Тақырыбы: «Эрудиттер
байқауы»
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды тапқырлыққа,
табандылыққа, іскерлікке
дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен
ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз
бетімен
қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мақсатқа жету
барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген
сенімін
арттырып үлкен жетістіктеріне жетуіне
тәрбиелеу
Түрі: Зияткерлік
сайыс
Пән аралық
байланыс: Математика,физика,география,
информатика пәндері т.б.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейне
жазбалар, слайд, көрнекіліктер.
Барысы:
І.Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке
жиналған физика, математика мен информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі
біздің эрудиттер байқауына қош
келдіңіздер!
ІІ.Жүргізуші:
Мінеки залда
тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Математика апталығында
Кешімізді бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика - құрметтеуге
лайық
І.Жүргізуші
Компьютер – сенің
көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрінде –
Ақпараттық заманның, дей келе бүгінгі кешімізді
бастайық.
ІІ.Жүргізуші: Эрудиттер байқауы
мектебіміздің 5-7 сыныптары арасында өтеді. Байқау жоспарымен
танысайық.
Жоспар: І бөлім:
1. Бәйге
2. Жорға
3. Дода
4. Жүйрік
Сайыс ережесі: Әр топқа мен
қатысамын деген төрт оқушыдан үш команда құралады. Әр бөлімнен
сүрінбей өткен команда жеңіске
жетеді.
І
жүргізуші:Әділ-қазылар
алқалары:
1. География пәнінің мұғалімі: Г.Н.Жубанышева
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Л.К.Жантемирова
Әр топ өзідерін таныстырып өтсін.
ІІ
жүргізуші: І бөлім.
Бәйге.Әр ұяшықта математика,
информатика, география пәндерінен екі сұрақтан берілген. Әр сұраққа
бес ұпайдан.
1.
Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың
бір әпкесі бар. Жанұяда неше бала бар?
(бес)
2.Қағаздағы көріністі
экранға түсіруші құрал?(сканер)
3.Егер түнгі сағат 12-де
жауын жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күннің ашық болуын күтуге бола
ма?
Жауап: жоқ. 72
сағаттан кейін түн болады.
4.Пернетақтада неше перне
бар? (101,102)
5.Жерге ең жақын ғаламшар.
(меркурий)
6.Ең ұзын өзен. (Ніл
7.)
Осы бөлімнен жинаған балдары
есептеледі.
Ең қиыны жарыстың
“Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен
ерді.
«Жорға» бөлімі деп аталады. Бұл
сайыста шапшаңдық керек. Олай болса, жүзден жүйрік
сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Сайысты көп балл жинаған
топтан бастайық. 10 сұрақ тыңдап , жауап беру керрек.
Сайыскерлеріміз дайын болса, сәттілік тілеп, сұрағымызды
бастайық.
1топ.
1. Компьютерді ең алғаш
шығарған фирма. (Иняк)
2. Ең суық материк?
(Антарктида)
3. Қандай санның кубы 27 ге
тең? (үш)
4. Жаз айларын атаңыз?
(маусым, шілде, тамыз)
5. Қазақстан Республикасы
туындағы тәуелсіздіктің белгісі. (бүркіт, ою,
күн)
6. Ең кіші планета?
(меркурий)
7. Футбол алаңында, бір
командада неше ойыншы ойнайды? (11)
8. «Қыз Жібек» фильмінде Қыз
Жібек рөлін ойнаған кім? (М.Өтекешова)
9.
Нөл температурада су неге айналады?
(мұзға)
10.
Қан қысымын өлшейтін аспап?
(спигмоманатор,
термометр)
2
топ:
1.
Адам мен компьютер арасындағы байланыс .
(интерфейс)
2. Батаның қандай түрлерін
білесіз? (дастархан бата, наурыз бата)
3.
Интернетпен байланыс жасайтын
құрылғы? (модем)
4. 1 ден 5 ке дейінгі
сандардың көбейтіндісі қай цифрмен аяқталады. (0 мен
аяқталады)
5. Абылай ханның шын аты .
(Әбілмансұр)
6. Қыс айларын атаңыз?
(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
7. Астананың бұрыңғы атауы.
(Қызылорда)
8.
Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдар. (наурыз, жаңа жыл, көрісу,
шілдехана)
9. Кереге басы мен шаңырақты
ұстастыратын ағаш . (уық)
10. 1 кг қанша грамм
бар? (1000
гр)
3 топ.
1.Вирустың әсерін жоятын
программа. (антивирус)
2. “Кел, балалар оқылық”
өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)
3. Қазақ халқының ұлттық
киімдерін атаңыз. (шапан, камзол, кимешек,
сәукеле)
4. Компьютердің негізгі
құрылғылары. (монитор (экран), пернетақта, жүйелік
блок)
5. Үнемі солтүстік бағытты
көрсетіп тұратын жұлдыз? (темірқазық)
6. Бірінші қазақ киностудиясы
кімнің атымен аталды? (Ш.Айманов)
7. 3 –ке бөлгенде екі 2 бүтін
шығып, 2 қалдық қалды , ол қай сан? (8)
8. “Компьютердің атасы” деп
кімді атаған? (Бебидж)
9. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
қай ханның тұсында жазылған? (Тәуке хан)
10. Кеңестер одағында бірінші
ЭЕМ – ға басшылық жасаған академик ғалым .
(Лебедев)
Біреуінің жүрегінің түгі
бар,
Біреуінің арқалаған жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы
бар, - дей
келе «Дода» бөлімін
бастаймыз.
Информатика, математика,
география пәндерінен сұрақтар беріледі, таңдаған ұпайларындағы
жауапты дұрыс тапсандар, сол ұпай қоржындарыңызға
түседі.
Информатика.
Ақпараттың өлшем
бірліктері 20 ұпай
Мәтінде барлық әріпті
бас әріппен жазатын перне. 30 ұпай
Компьютерде мәтінді
қағазға басып
шығаратын
құрылғы.
Бейнесұрақ 40
ұпай
Математика
Қай айда 28 күн
бар? Барлық айда
20
Қайыңда 50 жаңғақ өсіп
тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ
түсіп қалды. Қанша
жаңғақ қалды?
- Қайын ағашында жаңғақ
өспейді. 30 ұпай
Бейнесұрақ. 40
ұпай
География
Жердің табиғи серігі.
(Ай) 20 ұпай
Жерді айналып шыққан
тұңғыш саяхатшы. (Ф.Магеллан) 30
ұпай
Бейнесұрақ.40
ұпай
«Жүйрік» бөлімін
бастаймыз.
Берілген сөздерден бір минут
ішінде сөздер құрастыру. Мағынасы бар, көп сөз құрастырған топ
жеңіске жетеді.
Математика
Информатика
Жаратылыстану
Көрермендермен
ойын
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ – жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар
жеңіске.
Бір сан табыңдар, квадраты
өзінің жартысына тең болсын! 0,5
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен
басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 12 құс. (Тордан ұша
алмайды)
2 адам шахматты 2 сағатта
ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? -2 сағат
ойнайды
3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай
алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат
керек? - 3 сағат
100 шөжек, 100 кг бидайды 100
күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді? - 1
кг
Бірінші төрт аяқты, кейін екі
аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
-
Адам
Суды елекпен қалай тасуға
болады?
мұз
қылып қатырып
Қай
жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
Сөздікте
Сөзді әділ-қазылар алқасына
берелік!
Информатика - болашаққа
бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс
аяқталды.
Марапаттау жеңімпаз топтарды,
белсене қатысқан оқушыларды.
Қадірлі ұстаздар, оқушылар,
уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін
рахмет!
Өткізген:Байжанова Айжамал Боранбаевна
– Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шағатай ауылы,
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, информатика пәнінің
мұғалімі