400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ертенгілік "Жігіт сұлтаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 4 «а» класс оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш класс оқушылары.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

Жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ауғанбаева Жазира Алдипанқызы
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Кайпулдаев Ербол


Жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.
ІV бөлім «Қол өнер» сайысы

Жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі.
Жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Қол өнер» деп аталады. Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатындарын тамашалайық.
Жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті.
Жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі