15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертенгілік Жаңа жылдық телефон
Жаңажылдық телефон
Мақсаты:
балалар өміріне ертегі, сиқыр, тосынсыйлар мен сыйлықтар әсерін енгізу;
ертегі кейіпкерлерімен таныстықты кеңейту; мереке кейіпкерлеріне әндерді, билерді қуана көрсету;
әндерді, хороводтарды орындау; әр тілде өлең оқу.
Зал мен шырша мерекеге орай безендірілген. «Маленькая елочка» әнінің (музыкасы М. Красевтікі, сөзі З. Александрованікі) әнінің фонограммасы ойнап тұр, балалар қол ұстасып, залға кіреді және шыршаның жанына тұрады.
Жүргізуші:
Уа, халайық жарандар,
Айналаға қарандар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санандар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тарандар
Жүргізуші. Армысыздар аяулы, ата-аналар!
Сәлеметсіздерме балалар!
Балалар, қараңдаршы, бүгін шыршамыз қандай әдемі. Ол неге сәнденіп алған?
Балалар. Себебі бүгін мереке.
Жүргізуші. Дұрыс. Ал бүгін қандай мереке?
Балалар. Жаңа жыл.
Жүргізуші. Әрине, Жаңа жыл – үнемі көңілді әрі сиқырлы мереке. Ендеше қазір Жаңа жылдың құрметіне орай өлең оқып, ән шырқайық.
Балалар өлең оқиды.
Жаңа жыл, Жаңа
жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл
шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз
тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз
тоймайды қараса.
Жаңа жылым мол
болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрлет,
төрлет Жаңа жыл,
Бізге Құтты жыл
болсын!
Ақ қар жапты
даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Жүргізуші: Жаңа мен келе жатып шыршанын жанынан үлкен бутафорлық телефон тауып аладым.
Жүргізуші. Қандай қызық телефон,ал ондай болса қонақтарға қоңырау шалып, осында шақырайық.
Батырмаларын басайық,
Қане, кімді шақырайық?
Жүргізуші. Балалар, алдымен сендер менің жаңажылдық жұмбағымды шеше аласыңдар ма?
Балалар. Иә.
Жүргізуші.
Секең,секең
қағады
Сәбізді іздеп табады
Үйшігіне барады
Ауқаттанып
алады
Балалар.
Қоян!
Жүргізуші: батырмаларын басып жатқан кейіп танытады (телефон нөмірін тереді), осыдан кейін телефонның дауысы естіледі.
Жүргізуші. Алло! Бұл қоян ба? Тезірек балабақшаға кел, балалар өзіңді күтіп отыр.
Музыканың сүйемелдеуімен Қоян кіреді
Қоян.
Мен
қоянмын, қоянмын,
Аппақ қарға
бояндым.
Достар тағы келер деп,
Ертеменен
ояндым!
Балаларға арналған сыйлықты
да,
Өзіммен бірге алдым.
«Қояндар биі»
(музыкасы мен сөзі Ю. Селиверстованікі)
Жүргізуші.
Рақмет
саған, қояным,
Көп өзіңе алғысым.
Құтты
болсын Жаңа жыл,
Сәбізді сыйға
тартамын.
Қоянға сәбіз береді.
Қоян.
Көңілімді
таптыңдар!
Сәбізді жақсы көремін.
Ал,
мен енді қайтайын,
Шыршамды безендірейін.
Қоян музыканың сүйемелдеуімен залдан шығып кетеді.
Жүргізуші.
Тағы
қоңырау шалайын,
Қайта қонақ шақырайын.
Жүргізуші телефон нөмірін тереді, қоңырау барады.
Жүргізуші.
Алло!
Бұл қу Түлкі ме?
Орманымыздың көркі
ме?
Бізге тез қонаққа кел,
Күтіп
отырмыз, көрдің бе?
Музыканың сүйемелдеуімен Түлкі кіреді
Түлкі.
Түлкі
бикеш мен едім,
Аңқауды алдап
келемін.
Алау жақса балалар,
Мен
де билеп беремін!
Балаларға арналған
сыйлықты,
Өзіммен бірге алып келдім.
Жүргізуші қорапты алады.
Қане, қорапты
ашайық,
Ішіндегі затты табайық.
Жүргізуші қорапты ашады, ішінде музыкалық аспаптар.
Қандай ғажап сый,
балалар.
Аспаптарды алыңдар,
Түлкімен
бірге
әндетейк.
Түлкімен бірге «жаңа жыл»әні
Жүргізуші.
Түлкі,
өзіңе мың алғыс,
Біз өзіңе ризамыз.
Жаңа
жылмен құттықтаймыз,
Өзіңе кәмпит
сыйлаймыз.
Түлкіге үлкен кәмпит береді.
Түлкі.
Кәмпитті
жақсы көремін,
Рақмет сендерге,
достарым.
Үйіме тез қайтайын,
Шыршамның
шамын жағайын.
Түлкі музыканың сүйемелдеуімен шығып кетеді.
Жүргізуші.
Өте
жақсы әндеттік,
Би
билейді айналып.
«Фея» би
Жүргізуші.
Тағы
қоңырау шалайын,
Қайта қонақ шақырайын.
Жүргізуші батырмаларды басқандай болады (телефон нөмірін тереді), осыдан кейін телефонның дауысы естіледі.
Ей, Қорбаңбай,
келсеңші,
Мерекені көрсеңші.
Көңіл
көтеріп,
Сыйлығыңды берсеңші.
Музыканың сүйемелдеуімен Қонжық шығады (дайындық тобындағы бала).
Қонжық.
Мен
қонжықпын, балалар,
Қонжық балдан
нәр алар.
Ей, балалар, мені де
Кешіңізге
ала бар.
Жүргізуші: Қонжықтан үлкен пакеттерді алады, оның ішінде жұмсақ ойыншықтар: қонжық пен түлкішек.
«Жұмсақ ойыншықтармен» билеу
(музыкасы мен сөзі Л. Хисматуллинанікі)
Жүргізуші:
Саған
«рақмет» айтамыз,
Бір өзіңе мың
алғыс.
Құтты болсын Жаңа жыл,
Тәтті
бал сыйға тартамыз.
Бір бөшке бал береді.
Қонжық.
Балды
жақсы көремін,
Сендерге рақмет,
достарым.
Тезірек үйге кетейін,
Шыршамды
безендірейін.
Қонжық музыканың сүйемелдеуімен шығып кетеді.
Жүргізуші. Бүгін қандай көңілді! Біздің мерекеге тағы кім келмеді?
Балалар. Аязата!
Жүргізуші.
Оған
қоңырау шалайын,
Бізге қонаққа
шақырайын.
Жүргізуші батырмаларды басып жатқан кейіп танытады (телефон нөмірін тереді), осыдан кейін қоңыраудың дауысы естіледі.
Жүргізуші.
Алло!
Аязата, біз өзіңді күтудеміз,
Бізге
қонаққа келсеңіз.
Балалар Аязатаны шақырады.
Аязатаның дауысы естіледі («Ого-го, естідім, естідім, келе жатырмын»).
Аязата.
Уа,
жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр
маржан.
Айналайын ұлдардан,
Айналайын
қыздардан.
Өтіп кеткен жылдардан.
Жасыл
желек жамылған,
Асыл моншақ
тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен
күтіп, сағынған,
Кел, балалар,
келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Шырша жанбайды.
Ештеңе шығар
емес,
Шырша шамы жанар емес.
Қане,
ұлдар, қыздар,
Оны қорқытпасақ болар
емес.
Қорқытады.
Ал енді аяғымызды
тапырлатайық (тапырлатады),
Ал
енді қол шапалақтайық (шапалақтайды),
Шырша,
шырша,
Шамдарыңды жарқырат.
Би
билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.
Шырша жанады.
Аязата.
Жаңа
жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл
шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Жүргізуші.
Шыршаға
жақын келеміз,
Әсем әнді шырқаймыз!
«Елочка!» хороводы
жүр
«Қатырып тастаймын» ойыны
Балалар шеңберде тұрады; Аязата шеңберді айналып, біресе балалардың мұрнын, біресе тізесін, біресе қолын ұстап, қатырып тастауға тырысады. Балалар одан алақандарымен қорғанады немесе оның қолын тигізуге – «қатырып тастауға» мүмкіндік бермей, отырып-тұрады.
Аязата. Тағы қарияны алдадыңдар ма (күледі).
Жүргізуші. Ал Аязатамен ойнаған ұнадыма.
Балалар :ия
Аязата.
Ойынды
жақсы көремін,
Қазір бәрін көрсетемін.
Мен
паровоз болайын,
Ал сендер вагон,
достарым!
«Паровоз келе жатыр жүргізушісі Аязатамен» ойыны
Аязата. Әбден ойнадым сендермен… Жолға шығайын, басқа балаларды да құттықтауым керек.
Жүргізуші. Аязата, біз сені жібермейміз.
Аязата. «Жібермегендерің» қалай? Өзім-ақ шығып кетемін.
Жүргізуші. Байқап көр.
«Өткізбейміз» ойыны
Балалар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады; Аязата шеңберден шықпақ болады. Балалар оны өткізбейді.
Аязата. Не болып қалды? Мені неге жібермейсіңдер?
Жүргізуші. Балалар, Аязата нені ұмытып кетті?
Балалар. Сыйлықтарын.
Аязата. Ох, кешіріңдерші мені, балалар! Мен оны қалай ұмытып кеттім?! Сыйлықтар бар, әрине!
Ох! Көңілім толы
мейірімге!
Қабым қайда? Мәссаған…
Ол
сонда қайда қалған…
Іздеңдерші шырша
маңынан.
Терезеде жоқ па екен?
Орындықта
жоқ па?
Орындықтың астында ма?
Олар қардың астында қалған шығар… Ендеше бәріміз бірге қатты үрлейік, қар ұшып, астындағы сыйлықтарды табамыз.
Балалар үрлейді, ақырын жел соғады, Аязата сыйлықтарды тауып, балаларға таратады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Жаңа жылдарыныз құтты болсын, отбасыларынызга амандық, бақыт әкелсін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген