400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертөстік балалардың қонағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Ертөстік балалардың қонағы» деп аталады. Балалар, қараңдаршы мынау Ертөстік. Ертөстік ол ертгеі кейіпкері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспект жоспары


Тобы: ересек топтарға арналған

Саз жетекшісі:Мендоллина Жайнагуль Орынхановна

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Ертөстік балалардың қонағы»

Мақсаты:

Білімділік: Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, ермексаздан нанның мүсінін бейнелу. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Музыкаға деген қызығушылықты дамыту, музыкалық мәнерлік тәсілдерін ажырату дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: балалардың эстетикалық сезімдерін, орындау дағдыларын дамыту, көркем бейнені эмоционалдықпен білдіру ықыластарын тәрбиелеу. Балаларды музыкалық мәдениетіне бейімдеу, ұлттық мәдениетке қызығушылықты дамыту, әр ұлттың адамдарына достық пейілін тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: Қазақ тілінде – Ертөстік , орыс тілінде ағылшын тілінде – .

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Ертөстіктің суреті, нота кітаптары, үнтаспа, музыкалық орталық және ойынға қажетті құралдар.

ҰОҚ бөлімдері

ҰОҚ-нің барысы

Кіріспе

Балаларды көңілді әнмен саз залында қарсы аламын.
Балаларды әуен ырғағын сезіне, ара қашықтық сақтай, ширақ адымдауларына көңіл бөлемін. Әуен аяқталуымен дәл тоқтауларын бақылап, әндете амандасады.

Саз жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме балалар.
-
Балалар, біз бір - бірімізбен амандастық, енді қараңдаршы бізге қонақтар да келіпті. Қанекей, қонақтармен де амандасайық. Ал енді балалар шаттық шеңберін айтайық.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар. .

Мен анамдай боламын.

Жарайсыңдар, балалар! Ал енді барлығымыз шеңбер бойымен ырғақты қимылдар жасайық.

IМузыкалық-ырғақты қимылдар.

Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға жайғасамыз.

Негізгі бөлім

- Балалар біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Ертөстік балалардың қонағы» деп аталады. Балалар, қараңдаршы мынау Ертөстік. Ертөстік ол ертгеі кейіпкері.

Ән тыңдау:

- Балалар, қазір сендер үнтаспадан «Кел, билейік!» әнін тыңдайсыңдар. Балалар, қазір біз сендермен ән тыңдаймыз. Әнді ести отырып, көз алдарыңа нені елестеттіңдер?

Артикуляциялық жаттығулар:

Балалар, қазір біз сендер мен жаңа ән үйренеміз, ең алдымен дауыс жаттығуларын жасап алайық. Ән айтар аладында кеудені тік ұстап, дауысымызға жаттығу жасайық.

1. Ауыз ішінде тілімізді оңға, солға, жоғары, төмен түйрейміз.

2. Саусақтың үштарымен шаштың түбінен бастап, бетімізге жеңіл массаж жасаймыз. 4 рет.

3. Арыстанның аузын ашып, Крокодилдің жағын қолмен көрсетеміз.

4. 10-ға дейін санау.

- Балалар, біз бүгін «Көктем өрнегі» Ән көңілді жылдам орындалды. Қанекей, ең алдымен әннің мәтінін жаттайық.

«Соқыртеке» ойынын ойнаймыз.

Балаларға ойын шартын түсіндіреміз.

«Көбелек» биі

Әннің 1-шумағында көңілдене аяқ ұшымен жүгіріп, қанаттарын сермеп, шеңбер бойымен жүгіріп келіп тұрады. Оң аяқ ұшын оңға қарай созады, екі қолын екі жаққа ашады. Келесі қимыл оң қанатын сермеп, оңға қарай майыстырады. Жақсы балалар!

Қорытындылау

Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бір-бірімізге тілек сөздер айтып, бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз! Сау - болыңдар балалар! Музыка сүйемелдеуімен қоштасамыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 сәуір
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі