15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ес туралы ұғым" ашық сабақ
Пәні:Психология
Сабақтың тақырыбы:Ес туралы ұғым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ес,оның түрлері,процестері жайлы мәліметтер беріп, сол жайлы білімдерін кеңейту
Б) Тәрбиелік: Мағыналы есте қалдыруға тәрбиелеу
В) Дамытушылық:Оқушылардың бойындағы сөз-логикалық есті жан-жақты дамыту
Көрнекілік
құралдары: схемалар,нақыл
сөздер,тесттер,қима суреттер,
секундомер
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
-Амандасу
-Түгендеу
-Шаттық шеңбері
«Қайтала» сіріңке шиімен ұйымдастырылады Бұл ойынды оқушылар жұптарымен ойнайды. Әр балаға сіріңкенің 6 шиінен беріледі. Екеуінің біреуі сол шилерден қандай да бір затты құрайды. Екіншісі бірнеше секунд көлемінде қарап алады да, оны қайтадан жасауға тырысады. Содан кейін оқушылар орнын ауыстырады, екіншісі көрсетеді, біріншісі қайталайды.
Жаңа сабақ
Абайдың
қара сөздері арқылы бүгінгі тақырыпты
ашу.
...естіген нәрсені ұмытпастыққа
төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі
байлаулы берік болмақ керек. Екінші –
сол нәрсені естігенде, я көргенде
ғибратлану керек. Көңілденіп, тұшынып,
ынтамен ұғу керек. Үшінші- сол нәрсені
ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,
көңілге бекіту керек. Төртінші- ой
кеселді нәрселерден қашық болу керек.
Егер кез болып қалса, салын суға батпау
керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық,
ойын-күлкішілдік, я бір
қайғыға салыну,
я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл
төрт нәрсе- күллі ақылмен ғалымды
тоздыратын нәрселер.
(Суреттерден көрсету)
Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс
Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды
Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс
Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды
Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс
Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды
Есте сақтау ойындары(суреттер арқылы)
«Мен 10 заттың атауын білемін…» Бұл топтық ойын. Оқушылар шеңберге отырғызылады. Допты шеңбер бойынша бір-біріне бере отырып, әр оқушы бір сөзден айтады: «Мен… ағаштардың… 10… атауын… білемін… қайың – бір, самырсын – екі, емен – үш» деп ары қарай жалғастырады. Жалғастыра алмаған оқушы ойыннан шығады.
Сергіту сәті (видеоролик)
«Сөздер тізбегі» ойыны Оқушылар шеңберге отырғызылады. Бірінші оқушы кез-келген бір заттың атын атайды. Мысалы: «ірімшік». Екіншісі алдыңғы айтылған сөзді атайды да, өзі бір сөз қосып айтады. Осылайша жалғаса береді. Әрбір келесі ойыншы алдында айтылған барлық сөзді ретімен атап шығады да, өзінің сөзін қосып отырады. Кім шатасады, сол ойыншы ойыннан шығады. Ал ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.
«Есте сақта және тап» 3-4 картинада берілген суреттерді есте сақтап, оларды атау қажет. Содан соң балалар сол бейнелерді 10-12 дана ұқсас суреттердің арасынан табу керек. Бұл жаттығуды сандар мен әріптерден де жасауға болады. Ол үшін арнайы әріптер мен сандар кассасын пайдалануға болады.
Қорытынды.«Шатаспай есте сақта» Әр баланың алдына әртүрлі заттар бейнеленген 10-15 карточка қойылады (алма, троллейбус, шәйнек, ұшақ, қалам, машина, ат, әтеш т.б.)
-
«Қазір мен сендерге бірнеше сөздерді
атаймын. Алдыңдағы суреттерге қарап,
мен айтқан сөзді есте сақтауға көмектесетін
бір затты таңдап ал да, оны бөлек жерге
қой», — деп нұсқау береді. Бірінші сөз
оқылады. Бала алдындағы суреттен таңдаған
соң, екінші сөз және ары қарай осылайша
оқылады. Бала психолог айтқан сөзді
қайталап, өз заттарының ішінен
байланыстыратын суретті алып, есінде
сақтауы қажет. Мысалы: өрт, зауыт, сиыр,
орындық, әке, отыру, мейірімділік т.б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген