Есеп дефектолог

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есеп дефектолог

Материал туралы қысқаша түсінік
керемет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Максим Горький атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектолог маманының 2024-2025 оқу жылында атқарылған I жарты жылдық есебі



Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің 2024-2025 оқу жылына арналған педагог -дефектологтың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:

Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды оқу–тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балалардың даму деңгейін диагностикалау және оқудағы үлгермеуінің себебін анықтау

2. Балалардың жалпы даму денгейін көтеру мақсатында жекелей түзете-дамыту сабақтарын жүргізу.

3.Толық меңгерілмеген оқу шеберлігі мен дағдыларын, таным сферасы мен сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылықтарды түзетуді қалыптастыру бойынша оқушылармен жеке жұмыс жүргізу; жаңа оқу материалдарын қабылдау мен меңгеруге бағытталған дайындық.

4. Ата - аналармен байланыс жұмыстарын жүргізіп, балаларға көмек көрсетудің арнайы әдіс – тәсілдері туралы кеңес беру.

5. Жекеленген және топтық түзету сабақтарының тиімділігін арттыру үшін дидактикалық материалдар жиынтығын құру.

6. Ойын, жаңа технологиялар арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру.

Жалпы оқушы саны: 9

Психикалық дамуы тежелген, жеңіл ақыл-ойының кемістігі бойынша оқушыларға арналған жылдық жоспар және күнтізбелік жоспар құрылды. Жылдық жоспар бойынша жоспарланған жұмыстар уақытында орындалуда:

Қыркүйек айында балаларға диагностикалық тексеру жүргізіліп, жеке даму бағдарламасы құрылып, жылдық жұмыс жоспары жұмыс уақытының циклограм- масы бекітілді.

Қазан айында күнтізбелік тақырыптар бойынша түзете-дамыту жұмыстары жұргізілді.

Қараша айында «Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне тренинг- практикум жоспар бойынша өткізілді.

Желтоқсан айында, тәуелсіздік күніне орай ерекше білімді қажет ететін білім алушылар арасында «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында суретсалу байқауы өткізілді.Үздік деп танылған жұмыстар І,ІІ,ІІІ жүлделі орындармен марапатталды. «Қош келдің жаңа жыл» тақырыбында ерекше білім қажет ететін білім алушыларға мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Желтоқсан айында «Ерекше білімді қажет ететін оқушылырды түзете-дамыту бағытындағы жұмыстың әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.















Т.Рысқұлов ауданының білімі Максим Горький атындағы орта мектебінің Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдау кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Педагог-дефектолог маманының 2024-2025 оқу

жылында атқарған І жарты жылдық есебі











Педагог-логопед: Әжім А.А.














Луговой ауылы



Еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне қайта енген бұл күннің маңыздылығы ерекше. Көпұлтты еліміздің достығы,жеткен жетістігі,жас буынға бүгінгі Жаңа Қазақстанның патриоттығын айқындайтын тарихи мереке. Бұл күн- ата -бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан,елімізге еркіндік сыйлаған-Ұлы күн!Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап,келешегі көркейе берсін.Сіздерге мықты денсаулық,отбасыларыңызға бақыт,сәтті күндер,еңбектеріңізге зор жетістіктер тілейміз!!!

#ерекшебілімберуқажеттілігібарбалалардықолдаукабинеті

https://www.instagram.com/reel/DBhE0m0tGfp/?igsh=N2NiaXgweXRteXdi

[09:11, 31.12.2024] Камшат Ержановна: 05.11.2024 ж. күні Максим Горький атындағы орта мектебінде Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сабақ беретін пән мұғалімдеріне әдістемелік кеңес өткізілді, кеңес барысында ЕББҚ балаларды қолдау кабинетінің әдіскері К.Е.Жуанышева Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ұсынған 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат пен оқу жоспары бойынша және ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу – тәрбие процесін реттейтін нормативтік құжаттар (ондағы өзгерістер мен толықтырулар) туралы әдістемелік бағыт – бағдар берді.

ЕББҚ балаларды қолдау кабинетінің психологы Б.С.Бекешова "Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін ойын-жаттығулары арқылы дамыту" туралы түсіндірді.

Мектеп психологы Г.Ж.Кембаева ҚР БҒМ «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің

ережесімен» (12.01. 2022 жылғы № 6 бұйрығы Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 300 бұйрығы, 26.06.2024 жылы №165) таныстырды.

https://www.instagram.com/p/DCCeFJStDOv/?igsh=MWN3amFsZjdzdjMz

[09:11, 31.12.2024] Камшат Ержановна: Қараша айының бірінші аптасында "Максим Горький атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан ашылған ЕББҚ балаларды қолдау кабинетінің мамандары мен пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің ерекше білім беруді қажет ететін балаларымен

"Біз бақытты баламыз" атты спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шараның мақсаты білім алушылардың жарыстарға қызығушылықтарын арттыру, спортқа деген сүйіспеншіліктерін нығайту, жеңімпаз болуға жігерлендіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу және дене мәдениетін қалыптастыру. #спортөмір#бізбақыттыбаламыз

https://www.instagram.com/p/DCChlZuNBcf/?igsh=MXhtN3c1b3IwbzBidA==

29.11.2024 ж.күні Максим Горький атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "ЕББҚ бар балаларды қолдау" кабинетінің ұйымдастыруымен қараша айының оқу - тәрбие жоспарына сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беретін пән мұғалімдеріне "Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕББҚ) бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары мен заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану" тақырыбында әдістемелік көмек көрсетілді.

ЕББҚ бар балаларды қолдау кабинетінің педагог - психологы Б.С.Бекешова ұжымда жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында "Қарым - қатынас жарастығы" тақырыбында тренинг өткізді.

Педагог - дефектолог А.Қ.Кәсен "Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың қоршаған орта туралы түсінігі" тақырыбында баяндама оқыды.

Мақсаты: Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың танымдық және эмоционалдық ерекшеліктерін дамытуда қолданылатын оқыту әдістері мен құралдарын әзірлеудің маңыздылығын түсіндіру.

Педагог - логопед А.А.Әжім ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сабақ барысында қолдану мақсатында пән мұғалімдеріне "Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында бірқатар миға арналған және тыныс алу жаттығуларының түрлерімен таныстырды.

Қорытындылай келе пән мұғалімдері көрсетілген әдіс-тәсілдер бойынша пікірлерін, ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау кабинетінің әдіскері К.Е.Жуанышева жиын соңында қорытындылап, іс-тәжірибе көрсеткен арнайы педагогтар мен қатысқан пән мұғалімдерінің жұмыстарына табыс тілеп, алғысын білдірді. #ерекшебалалардықолдау #жамбылбілім #әдістемеліккеңес

https://www.instagram.com/reel/DC9y8Wfo4Hz/?igsh=ZTBkeG53MXpraHFl

Максим Горький атындағы орта мектебінде тәуелсіздік күніне орай «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Басты мақсат – өскелең ұрпақтың Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты шәкірттердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын.

Ұсынылған жұмыстардан таңдап алынған тақырыпқа жеке көзқарастарды көруге болады. Бұл байқау балалардың арманы мен қиялының шексіз әлем екендігін танытқаны даусыз. Олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан баяндалады.

«Менің елім - Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған сурет байқауының қорытындысы шығарылып, оқушыларға алғыс хаттар мен грамоталар берілді.

https://www.instagram.com/reel/DDhlnftoBqT/?igsh=MWs5d3RzM25ycnpkcQ==

23.12.2024 ж.күні Максим Горький атындағы орта мектебінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға "Төрлет, Құтты Жаңа жыл!" атты жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырылып, арнайы шақырылды.

Мақсаты: мүмкіншілігі шектеулі балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауына, ортаға шынайы өмірге бейімделуіне ықпал ету.

Мектеп әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған мерекелік іс- шараға ЕББҚ бар 33 бала қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді ойындар өткізілді. Оқушылар арнайы келген ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдарын тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

Және осы жаңа жыл мерекесіне @happykids_kulan (Ақниет) ұжымының демеушілігімен арнайы келген робот-трансформер балаларға тосын сый жасап, таңқалдырды. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Балалардың қуанышына себепкер болған барша демеушілерімізге алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңыз алға баса берсін.

Келе жатқан Жаңа 2025 - ші жылан жылы баршамызға жақсылықтар мен табыстар әкелсін!!!

#жамбылбілім #ерекшебалалардықолдау #жамбылбілімбасқармасы #дарафонд #ерекшебілімберуқажеттілігібарбалалардықолдаукабинеті #happikids #инклюзия

https://www.instagram.com/p/DD7vLxJxuQp/?igsh=MW10M2xvazRzdGxwYQ==

«Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды түзете-дамыту бағытындағы жұмыстың әдіс-тәсілдері»

Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылы 27 желтоқсан күні Максим Горький атындағы орта мектебінің базасында педагог – психологтарға арналған «Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды түзете-дамыту бағытындағы жұмыстың әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар – практикум өтті.

Іс – шараның мақсаты – жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға түзете – дамыту пәні бойынша сабақ беретін педагогтарға білім алушылардың танымдық саласын және әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту, олардың психикалық дамуын ынталандыру және оқу бағдарламаларын табысты меңгерулеріне оңтайлы жағдайлар жасау.

Семинардың ашылуында мектеп директоры О.Л.Шымирбекова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б.Бекбосынова, ЕББҚ бар балаларды қолдау кабинетінің әдіскері К.Е.Жуанышева сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар бағдарламасы бойынша мектептің педагог – психологы Г.Ж.Кембаева «Сәлемдесу салтымыз» тақырыбында тренинг жүргізді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау кабинетінің педагог – психологы Б.С.Бекешова «Ұсақ моториканы дамыту» тақырыбында практикалық сабақ көрсетті.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау кабинетінің педагог – ассистенті М.Т.Абдраймова «PECS карточкаларын сабақ барысында қолданудың тиімділігі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. Педагог – логопед А.А.Әжім «С» дыбысын машықтандыру, «С,Ш» дыбыстарын ажырату» тақырыбында сабақ көрсетті. ЕББҚ бар балаларды қолдау кабинетінің әдіскері К.Е.Жуанышева мен мектеп психологы Г.Ж.Кембаева «Бала - болашақтың жалғасы» тақырыбында топтық жұмыс жүргізіп, педагогтарды ынтымақтастыққа және өзара әрекеттесіп жұмыс жасауға шақырды. Семинар соңында «Әр бала ерекше, барлық бала тең» тақырыбында бейне үзінді көрсетіп, педагогтарды сөзге тартты. Семинарға келген педагогтерге ақпараттық – әдістемелік көмек беріліп, тәжірибе алмасты. Қатысушылар семинарды жоғары деңгейде өтті деп бағалады.

https://www.instagram.com/p/DEFXaOKIbIq/?igsh=dTE2dzh2ZGg1aHl5














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі