жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертенгілік "Жасыл шырша"
Ертеңгілік «Қош бол, менің даярлығым !»
Мақсаты:
1. Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған
білімдерін,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
2. Оқушылардың сөздік қорын,тілін,ойын
дамыту,ой-өрісін кеңейту,өнерді сүйюге тәрбиелеу.
3. Оқушыларды бауырмалдыққа,Отан сүйгіштікке
тәрбиелеу.
4. Көрнекіліктер:шармен безендіру,қанатты
сөздер,сурет салынған плакаттар,гүлдер т.б.
Жүргізуші: Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегім
Ата анамыз қуансын
Құрметті Ұстаздар! Ата - аналар! Қонақтар! Бүгінгі күн бәрімізге ерекше күн!
Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң- солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігііне қош келдіңіздер!
Құрметті көрермендер “Қош бол,менің даярлығым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат беріңіздер. Сіздер үшін бүгін үлкен мереке, мерекелеріңіз құтты болсын!Отбастарыңызға береке-бірлік,жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Жүргізуші:
Ұстаздар шығарады
кеменгерді,
Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.
Ду қол шапалақпен қарсы алайық,
Бүгінгі салтанат иелерін.
«Мектеп вальсі»
Жүргізуші:
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырлары.
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Алина
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Таусылмастай ағытып ой-арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін
Акылбек:
Ақ
тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Хор «Сәлем саған мектебім!»
Кәусар
Құтты болсын қадамдарың қонақтар
Біздің тойдың көрермені болыңдар
Тамашалап балалардың өнерін
Марқайып, алақанды соғыңдар
Бақдәулет
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Даярлықпен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
Іңкәр
Күннің нұры шуақты,
Өтті сәби күндерім.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
Жүргізуші:
Мектепке енді
барыңдар,
Үлгілі бала
болыңдар
Жақсы оқып
сабақты
Кілең «бестік»
алыңдар
Көк жүзінде
самғаңдар
Тауды бұзып, тас
жарып
Мұхиттарды
жалғаңдар.
Күллі әлемді
шарлаңдар
Ғарышқа да
самғаңдар.
О, жарандар,
жарандар
Қане мұнда қараңдар — деп ортаға бишімізді
шақырамыз.
Галлямова Алина
«Аққу»биі
Ақназар
Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып, би биле
Жалғастырып ойды ой
Айша
Армысың,
мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін
Айлана
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
«Сағындым әже,сағындым» әні орындайтын Әлібек Кәусар
Жаннұр
Тәрбие мен тәртіпті
Қатар алып жүресіз
Сізден өнеге алып біз
Тура жолмен келеміз
Алдияр
Жасымыз жетті мектепке,
Ересек біздер баламыз.
Екіні қосып екіге,
Әріпте жаза аламыз.
Адам етіп баптаған,
Ардақтап, бізді мақтаған,
Апай сізге мың алғыс!
Жүргізуші:Ұлдарымыз
өнерлі
Би де билеп
береді
Бойға жиып
жақсылық
Азамат боп
келеді.
Ұлдар биі «Коко джамбо»
Мерей
Қуан шаттан алақай,
қуанатын күн бүгін
Даярлықты қимай біз,
қоштасатын күн бүгін
Алижан
Сізді біз күнде көреміз,
Құрметтеп сізді жүреміз.
Сыртымыздан жағдайды
Жасап жүр деп білеміз
Даниэль
Сыныбымыз сәнді кең,
Болды ыңғайлы жай нағыз.
Бәрі үшін алдымен,
Сізге алғыс айтамыз.
Жүргізуші:
Бүгін біздің тобымызда дүбірлі
той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бойы
Хор «Көңілді күн»
Мансур
Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Дидар
Әліппені ұстап мен,
Мақтанбаймын мен текке.
Дайын дәптер қаламым,
Жақсы оқушы боламын.
Жүргізуші: Шалқып тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз
Мың бұралған
биімен
Балалар қарап тұрмасын деп
кезекті
Би «Ақкөгершін»орындайтын қыздар тобы
Еркеназ
Бар байлықты басқарып
Оқу –
білім тұрады
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығады.
Еркенұр
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне,қараңыз.
Жасымыз жетті мектепке,
Ересек біздер баламыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз!
Ислам
Елдің
атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.
Ән «Қасиетті домбыра» орындайтындар Балтабай Ақназар,Сағымбек Айлана.
Жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламызба?!
Көрсін аға-апалар.
Көрсін папа-мамамызда
Ырза болсын балалар.
Би «Гүлдер биі» қыздар тобы
Санжар
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
Айжамал
Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп
Білім нұрын шашады.
Жүргізуші:
Айналайын
балалар
Алда мектеп ана
бар
Өздеріңнен
өседі
Өнерпаздар
даналар.
Ән «Алғашқы ұстазым»орындайтын Оразбай Айжамал
Арнұр
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
Ақниет
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
Нұрдәулет
Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын тойымыз
Бүлдіршіндер шаттана
Ән айтады мақтана.
Жүргізуші:
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле,
Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,
Шаттық пен күлкі үйірілді келбетінде дей келе
Би «Джентельмены» орындайтын ұлдар тобы
Би «Алға, Қазақстан!»қыздар тобы
Жүргізуші:Кеше
ғана қадам басқан мектептің
Білім берді санаң өсіп
көктедің
Бойыңда өсті ойың да өсті қарашы
Осы
емеспе бір белеске жеткенің.
Жургізуші:
Шіркін ай әнші, жыршы, күйшілер ай
Сұлу әуен көңілге құйсын арай
Аққу құстай құйқылжытып,
Мың бұралған қазақтың бишілері ай
Кезекте сұлу қызымыздың әнін тамашалайық
Хор
«Ұстаз-ана»
Мұғалім
:Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім.
Маған қызық тілдерің,
Естен кетпес күндерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Мұғалім: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп 1-сыныпқа барғалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!
Құттықтау сөз кезегін : Мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ауғанбаева Жазира Алдипанқызына беріледі.
– Құрметті осы мерекеге
жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі.
Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп,
бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен
біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап,
шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата
–аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
Мектепалды даярлық сыныбын бітірушілерге дипломдарын беру.
Мұғалім:
Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің
Осымен мектепалды даярлық тобының «Қош бол,менің даярлығым!» атты ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген