Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертенгiлiк "Мерейлi куз,Алтын куз" Мерей ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Куз мезгiлiнiн ерекшелiетерiмен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 5

Тақырыбы: Арайлы күз, Алтын күз

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.
 Қырдан кепті қыдырып

 Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Арайлы күз, Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар бұл күз мезгілі.Ендеше күз мезгіліне арналған өлеңімізге кезек берелік.

Ән: кап-кап

Picture 1

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті. Отырып балалардың өнерін тамашалаңыз!

Күз ханшайымы: жарайды!


Би: «Қолжатырлар»

Picture 7

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Ендігі кезекте балапандардың күз мезгіліне арналған тақпақтарына берелік:


Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз(Ахмедияр)


Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап. (Ұлпан)


Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...(Айшат)


Келді міне күз,

Айнала сары түс

. Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.(Берекет)


Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.(Бекнұр)


Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып(Гүлназым).


Би«Жеміс-жидектер!»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Ендігі кезекте балапандардың күз мезгіліне арналған тақпақтарына берелік.

Ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз

Аянбаған ел үшін (Айша)


Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда.(Аяару)


Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде(Кәусар)


Кун суытып

Жапырақтар түседі.

Астық - жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.(Санжар )


Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.(Санжар)


Picture 3

Би: «Тракторшылар»


Picture 9

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.(Ғазиз)


Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.(Айзере)


Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр - сыбдыр етеді.(Әйгерім)


Берекесі сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді (Раяна)


Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан - алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жамырап(Жігер)


Ән: «Күз тамаша»


Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз(Айжұлдыз)


Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген (Әбуталап)


Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.(Әдемі)


Нұрәділ

Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап

Көкте құстар тізілд


«Мерей» ересек тобының қыз жігіттерінің «Алтын күз-2020» сән үлгісін тамашалаңыздар:


1. Күнбағыс ханзадасы

2. Тобымыздың алғыр қызы:

3. Ерке қызымыз:

4. Сегіз қырлы бір сырлы:

5. Ибалы қызымыз:

6. Кішіпейіл қызымыз:

7. Өнерлі қызымыз:

8. Биші қызымыз:

9. Дара қызымыз:


Айнұр Бағысбайқызына сөз кезегін берсек

Марапат:

Құрметті қонақтар Мерей ересек тобының «Армысың Алтын күз»

тақырыбында өткізілген ертеңгілігін жабық деп жарялаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12