400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ертенгілік "Қош бол,Балабақша" Ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне.Балабақшада балаларға жанжақты дамуы.Балабақшаға деген сүйіншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшамен қоштасу кеші 1-бет

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі   2016–2017жылдарға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне  Пресновка селосы «Айнагүл» бөбекжай-бақшасының «Балдәурен» тобының  түлектері   «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Роза: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,        
Балаларым жүздеріңнен нұр тұнды. Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер, Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Гүлбаршын: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
 
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің , әр айың
    


Роза: Ортаға балаларымызды қошеметпен шақырайық. 1.Керей Дамир 2.Есмағази Дарина 3.Садық Қайсар 4.Еримова Камила 5.Адилов Асанали 6.Төлеген Азель 7.Ахметжан Ералы 8.Жамбыл Ару 9.Мухамедиев Мансур 10.Дулатова Дильназ 11.Бакижанов Есенали 12. Тенизбаева Зарина 13.Әбілкәрім Әмір 14.Айторы Айдана 15.Макенов Алмат 16. Құдайберген Қарақат 2-бет 17.Ахметов Амир 18. Бүркітбаева Айлана 19.Макенов Алмаз

Роза : Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.


Гүлбаршын: Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын

Музыка әуенімен залға Гүлдер ханшайымы кіреді

Айнур Ерденовна: Осы кезде Гүлдер ханшайымы кіреді.
Гүлдер ханшайымы: Сәлеметсыздер ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме. Мен қай жерге келдім?
Роза: Бұл «Айнагүл»бөбекжай -бақшасының «Балдәурен» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген гүлдер ханшайымымын.
Гүлбаршын: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
«Вальс» биі.

Гүлдер ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсін. Ал менің кететін уақытым болды. Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау сегіз түсті сыйқырлы гүл. Әр бір гүлтешесін жұлып тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады. Жақсы, балалар, қош сау болыңдар.

Роза: Қандай ерекше гүл, солай ма балалар? Кәне гүлшесін жұлып көрейікші, тілегіміз орындала ма екен. Кәне, балалар, бірінші гүлшесін «Айнагүл » бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жанар Бикеновнаға жұлдырып көрейік.
Меңгеруші жұлып тілегін оқиды.
- Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.

Ортаға тақпақ оқуға: Ералы, Алмат, Зарина,Есенали, Әмір,Айлана,Айдана.

Ералы: Орын берген бақшадан Жанар Бикеновна жақсы адам Сондықтан да біз үшін Артық өзі басқадан.

Алмат: Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Бақшаменен қоштасып, Біз мектепке барамыз

Зарина: Қуанышым менің мол, Мектебіме тарттым жол. Ұмытпаймыз өзіңді, Есмізге саламыз, Балабақшам, қош сау бол!

Есенали: Витамин жеп қолынан, Өскен сәби баламыз. Динара Алиханқызы сізге де, Алғыс айтып барамыз.

Әмір: Балабақша үйііміз Қимай сені барамыз Оқып,билеп,ән салып Үйрендік біз барлығын

Айлана:  Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Айдана:

Роза : енді әрі қара жалғастырайық ертенгілгімізді екінші гүлшені музыка жетекшісі Алия Джамбуровнаға кезек берейік гүлшені жұлып өз тілегін білдірсін. Балаларға тілек айтады,
- Мен үйреткен бір би билеп берсін.
Ортаға«Морячка» биіне: Асанали-Азель,Дамир-Дарина,Қайсар-Камила,Мансур-Дильназ.

Үшінші гүлшені ата - аналарға жұлдыртуға береміз.
Төртінші гүлшені балалармен таңнан келіп кешке дейін балаларды күтіп баптап т амақтарын беріп жүретін Айман Какеновна гүлшені жұлып өз тілегін тілесін .

Бесінші гүлшені медбике жұлады.-Динара Алихановнаға
Алтыншы гүлшені Орыс тілі мұғалімі -Роза Менешовнаға Жетінші гүлшені денешынықтыру мұғалімі –Күнсүлу Сибановна жұлып тілек тілейді.

Орыс және Ағылшын тілінде тақпақ оқуға балалалрымызды ортаға шақырамыз: Қайсар,Есенали

Қайсар:

Сегодня мы прощаемся С любимым детским садом Мы выросли, мы выросли Идти нам в школу надо

Есенали:

Очень нравится ребята Нам английский изучать. Поначалу,правда трудно, Много надо повторять .

Папа-фазе Мама-мазе Брат-бразе Тетя-эйнт Дядя- инкл вот и вся моя родня

Роза: Қоштасу кешімізді әрі қарай жалғастырамыз Бізге қонаққа біздің балаларымыздан кейін ересек топ болып қалатын «Гүлдер »тобының кішкентай бүлдіршіндері бізді құттықтауға «Балдырған» әнімен келіпті.

Қошеметпен қарсы алайық

Роза: Өтті қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер
Барасы
ңдар мектепке
Бір белестен
өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың

2-Жүргізуші:           Алдыңдағы балалар
    
Мектепке кетіп барады
    
Тақпақ айтып бір – бірден
  
 Қимай кетіп барады- дей отырып  ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз

Дарина, Амир, Мансур, Дамир, Ару,Асанали,Қайсар,Дильназ,Азель,Камила,Ералы,Қарақат

Дарина: . Бүгін қызық, бүгін той, Біздер үшін біліп қой. Әнге салып би билеп, Жалғастырсын ойды ой.

Амир:



Мансур: Жақынсыңдар бәрің де, Қайсысын айтып бітейін. Қабыл алшы гүлімді, Сендерге сыйлап кетейін

Дамир: . 7-жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Қуантып ата-ананы, Мектепке кетіп барамыз.

Ару:



Асанали: РозаУразбаевна,Күлбаршын Мұхамеджановна,Айман Какеновна, Анамыздай біздерге. Тек жақсылық тілейміз, Рахмет айтып сіздерге.



Қайсар: Үлкендердей тап-таза, Бормен жазар тақтаға. Үлгілібала боламын, Жүретіндей мақтана.

Дильназ: . Балабақшам бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашты мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық.

Азель: Көңілді өскен баламыз, Шырқатып әнге саламыз Тойымызға сән берер, Биде билеп аламыз.

Камила: Қуантып, әрі қинайды, Бақшамнан алыс кеткенмін. Қажет қой бірақ білімнің, Теңізінен өткенмін.

Ералы: Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны бөлекше. Бақшамызбен қоштасатын, Бүгінгі той ерекше.

Қарақат: Сезімді туған баламыз, Оянды ақыл-санамыз. Адамдықтың бастауын, Өзіңнен алып барамыз

Ән: «Тәрбиеші»

Музыка әуенімен Білгішбек залға кіреді.

Ортаға «Білгішбек» келеді
Асель Оразаевна-- Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер  мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік  асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Балалар: Ие

Білгішбек сен бізбен бірге балалардың өнерін тамашала. Ән: «Учать в школе», «Үйретеді,үйретеді»

Музыка әуенімен Жалқаубек велосипедпен келеді
Айнұр Кизатовна-Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

Роза: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде  талпынуың керек емспе?
Айнұр Кизатовна-Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

Роза: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен  Әжеңнен қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.

Ән «Әже жүрші мектепке»

Асель Оразаевна-Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер
үстел үстінде жатады, балалар музыка тоқтағанда әр біреуі әріптерді алып тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Гүлбаршын : Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
 Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

Айнұр Кизатовна –Жалқаубек:

1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.  Оқушы біз боламыз ба?


Айнұр Кизатовна-Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?


Роза: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3.    Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт
ып, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.  Бала үшін асулардан асасыз ба?
 

Роза: Рахмет  көп- көп
          Балаларымыз көңілді
          Шақырамыз ортаға
           Тойымызға сән беріп

             
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Ортаға ұл балаларымызды «Жігіттер» биімен шақырайық.


Роза: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1- Қарақат   - оқып білім алу үшін
2- Дильназ: - еліме еңбек ету үшін
3-  Асанали: Білімді азамат болу үшін
4- Ералы: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Гүлбаршын: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар , біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.

Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Тәуелсіз ел Қазақстан»

Асел Оразаевна-Білгішбек: Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.Содан соң үш тілде тез санау керек(қазақ,орыс және ағылшын )

Айнұр Кизатовна-Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнанда қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.
Роза: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой..

Гүлбаршын: Балаларымыз көңілді
                     
 Шақырамыз ортаға
                       
Тойымызға сән беріп
                         
Би билейік тамаша                      

Ортаға Айшагүл қызымызды «Аналар тілегі» әнімен қыздарымызды биімен шақырамыз. Роза: Сүйкімді балғын бала шақ Сендердікі болашақ Озат болып оқыңдар Ойға білім тоқыңдар

Ән «Әліппем-ау ,Әліппем»

Музыка әуенімен ортаға Робот пен Маквин кіреді
Балалар сәлеметсіңдер ме бізде сендердің көретін мультфильмдегі кейіпкерлерің едік, әрине біз талай кездесеміз бізде сендерге ақ жол, үлкен азамат болыңдар деп өз сыйлықтарымызды алып келдік.
Роза:Төрлетіңіздер Сіздерге балалармыздың биі «флешмоб»билеп береді.

Балаларға сыйлықтарын таратады

Робот пен Маквин балалар мен қоштасып кетеді. Енді Марапатау Сөз кезегін Жанар Бикеновнаға береміз. Балаларға Диплом.Ата аналарға алғыс хат.
 Роза: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                   
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
    
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
     
Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Гүлбаршын: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
                 
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
                   
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
                   
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – .

Осымен балабақшамен қоштасу кешіміз аяқталды .Сау болыңыздар











































«Тәрбиеші»

1.Бақшаға ерте барамыз Ойын ойнаймыз бәріміз Тақпақ жаттаймыз бәріміз Сурет саламыз қызығып

Қ-сы: Тәрбиеші бізбен (2-рет) Ән айтады бірге, к үледі Тәрбиеші бізбен (2-рет) Құстарға тамақты береді

2.Далаға бізді шақырып Гүлді егемз брігіп Тәрбиеші бізбен бірге Құстарға тамақты береді

«Әже,жүрші мектепке»

1.Ойнап жүрмей мен текке Қағаз,қалам аламын Дайындалып мектепке Мен оқуға барамын

Қ-сы: Ойнап жүрмей мен текке Барамын мен мектепке (2-рет)

2. Жақсы оқимын сабағын Мұғалімді сыйлаймын Дейтін маған қарағым Ақ әжемді қимаймын

3.Бірге апарып әжемді Бірге алып қайтамын Мұғалімім сұраса Мен ажеме айтамын.





«Әліппе»

1.Шырқап әнге саламыз Біз мектепке барамыз Сәлем беріп ұстазға Оқып, білім аламыз

Әліппем-ау, әліппе Іші толған әріпке Білім, ғылым шынына Жетемісің әліппе

2.Бар әріпті үйреткен Міне, менің әліппем! Жақсы оқимын сабақты Әріптерді танып мен

Үйрендік біз әдепке Жазу,сызу әдетке Енді оқи аламыз Әріп қосып әріпке

«Учат в школе»

1.Әріптерді жазуға,және оны оқуға Үйретеді (3-рет) Бірге бірді қосуға,жане оны жазуға Үйретеді (3-рет)

2.Кішкентайды ұрмауға,үлкендерді сыйлауға Үйретеді (3-рет) Көбейту мен бөлуге, қосу менен алуға Үйретеді (3-рет)

Буквы разные писать, Тонким перошкам в тетрадь Учат в школе (3-раз) Книшки добрые любить, И воспитанными быть Учат в школе (3-раз)





1.Қуанышым менің мол, Мектебіме тарттым жол. Ұмытпаймыз өзіңді, Есмізге саламыз, Балабақшам, қош сау бол! (Зарина)

2.Балабақшам бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашты мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық. (Дильназ)

3.Талайқызық той өткіздік, Бірақ орны бөлекше. Бақшамызбен қоштасатын, Бүгінгі той ерекше. (Ералы)

4. 7-жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Қуантып ата-ананы, Мектепке кетіп барамыз. (Дамир)

5.Сезімді туған баламыз, Оянды ақыл-санамыз. Адамдықтың бастауын, Өзіңнен алып барамыз. (Қарақат)

6.Бүгін қызық, бүгін той, Біздер үшін біліп қой. Әнге салып би билеп, Жалғастырсын ойды ой. (Дарина)

7.Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Бақшаменен қоштасып, Біз мектепке барамыз. (Алмат)

8.Қуантып, әрі қинайды, Бақшамнан алыс кеткенмін. Қажет қой бірақ білімнің, Теңізінен өткенмін. (Камила)



9.Үлкендердей тап-таза, Бормен жазар тақтаға. Үлгілібала боламын, Жүретіндей мақтана. (Қайсар)

10.Витамин жеп қолынан, Өскен сәби баламыз. Динара Алиханқызы сізге де, Алғыс айтып барамыз. (Есенали)

11.РозаУразбаевна,Күлбаршын Мұхамеджановна,Айман Какеновна, Анамыздай біздерге. Тек жақсылық тілейміз, Рахмет айтып сіздерге. (Асанали)

12.Жақынсыңдар бәрің де, Қайсысын айтып бітейін. Қабыл алшы гүлімді, Сендерге сыйлап кетейін. (Мансур)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі