15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертенгілік.Армысын әз Наурыз
Ертеңгілік:Армысыз,әз Наурыз "
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін тереңдету.
Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз тойы туралы балалардың білімдерін кеңейту. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрпымен таныстыру
Балалардың ойлау, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған киіз үй, дөңгелек үстел, бесік, арқан.
Кейіпкерлер:Қызыр ата,әже
Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!
Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Армысыз, әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Музыка ойнап залға балалар кіреді.
Тәрбиеші: Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар су ағып,
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп.
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Әңгімелесу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем айларын атап шығайық. (наурыз, сәуір, мамыр)
- Көктемде қандай өзгерістерді байқауға болады?
— Ауа-райы қандай болады?
— Көктемде қандай мейрамдар тойланады?
— Иә, балалар, көктемде табиғат ерекше күйге еңеді. Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. Күн біртіндеп ұзарады, күн жылиды. Қар еріп, жыраларға су толады. Жылы жақта қыстайтын құстар ұшып келеді. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі.
Көктемде ұлы мейрамымыз — Наурыз тойланады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Тәрбиеші:балаларымыздың тақпағын қабыл алыныздар
Айдар :
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Айдана
:
Наурыз
келді Құт болып
Мына бізге сүт болып,
Аққа аузымыз толады
Бір жақсылық болады
Арсен:Ой ,халалйық,халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көнілді
Бірге қарсы алайық
Айша :
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың?
Қызығына тоймаған,
Дарқан дала,қарлы шың.
Тәрбиеші:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз дәстүрлі!
Осындай байтақ елімде,
Айтылады әніміз.
Ән «хош келдін төрлет наурызым»
Тәрбиеші:
— Ал енді балалар! Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
Балалар біздім өзіміздім ұлтық тағамдарымыз бар,оған не жатады
Балалар:Бауырсақ ,қымыз,айран құрт,ірімшік,қазы,қарта.
Тәрбиеші:Жарайсындар
Музыка ойнап ортаға әже кіреді:
Армысыздар балалар қонақтар!
Ақ мол болсын! Нарыз құтты болсын
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын ! Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле – жәле жерге енсін!
Тәрбиеші: Әже Қош келдіңіз! Біздің мерекеде қонақ болыңыздар. Балалар бұл мерекеге өте жақсы дайындалды. Балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Әже: Жарайды ендеше. Мерекеде сендермен бірге болайық.
Тәрбиеші: Әже, мына Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып әзірлейсіз? Соны балаларға айтып берсеңіз.
Әже наурыз көже қалай стейтінін айтады
Наурыз
көже- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас.
Наурыз көже аса қасиетті ас болып
саналады. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен
дайындалады:
1.Тұз
2.Су
3.Ақ құрт,
қатық, айран
4. Ет
5.Кеспе
6.
Бидай
7. Күріш не тары
Тәрбиеші:Рахмет әже төрге шығып отырыныз.
Ал ондай болса енді бір серігіп алайық.Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Арқан тарту»
Ойын:
Арқан
тарту
Арқан
тарту- халық арасында ертеден келе
жатқан танымал орындардың бірі. Көп күш
жұмсалатындықтан арқан тартуға көбіне
ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер
тегіс болуы шарт.
Тәрбиеші:
Ұлы өнерді халқымыздан үйренген,
Қыздарымыз қызғалдақтай қырмызы,
Мың бұрала «тостақан » биін билеген.
Тәрбиеші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
— Құрметті ата-аналар, «тәрбие – отбасынан басталады» демекші тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз
1. «Ерулік» дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?
2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3. Ең көп сақталған ұлттық тығам?
Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.
5. Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы дегеніміз- үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарыңа тамақ береді.
6. Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?
Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде – ол сыбаға.
7. Арнайы қонақ дегеніміз не?
Арнайы қонақ дегеніміз- алыстан әдейі іздеп келген тума –туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
8. Беташар дегеніміз не?
Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің бетін ашу.
Рахмет сіздергі.Ата-аналарды қошеметтеп қояйық.
Тақпақтар .
Алим:
Наурыз
келді тамаша
Ән
айтамыз таласа
Атам,
әжем той тойлап
Қуанып
жүр балаша
Би
билейміз тамаша!
Алдияр:Ашылды
да кебеже
Дәм
әзірлеу басталды
Әжем
наурыз көжеге
Жеті
түрлі ас салды.
Наурыз тойын қарсы алып.
Әдемі әнді таңырқап
Тыңдасын ел тамсанып
Тәрбиеші:
Салт-дәстүр
Әр
ұлттың өзінің салт- дәстүрлері болады.
Мысалы қазақтың салт- дәстүрлері:
шілдехана, тұсау кесу, сүндет той,
қырқынан шығару, келін түсіру, бесікке
салу т,б.
Бүгінгі көрсетілетін
салт-дәстүр бесікке салу.
Әже
көрсетеді
Бесікке
салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу
рәсімі. Бесікке саларға шақырылған
ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын
ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі
ұрпақөсірген қадірменді әйелге
тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі
келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды,
сәбидің әжесі не шешесі түбектің
тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.
Осыдан кейін бесікті отпен аластап,
баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге
көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.
Үлкендер батасын беріп, баланың ер
жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына
тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры
айтылады:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ
бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем,
жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның
құйрығын
Музыка ойнап залға
Қызыр ата кіреді:
Ассалаумағалейкум халайық, Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.
Ұлыс оң болсын,
Тәрбиеші:Сәлеметсізбе ата жоғары шығыныз,біздін мерекемізге қош келдініз төрлетініз,балалрдың өнерін тамашаланыз
Тәрбиеші:
Оу, халайық, халайық,
Биге көңіл салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!
Ұлдардын орындауында биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші:Ей, балалар, балалар
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде», «Қыз қуу»,. Ал, балалар, ендеше «Қыз қуу» ойынын ойнап күшімізді сынап көрелік! Ұлымыз қызымызды атпен қуып жету керек. (балалар қыздарды аптен қуады)
Рахмет! Отырамыз!
ӘН «көктем»
Тәрбиеші
Ұлыс күні қазан толса,
Сол жолы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.олай болса, Қызыр атамыздан бата сұрйық.
Қызыр ата бата береді:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Қуаныштарын көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді)
Тәрбиеші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз
сау, мықты болсын!
Наурыз тойы
келе берсін!
Барлық халық бақытты
болсын,
Қош, сау болыңыздар,
халайық!
Көріскенші күн жарық
болсын!
Құрметті қонақтар бүгінгі ертеңгілігімз өз мәресіне жетті. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын: Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген