, сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Осымен біздің жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіздер, қош сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі