жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Есеп деңгейлік курс барысында
Омирбек Рысгуль «Мектептегі мұғалім көшасшылығы А бөлімі ПШО ЖМ филиалы Талдықорған қ. мұғалім протфолиосы
А Оқуыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасынан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін ,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. (МАН 7б) Осы курсқа келгенге дейін мен 7 модульді жоспарланаған бір сабағымда бірнеше модульді ықпалдастыруға болатынын естісем деп сабақ жоспарыма енгізіп көрмеген едім.Осы курс барысында теориялық біліміме сүйене отырып тізбектелген сабақтар топтамасына модульдің бірнеше түрін ықпалдастыра отырып сабақ мақсатына тиімді жетуге болатынын түсіндім. Мектептегі іс-тәжірбиемде өтілетін тізбектелген сабағымды 2 сыныбымда әдебиеттік оқу пәні бойынша өтуді жоспарладым.Vтараудың Салт-дәстүр бөліміне негізделген сабақ тақырыптарымды белгіледім.
Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті тарауының мақсаты:
-төрт түлік мал туралы білген білімдерін жетілдіреді;
-берілген кестеге төрт түлік малды сипаттап жазады;
-өтірік өлең құрастыру барысында өлеңнің ұйқасын табады;
№1 сабақтың тақырыбы «Бұзауқаным ,сиыр». Оқушыларға блум таксономиясына негізінде жаңа тақырыпты өздері ашып, түсініп, білуге ықпал етемін. Білу, түсіну барысында оқушылардың арасында пікір туғыза отырып төрт түлік малдың пайдасы мен зияны,олардың төлдері,оларды қалай дұрыс шақыру туралы пікір талас туғызамын.Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында АКТ-ны қолдана отырып жұмыс жүргізуді ұйымдастырамын.Сюжетті суреттердің желісі барысында «Сипаттау» әдісін қолдану арқылы сиыр жануарын сипаттауға арналған түрткі сұрақтарға жауап беру керектігі түсіндіріледі. Келесі тапсырма «Кестені толтыр» әдісі аясында сиыр жануарының пайдасын кестеге толтыру мен ақпарат көздерінен сиыр малының қандай өнімдері экспортқа шығарылатынын іздеу тапсырмасын ұйымдастыру үшін ақпарат құралдарын беремін. Қабілеті жоғары және ақпарат көздеріне икемі бар оқушылар берілген тапсырман жеделтетілген уақытта орныдайды деген сенімдемін. Сабақ соңында «Нысана» арқылы кері байланыс аламын.
№2 сабақтың тақырыбы «Ботақаным Мәтін :Түйе».Сабақ барысында оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында логикалық сұрақтары қойыла отырып, жауаптары сұралады.Сабақтың келесі тапсырмасы жеке жұмыс негізінде орындалады. Бұл тапсырмада жұмбақтың шешуін болжайды. Оқушылардың терең ойлаулары үшін «Ашық сұрақтар» қою арқылы жұмбақтың шешуіне бағытталған сұрақтар қоямын. Диалогтық оқытудағы пікір талас дағдысын қалыптастыру аясында «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушыларға жұппен жұмыс беремін. Интербелсенді тақтадан серпілмелі сұрақтар арқылы аясында оқушыға кесте беріледі, сұрақтарға жауап бере отырып кестені толтырады. Сабаққа кері байланысты «Білім қоржыны» әдісімен аламын.
№ 3сабағымның тақырыбы «Қожекеңде қонақта,Мәтін:Қожанасыр мен Алдаркөсе».Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру аясында зейіндерін шоғырландыра отырып, өтілетін сабақтың тақырыбын ашып алуды ұсынып отырымын. Берілген шығармаға сұрақтар құрастырып, құрастырған сұрақтарын парталас досына қояды. Бірінші партадан бастап сұрақ-жауап жүргізіліп отырып, үшінші партадағы оқушыларға келген кезде «стоп» сөзін айтамын.Стоп сөзінен кейін үшінші партаның оқушыларына шығарманың мазмұнын айттырамын. Мәтіндерді оқып, түсініп, негізгі ойын анықтатамын. Әр оқушының түйінді ойын тыңдап, қорытынды шығаруына ықпал етемін.Бұл тапсырма яғни дарынды оқушылардың өз ойларын анық, жүйелі жеткізетініне сенімдімін. Ал қолдауды көбірек, аз қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қоя отырып, тапсырманың мақсатына жетуге ықпал тудырамын.Сыныбымның топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптаса қоймағандықтап осы сабағымда топпен жұмыс жасауға,жұмыс жасай отырып сыни ойлауының қалыптасуына, тақырып бойынша тұжырым жасай білулеріне, топ ішінде әңгімелесе отырып жұмыс жасауларына, топпен ортақ идея ұсына алатындай қабілеттерінің дамуына негіздей отырып «Борт журналы» әдісінің аясында шығармашылық тапсырма ұсынамын. Сабақ соңында «СМС» арқылы кері байланыс аламын.
№4 сабағымның тақырыбы «Өтірік өлең құрастырамын.Мәтін :Өтірік өлең».Сабағымның мақсаты; 2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру. Бұл сабақты ҚМЖ-да түсіндіремін.
Сабақтарымда модульдерді біріктіре отырып жоспарласам, оқушыларым үшін әрбір сабақтың маңызы мен құнды болатынына сенемін. Модульдерді ықпалдастыра отырып сабақ мақсатына негізделген әдіс-тәсілдерді тиімді жоспарласам мен сабақтың мақсатына толықтай жететінімен сенемін.
Тізбектелген сабақтар топтамасында 2 сыныбында әдебиеттік оқу пәнінің «Салт дәстүр» бөліміндегі «Өтірік өлең. Өтірік өлең құрастырамын» атты тақырыпта жүргізуді жоспарлаудамын. Сабақ жоспарыма 7 модульді ықпалдастырып, тиімді пайдалануды мақсат еттім. Сыни тұрғыдан ойлауды өз сабағымда басымдық ретінде алдым. А деңгейлі оқушылар арасында бәсекелестік байқалатын, өзімшілдеу қасиеттері көрініп тұратын, үлгерімі төмендеу оқушыларға көмек бергісі келмейтін және де басқалардың пікірлерін сыйлай бермейтін. Қалған оқушылардың мүмкіндігі көрініп тұрса да өздеріне деген сенімдерінің аздығы сабақ үлгеріміне кері әсер ететін. Сол себепті мен сыни тұрғысынан ойлауға дағдыландыру арқылы жұмыс жасау нәтижесінде және топтық жұмыс арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жекізуді мақсат еттім: сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, бірлесіп жұмыс істеу және бір-бірін тыңдату, топтағы жұмыстар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру. Және сынып оқушылары арасында бір-біріне қолдау мен көмек орынату. Себебі, Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті (Нұсқаулық 39 бет).
Сабағымды бастар алдында сыныпта ынтымақтастық атмосфераны орната отырып және оқушылардың қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру мақсатында Bilimland бағдарламасынан бүгінгі тақырып мақсатына бағытталған бейне көрсетілім ұсынамын. Бейне көрсетілімді ұсына отырып, оқушылардың болжау қабілеттері мен сыни ойлау дағдылары артады деп ойлаймын. Себебі; бейне көрсетілім күлкілі оқиғаға негізделген. Сонымен қатар көрсетілім өтірік өлеңнен құрастылған. Әр оқушыдан көрсетілімнен кейін бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Не себепті солай деп ойлайсың? Олай ойлауға көрсетілмдегі қандай көрініс себеп болды? Дегендей сұрақтар қоямын. Бұл ашық сұрақтар оқушылардың бір-бірімен диалогқа түсуіне ықпал ете отырып оқушылар пікір таласқа түседі деп ойлаймын.Бұл тапсырмада диалогтық оқыту мен сыни тұрғыдан ойлау модульдері қатар іске асрылады деп есептеймін. Сабақта қалыптастырушы бағалауды үздіксіз жүргізіп отыруды жоспарлаудамын. Себебі оқушыны бағалап отыру, оқушыны алға ілгерлендіру деп есептеймін.
2-тапсырма «Кім жылдам» әдісі аясында оқушылар жаңылтпашты жаңылмай жаттап алып, ұмытпай тез-тез жатқа айтып береді. Жаңылтпашты жаттауға шектеулі уақыт ұсынылады. Берілген уақыт аралығында дарынды, талантты оқушылар сурылып шығып өз жаңылтпаштарын жаңылмай айтып береді. Жаңылтпашты жаттай отырып оқушылардың есте сақтай отырып тез жаттайды. Бұл тапсырманы оқушыларға «Еркін жазба» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жасауды жоспарлаудамын. Себебі барлық оқушы жаңылтпашты айтып болған соң оқушылардың есінде ең жақсы, жаңылмай айтқан оқушы естерінде қалады. Сол оқушының атын стикерге жазып партасының үстіне апарып жапсыртамын. Бұл тапсырма аясында дарынды,талантты оқушылармен жұмыс айрықша тиімді болады деп ойлаймын.
3-тапсырма барысында топпен жұмыс ұйымдастырамын. Тапсырманы «Болжау» әдісі арқылы оқушыларға өтірік өлеңнің желісін суреттер арқылы интербелсенді тақтада пазл құрастыртамын. Бұл тапсырма барысында бірнеше модульді кіріктіре отырып жоспарладым. Себебі; болжау әдісі арқылы оқушыларға ашық сұрақтар қоя отырып, олардың диалогқа түсуіне, сұрақтарға жауап бере отырып пікір таластың орын алуына ықпал ете отырып оқушыларға интербелсенді тақтада пазл құрастыртамын. Бұл тапсырма оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін АКТ-ның тағы бір құралын ұсынамын. Сабақ соңында «Плюс,минус» әдісі арқылы критерийге негізделген кесте арқылы оқушылардан кері байланыс аламын. Және оқушылардан ауызша ойларымен бөлісуді сұраймын.
4-тапсырма оқушылардың көре отырып, бірден тез ойлануына жақсы ықпал етеді деп ойлаймын. 2 сынып оқушылары болғандықтан менің сыныбым суреттер мен анимацияларға қатты қызығады. Сондықтан да мен осы тапсырманы жеке дара орындауға ұсынамын. Интербелсенді тақтада баланың өрмекшіге мініп қоянды қуып бара жатқан сурет ікөрсетіледі. Бұл тапсырманы «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып өтірік өлең құрастырады. Өтірік өлеңді құрастыруға оқушыларға белгілі уақыт өлшемі мен дескрипторы беріледі. Өтірік өлең құрастыра отырып оқушылар сыни тұрғыдан ойланады, іштей өзімен өзі ойын жинақтатамын. Оқушылар дескрипторға сүйне отырып суретке қарап өтірік өлең құрастыртамын. Сабақ соңында «Тілек беті» әдісі арқылы кері байланыс аламын.Міне, менің жоспарлап отырған сабағының түсіндірмесі.
ЖОСПАРЛАУҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕ
Сыныбы : 2 Пән Әдебиеттік оқу
Тарау: V бөлім. Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті
Тілдік мақсат:
-Төрт түлік, пір, төл,
-Төрт түлікті шақыру одағайлары
-Аңыз, өтірік өлең, ұйқас
№ |
Тақырыбы |
2.Негізгі оқу мақсаттары
|
3. Оқытуда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер |
4. Оқу нәтижелері |
5. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау |
6. Барлық оқушыларды оқуға тарту |
7. Негізгі дереккөз дер |
1 |
Бұзауқаным Мәтін:Сиыр
|
2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбе тін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау
|
1.Тапсырма: тақырыпты ашу барысында «Ой қозғау» 2.Сюжетті суреттердің желісі барысында «Сипаттау» әдісін қолдану арқылы сиыр жануарын сипаттауға арналған түрткі сұрақтарға жауап береді 3. Белсенді оқытудың «Кестені толтыр» әдісі аясында сиыр жануарының пайдасын кестеге толтырады |
Барлығы: кейіпкерлерді сипаттау барысында түрлі ақпараттар көзіне сүйеніп сұрақтар құрастырады. Басым көпшілігі: кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды,алған ақпараттарын кестеге салады. Кейбірі:кейіпкерлердің мінез-құлқын өз мінез құлықтарына салыстыра отырып алған білімдерін өмірде қолданады. |
1.Мадақтау
2.«Басбармақ» арқылы
3.Топтар бір-бірін «Бір сөзбен» әдісі арқылы бағалайды. Ауызша кері байланыс беріп отыру |
3. Белсенді оқытудың «Кестені толтыр» әдісі аясында сиыр жануарының пайдасын кестеге толтырады Қолдауды көбірек қажет ететіндерге: Мәтіндегі басты кейіпкерді табуға тірек сөздер беремін Қолдауды орта қажет ететіндерге: Тірек сөздер ұсынамын Қолдауды аз қажет ететіндерге: Ауызша нұсқау беремін |
Bilimland Сұрақтар
Сиырдың суреті
Кесте қималары |
2 |
Ботақаным Мәтін : Түйе |
2.2.2.1 - мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
|
1.Тапсырма: ойды шоғырландыру барысында «Ойлан тап» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын түсінеді 2.Белсенді оқытудың «Болжау» әдісін пайдаланып жұмбақтың шешуін болжайды. 3. Белсенді оқытудың «Сұрақ-жауап» әдісі негізінде жұппен жұмыс жүргізіліп сұрақтар құрастырлып, сұрақтарға жауап беру арқылы ақпараттарды түсінеді 4. Белсенді оқытудың «Серпілмелі сұрақтар» әдісі барысында түйенің пайдасы туралы кестені толтырады |
Барлығы: мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан табады,мұғалімнің көмегімен қателерін түзетеді. Басым көпшілігі: төрт түлік малдардың ерекшеліктері мен сипаттамаларына дәлелдер келтіреді Кейбірі: төрт түлік туралы жырларын қосымша ақпараттар көзінен табады |
1. «Басбармақ» әдісі
2.«От шашу»
3.«Жұлдызша»
4.Кері байланыс |
3. Белсенді оқытудың «Сұрақ-жауап» әдісі негізінде жұппен жұмыс жүргізіліп сұрақтар құрастырлып, сұрақтарға жауап беру арқылы ақпараттарды түсінеді. Қолдауды көбірек қажет ететіндерге: Сәйкестендіру суреттерін беремін Қолдауды орта қажет ететіндерге: Тірек сөздер беремін Қолдауды аз қажет ететіндерге: Ақпарат көздерін ұсынамын |
Суреттер төрт түлік
Жұмбақ шешіндегі жануар бейнесі
Lenionapss
Интербелсенді тақта |
3 |
Қожекеңде қонақта Мәтін : Қожанасыр мен Алдаркөсе Үш сом Қожанассырдың көшуі. |
2.2.8.2 - мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру |
1.Тапсырма: Зейінді шоғырландыру мақсатында «Ширату» әдісін қолданып суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашады 2.Белсенді оқытудың «Ара ұясы» техникасын пайдаланып шығармаға сұрақтар құрастыру арқылы мәтіннің мазмұнын ашады 3. Белсенді оқытудың «Бір сөйлеммен түйінде» әдісі негізінде көркем шығармалардың негізгі түйінін топтастырады 4. Белсенді оқытудың «Борт журналы» әдісі барысында топпен жұмыс жүргізіліп шығарманың негізгі ойын анықтап ойларын журналға жазады |
Барлығы: мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстырады Басым көпшілігі: берілген мәтіндер мазмұнына сай сұрақтар құрастырады, Кейбірі: берілген мәтіндердегі негізгі кейіпкерлердің рөлдерін сомдайды |
1.«Үш шапалақ»
2.«Жапондық мадақтау»
3.Критерий арқылы
4.Өзара бағалау
|
3. Белсенді оқытудың «Бір сөйлеммен түйінде» әдісі негізінде көркем шығармалардың негізгі түйінін топтастырады Қолдауды көбірек қажет ететіндерге: Көркем шығармалардан үзінді беремін Қолдауды орта қажет ететіндерге: Шығарма мазмұнына құрастырылған сұрақтар беремін Қолдауды аз қажет ететіндерге: Шыңармалардың негізгі мазмұнын анықтайтын түйін сөздер беремін
|
Кейіпкерлердің суреттер
Парақшалар
Борт журналы |
4 |
Өтірік өлең құрастырамын. Мәтін : Өтірік өлең |
2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру |
1.Тапсырма: «Күлкілі оқиғаға толы» бейне көрініс аясында тақырыпты ашу үшін «Кезбе тілші» әдісін ұсынамын. 2.Белсенді оқытудың « Кім жылдам» әдісі аясында жаңылтпашты жаңылмай айтады. 3. Белсенді оқытудың «Болжау» әдісі негізінде топпен жұмыс жүргізіліп өтірік өлеңнің желісін суреттер арқылы құрастырады 4. Белсенді оқытудың «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып өтірік өлең құрастырады. |
Барлығы: мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастырады Басым көпшілігі: өтірік өлеңдердің халық шығармасы екенін ,әзілге құрылатынын айтады Кейбірі: өтірік өлеңді құрастырады,құрастырған өлеңдерін жатқа айтады |
1.«Басбармақ» әдісі
2.«Еркін жазба»
3.«Плюс,минус» критерий
4.Критерий бойынша бағалау |
4. Белсенді оқытудың «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып өтірік өлең құрастырады. Қолдауды көбірек қажет ететіндерге:Бірінші, төртінші жолдары құрастырылған өтірік өлең ұсынамын. Қолдауды орта қажет ететіндерге: Ұйқасқа негізделген етістіктер беремін. Қолдауды аз қажет ететіндерге: Суреттерге негізделген тірек сөздер ұсынамын
|
Bilimland бейне көрініс
Жаңылтпаш
Өтірік өлеңге негізделген суреттер
Қима суреттер интербелсенді тақтада |
САБАҚ: Өтірік өлең құрастырамын. Мәтін : Өтірік өлең
|
Мектеп: Қайназар №1 |
||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі:Омирбек Р |
||||||||||||||||
СЫНЫП: 2 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру |
||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:
|
||||||||||||||||
мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастырады |
|||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||||||||||||||
өтірік өлеңдердің халық шығармасы екенін,әзілге құрылатынын айтады |
|||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: |
|||||||||||||||||
өтірік өлеңді құрастырады,құрастырған өлеңдерін жатқа айтады |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
|||||||||||||||||
Салт-дәстүр,өтірік өлең, ұйқас |
|||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
|||||||||||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: |
|||||||||||||||||
Өтірік өлең дегеніміз не? Өлең құрастыруда неге мән беруіміз керек? Өтірік өлең қандай тақырыптарда құрастырылады? |
|||||||||||||||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
|||||||||||||||||
Өтірік өлеңнің неліктен өтірікке негізіделіп құрастырылатынын айта аласыз ба? |
|||||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
|||||||||||||||||
Ұйқасқа негізделіп өтірік өлең құрастырады
|
|||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Өлең туралы біледі және өлеңнің белгілі авторы болатынын біледі.
|
||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар |
|||||||||||||||
Басталуы 2 минут |
1.Ұйымдастыру. Оқушылар пазл қималарын алады,әр қиманың бір бөлігінде өлең жолдары жазылған.Сол өлең жолдарына қарай үш топқа топтастырылады. |
Пазл қималары |
|||||||||||||||
3 минут |
2.Алдыңғы сабаққа шолу жасау Learning Apps бағдарламасында құрастырылған сұрақтар арқылы үй жұмысын тексеру (3 сұрақ) |
Learning Apps |
|||||||||||||||
5 минут |
3.Жаңа сабақтың тақырыбын болжау «Күлкілі оқиғаға толы» бейне көріністі көре отырып «Кезбе тілші»әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Бір оқушы «тілші» болып тағайындалады да сыныптастарына «Шын өмірде піл айға қонып ұшама?», «Тышқан аспандағы жұлдызды ұстап алама?», «Құмырысқа тасбақаға мініп шабама?»деген сұрақтар қояды. Сол сұрақтарға оқушылар өз ойларын айтады. Талқылауға арналған сұрақтар: Өлең дегеніміз не? Бейне көріністе қандай өтірік іс-әрекеттерді көрдік? Оқушылардың жауаптары тыңдалады да сабақтың тақырыбы айтылып оқушылармен бірлесіп сабақ мақсаты құрастырылады. ҚБ: «Басбармақ» арқылы бағалау |
Бейне көрсетілім Микрафон |
|||||||||||||||
Ортасы 5 минут |
2.Ж.Белсенді оқытудың «Кім жылдам» әдісі арқылы оқушыларға интербелсенді тақтадан жаңылтпаш көрсетіліледі. Тапсырмасы: 2 минутта жаңылтпашты жылдап, жаңылмай айтып беру ҚБ: «Еркін жазба» арқылы бағалау |
Жаңылтпаш |
|||||||||||||||
12 минут |
3.Т.Ж.Белсенді оқытудың «Болжау» әдісі негізінде топпен жұмыс жүргізіліп өтірік өлеңнің желісін суреттер арқылы құрастырады.(кітап 62 б) 1 -топ тапсырмасы өтірік өлеңнің бірінші жолын оқып сол өлеңде болған іс –әркеттерді суреттер арқылы постер қорғайды Суреттер:
2- топ тапсырмасы өлеңнің екінші жолын оқып сол өлеңде болған іс –әркеттерді суреттер арқылы постер қорғайды Суреттер:
3-топ тапсырмасы өлеңнің үшінші жолын оқып сол өлеңде болған іс –әркеттерді суреттер арқылы постер қорғайды. Суреттер:
Дескрептор: 1.өлеңді оқи отырып суреттерді орналастырады 2. өтірік өлеңнің мағанасын түсінеді. 3.өлең жолдарының реттілігін сақтайды ҚБ:«Плюс,минус» критерийге негізделіп кестемен әр топ бір -бірін бағалайды. Кесте Плюс,минус белгісін қояды
|
Өлең жолдары Өлең жолдарына негізделген суреттер
Постер Кесте |
|||||||||||||||
8 минут |
4.Ж. Белсенді оқытудың «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы әр оқушы өзі өтірік өлең құрастырады.Интербелсенді тақтада сурет беріледі.(кітап 63 б) Барлық оқушы өлеңді құрастырып, мәнерлеп оқып беру керектігі айтылады.
Дескриптор: -суретке қарап өлең құрастырады; -өлеңнің ұйқасын келтіреді ҚБ:критерий бойынша |
|
|||||||||||||||
Аяқталуы 3 минут |
Бүгінгі өткен сабақты «Шыншыл тақта» әдісі арқылы қорытындылаймыз. Әр оқушыға стикер таратылып беріледі, стикрге өтірік айтқан кездерін, кімге өтірік атқандарын еске түсіре отырып сол адамға «Өтірік айтқаным үшін кешіріңіз» деп жазады да тақтаға іледі және бірнеше оқушының кешірім сұрау сәтін сол адамға қоңырау шалып жазбасын таспалауға болады.(анасынан,әкесінен,әжесінен т.б) ҚБ: ауызша мадақтау |
Шыншыл тақта Ұялы телефон Стикер |
|||||||||||||||
Үй жұмысы Кері байланыс: 2 минут |
62 бет өтірік өлең жаттау «Кеме» арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс алу
|
Кеме |
|||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық
байланыс |
|||||||||||||||
«Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып өтірік өлең құрастырады. Қолдауды көбірек қажет ететіндерге:Бірінші, төртінші жолдары құрастырылған өтірік өлең ұсынамын. Қолдауды орта қажет ететіндерге: Ұйқасқа негізделген етістіктер беремін. Қолдауды аз қажет ететіндерге: Суреттерге негізделген тірек сөздер ұсынамын |
ҚБ: «Басбармақ» арқылы бағалау (3тап) ҚБ:«Плюс,минус» критерийге негізделіп кестемен әр топ бір -бірін бағалайды. Кесте Плюс,минус белгісін қояды (4 тап)
|
Дүниетану пәні ( 3 тапсырма барысында өтірік өлең құрастыру) Ұялы телефон қолдану барысында түрлі жарнамадан аулақ болу Өтірік айтпауға және әрқашан шыншыл болу |
|||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
|||||||||||||||||
Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірбиесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есебі
Мектептегі коучинг мәдениеті мектептегі педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби дағдыларын, жеке бас қабілеттері мен талантын дамытуға және мектептегі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылған. Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді.(МАН 103б)Курсқа дейінгі уақытта мектеп практикасы аясында көптеген коучингтерге қатыстым. Бірақ осы күнге дейін коучингті өткізу үшін коуч қандай тақырып аясында өткізетіндігін және коучтің бойында болатын дағдыны қалыптастыру керектігін түсіндім.Яғни,«Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы»курс аясында коуч пен коучингтің айырмашылығы мен қандай мақсатта,қандай тақырыптарда жүргізілетіні туралы теориялық негізде білім алдым. Мен «Дарынды және талантты оқушылар» модулі барысында «Дарынды және талынтты оқушыларды анықтау жолдары» атты тақырыпта коучинг өткізуді таңдадым.Себебі; бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекішісімен ақылдаса отырып бастауыш сыныптарда сабақ үдерісінде дарынды және талантты оқушыларды анықтау жұмыстырының ақсап тұруы және қабілеті жоғары оқушыларға берілетін тапсырманың сараланбауы негізінде осы тақырыпта коучин өткізуді жоспарладым. Коучингке бастауыш сынып мұғалімдірінен 6 адам қатыстырамын деп жоспарлаудамын. Коучинг басталғаннан кейін мұғалімдерді ұйымдастырып алғаннан кейін «Сен қайдасың?» әдісі арқылы амандасып аламын.Содан кейін пазлдағы жазылған мағыналы сөзге қарай 2топқа бөлінеді. Бірінші топ «Бұлақ көрсең», екінші топ «Көзін аш». Топтарға бөлудің өзіндік мәні бар деп есептеймін. Себебі келесі көрсетілетін бейне жазбаның тақырыбы «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты тақырыпта.Бейне жазбаны көре отырып топ мүшелері ойланып отарады. Бейне жазбадан ерекше қабілеті бар,дарынды,талантты оқушыны табады.Топпен ақылдасып өз ойларын ортаға салады. Және де не себепті топқа осындай сөздер арқылы бөлінгендігіміз туралы мынандай сұрақтар қоямын «Бейне роликтің негізгі тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?», «Тақырыптың топқа бөлінген етістікке қаншалықты қатысы бар деп ойлайсыз?».Мұғалімдердің пікірін тыңдаймын.Келесі тапсырманы қызығушылықты арттыру мақсатында «Қағазды умаждау» тапсырмасын бергенді дұрыс деп санаймын.Мұғалімдерге ақ парақтар беріледі оң қолмен умаждап,сол қолмен түзетеді.Не себепті осындай жұмыс жасағандығын сұрау арқылы ойларын тыңдап, өз тарапымнан кері байланыс беремін.Әр мұғалімнің қағазды түзетуніе қарай ауызша мадақтау айтамын.Келесі тапсырмада топтық жұмыс ұйымдастырамын. I топқа:Дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтау жолдары. II топқа: Дарынды және талантты оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері.Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талқылай отырып, ортақ түйінді негіздемелерді постерге жазып топ болып қорғайды. Әр топ өз жұмысын қорғағаннан кейін мынандай түрткі сұрақтар қойсам тақырыптың ашыла түсуіне ықпал етемін деп ойлаймын. Ол сұрақтар «Сабақ барысында оқушыға сен дарындысың,таланттысың деп айрықша айтуға болама?», «Бастауыш сынып оқушыларын дарынды және талантты деп бөліп жарып айтуға болама?», «Деңгейлік тапсырмаларды оқушы неге қажет етеді деп санайсыз?», «деңгейлік тапсырмаларды мұғалім оқушының қайсы дағдысына сай жоспарлайды?» деген ықпал тудыратын ой негізінде қойылады. Топтық жұмысты әр топ бір-бірін керитерий арқылы бағалайды. Себебі; критерий арқылы бағалау нақты,сапалы жұмыс нәтижесін көрсете алады деп ойлаймын. Коучингті қорыта келе мұғалімдердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Менің бойымда ..» атты келесі тапсырманы топта өткіземін. Патриоттық тақырыпта өлең шығару мен сол тақырыпта ән салу тапсырмасын беремін. Тапсырма мұғалімдердің қызығушылығын тудыратынына сенемін. Тапсырма орындалғаннан кейін топтарды ауызша бағалаймын. Коучингті қорытындылау мақсатында мұғалімдерден «Бір сөзбен» стратегиясы арқылы кері байланыс аламын. Мұғалімдеге берілген 12 сөздің ішінен өздеріне бүгінгі коучингке қатысты керек деген үш сөзді стикерге жазып қатысты сөздің жанына апарып жапсырады. Дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің тағы бір оңтайлы нысанасы деңгейлік тапсырмалар (МАН 54б ) екеніне коучинг тағы бір дәлел бола алатынына сенімім мол.
Коучинг тақырыбы: |
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау барысында деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі
|
|||
Жалпы мақсат: |
Дарынды және талантты оқушыларды анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін анықтау |
|||
Күтілетін нәтиже |
Дарынды және талантты оқушыларды анықтайды Дарынды және талантты оқушыларға деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін түсінеді
|
|||
Түйінді идеялар: |
Дарынды және талантты ұғымын түсіну,оларға тиімді деңгейлік тапсырмалар ұйымдастыру |
|||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Бейне жазба, парақшалар, пазл,постер,суреттер, |
|||
Оқыту әдістері: |
1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер 2. Оқыту мен оқытудағы АКТ 3. Талантты және дарынды балаларды анықта 4.Тиімді деңгейлік тапсырмалар ұсыну |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Топтық жұмыс |
||
Тапсырмалар: |
Сұрақ- жауап, бейнефильм бойынша ой қорыту, логикалық тапсырма, шығырмашылық-ізденіс бағытындағы тапсырмалар. |
|||
Оқуға арналған тапсырма: |
Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Анықтамалар |
|||
І.Кіріспе 3 минут
|
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Құрал-жабдықтар |
|
1.Ұйымдастыру 2. «Сен қайдасың?»әдісі бойынша амандасу
3.Пазл арқылы топқа топтастыру |
1.Бірлесе жасайды 2.Бір бірімен жақсы сөңіл күйде амандасу әдісін жасайды 3. «Бұлақ көрсең,көзін аш»жазбалары бар пазлдарды алып 2 топқа бөлінеді. |
Пазл қимасы |
||
ІІ.Негізгі бөлім 5 минут
3 минут
12 минут
|
1.«Бұлақ көрсең,көзін аш» тақырыпта бейне ролик көрсету Талқылауға арналған сұрақтар: А) бейне роликтің негізгі тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Ә) Тақырыптың топқа бөлінген етістікке қаншалықты қатысы бар деп ойлайсыз? 2. «Қағазды умаждау» тапсырмасы беріледі ҚБ: ауызша мадақтау 3.Әр топқа топтық жұмыстар ұсынылады
ҚБ:топтар бір-бірін критерий арқылы бағалайды |
А)Әр топ бейне роликтен ерекше қабілеті бар,дарынды,талантты оқушыны табады, топта талқылап топ басшысы ой бөліседі Ә) Әр топ мүшесі өз ойын ортаға салады.
2.А4 қағазын оң қолға ұстап умаждайды, сол қолмен түзетеді 3.I топ:Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдары II топ:Дарынды және талантты оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері |
Бейне жазба
А 4парағы
Анықтама үлестірмесі Постер
|
|
III. Қорытындылау 7 минут
|
Қызықты тапсырма:«Менің бойымда....» әдісі арқылы топтарға
ҚБ: ауызша бағалау |
|
Суреттер
Өлең жолдары |
|
Рефлексия 5 минут |
«Бір сөзбен» стартегиясы арқылы кері байланыс алу |
Коучинг жайлы пікірлерін жазады, ал стикерлерге алған әсерлері туралы жазып, жапсырады. |
|
|
Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылатындығы туралы рефлексиялық есеп
Дәстүрлі түсінікте, «тәлімгер мұғалім» – тәлім алушы мұғалім үшін зор тәжірибесі бар , өте білімді өз дара жолын салған, сол жетістікке жеткен тәжірибесімен бөлісіп, әртүрлі әдіс- тәсілдерін үйрететін мұғалім елестейтін. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.(Garret-Harris & Garvey, 2005)(106 бет).
Тәжірибелі тәлімгер тәлім алушыға өзінің өзекті мәселесін шешуге көмектеседі және оның әдісі-тәсіліне, жоспарына сәйкес келетін іс-әрекетіне дұрыс бағыт бере алады деп ойлаймын.Тәліп ретінде биыл ғана мектеп табалдырығын бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа келген жас маманды таңдап алдым. Себебі директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасарымен хабарласа отырып маған тәліп етіп кімді ұсынар едіңіз деген сұрақты қойғанымда ол кісі менің ойымды бірден білгендей саған тәліп ретінде К.Р ұсынар едім деп біршама кеңестерімен бөлісті. Міне, сол себепті де мен осы тәліп алушыға тоқтам жасадым.Себебі тәліптің апталық және іс-шаралар барысында сабақтарына қатысу барысында тәжірбиесінің аздығының,сабақты жаңартылған білім мазмұнына негіздемейтіндігін, сонымен қатар сабақты дәстүрлі түсінікте өтетініне бірнеше рет куә болғанмын. Жұмыс барысында жас маман үнемі келіп кеңес алып отыратын. Өз тарапымнан барынша сапалы кеңес беруге тырыса отырып, үлгілі сабақтарыма, іс-шараларыма жиі қатыстыратынмын. Тәліпті анықтау барысында тағы бір іс-әрекеттің жүзеге асырылуына себепші болдым. Практикаға барғаннан кейін тәлімгер жоспарымен таныстыра отырып жұмысымды бекітуге ұсынамын.Тәліппен жүргізілетін жұмыс түрлерінде кәсіби әңгімеге басымдылық еттім.Себебі;кәсіби әңгіме барысында тәліп пен тәлімгер арасындағы қарым-қатынастың ныңаюы жұмыстың өнімді болуына ықпал етеді деп ойлаймын. Мектептегі практикаға барғанда педагок ретіндегі деңгейін және өзекті мәселені анықтау үшін сауалнама аламын. Сауалнама алудың мақсаты- кәсіби дағдысы мен өзекті мәселесін анықтау. Осыдан кейін тәліппен әңгіме жүргізе отырып сабақ барысында қандай қажеттіліктерін толықтыру туралы және тізбектелген сабақтар топтамасына қатыса отырып тәліптің қажеттіліктерін анықтау болатын. Қажеттліктерін анықтай отырып жұмыс жоспарын бірлесе отырып құрастыруды жоспарлаудамын. Себебі өткізілетін әрбір жұмыс жоспарын құрастыру барысында тәліптің де пікірімен санасу керек деп пайымдаймын. Өйткені жұмыс жоспардың жүзеге асырылуы тәліптің оқыту үдерісіне өзгеріс енгізу керек деп санаймын. Сондықтан да мен тәліптің ой пікірімен санаса отырып жұмыс жоспарын бірлесіп құрастырсам деген тоқтамға келіп отырмын. Келесі іс-шараны құру барысында тәліппен ватсап желісі арқылы сөйлесе отырып,сабақты 21ғасырда оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және сабақты жаңартылған білім негізіне сай өткізуі үшін оған қандай кедергілердің тосқауыл болып тұрғаны туралы сұрақ қойдым. Ол бірден өзінің мыңдаған мәселесін айтып берді. Дарынды және талантты оқушыларды сабақ барысында анықтай алуға,оларға тиімді деңгейлік тапсырмалар беруге, деңгейлік тапсырмалар құрастыра білуге тәліпті жетелеу мақсатында өзімнің коучингіме қатыстырамын.Қажеттіліктер топтамасына сабақтағы кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың ұтымды жүргізілуі, саралау тапсырмаларының құрылуы,топтық жұмысқа берілетін тапсырманың көлемі туралы ой бөлістім. Сондықтар ҚМЖ құру барысында ең бірінші назарға оқу мақсаты мен сабақ мақсатына зер салу керектігін түсіну үшін оқу мақсатынан сабақ мақсатын құрастыру жұмысын ұсынамын. Нәтижесінде тәлім алушы қызметкер ретінде өзін жаңа қырынан танитындай болу керек. Тәліптің қажеттіліктерінің оңтайлы нәтиже бергендігәне сенемін. Тәлімгерлік үдерісінің ұзақ уақытқа жоспарланған жұмыс әрекеті болғандықтан тәліпке әрқашан қолдау көрсетіп отырамын. Себебі ол менің басты міндеттерімнің бірі. Жалпы жүргізілген жұмысты талқылай отырып тәліптің жұмысына, сабақты жүргізудегі іс-әрекеттеріне, анықтаған мәселелерге тоқталып, нәтижесінде тәлімгерлік үдерістің ұтымды және ұтымсыз, сәтті және сәтсіз жақтары туралы ақпараттар алу мақсатында тәлім алушыдан рефлексиялық есеп аламын.
Тәлімгерлік үдерістерін жоспарлау туралы рефлексиялық жоспар
Тәлімгерлік жоспардың мақсаты: Тәліптің оқыту үдерісіне өзгеріс енгізуіне ықпал жасау.
Тәлімгерлік жоспардың нәтижесі: Тәліп алушы оқу үдерісіне өзгеріс енгізеді, оқыту мен оқу үдерісін дамытуға ,
жақсартуға үйренеді, қолданады
№ |
Іс шараның тақырыбы |
Мақсаты |
Өтілу формасы |
Мерзімі |
Күтілетін нәтиже |
||
II апта |
|||||||
1 |
Мектеп әкімшілігіне тәлімгерлік жоспарын таныстыру, талдау, бекіту. Тәлім алушыны анықтау |
Тәлімгерлік жоспарына құрылған жоспар талданып, бекітіледі. |
Шағын отырыс |
03.03.2020ж |
Тәліп өзінің кәсіби дағдысын дамытады |
||
2 |
Тәліппен әңгіме жүргізу |
Сабақ жүргізу барысындағы қажеттіліктерін анықтау |
Әңгіме |
04.03.2020ж |
Тәліптің сабақ беру үдерісіндегі қажеттіліктері анықталады |
||
3 |
Тәліптің сабағына қатысу |
Сабақ барысындағы тәліптің сабақ мақсатына жету үшін құрастырылған тапсырмаларын анықтау |
Сабақ |
05.03.2020ж |
Тәлім алушының сабақтарына қатысып, қандай көмек керектігі анықталады |
||
II апта |
|||||||
1 |
Сабақ жоспарын талдау |
Тәліптің сабақ барысындағы ұтымды тұстары мен қолдауды қажет ететін тұстарын анықтау |
Кәсіби әңгіме |
09.03.2020ж |
Сабақ жоспарлау барысындағы қиындықтарды анықтау |
||
2 |
Жұмыс жоспарын құру |
Тәлімгерлік жұмыстың тақырыбы, мақсатын нақтылау |
Кәсіби әңгіме |
11.03.2020ж |
Құрылған жoспар талданып, бекітіледі |
||
3 |
Коучингке қатыстыру |
Коучинг барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын көрсету,деңгейлік тапсырмалар арқылы қабілеті жоғары оқушылардың белсенділіктерін арттыру жолдарына нұсқау көрсету |
Коучинг |
13.03.2020ж |
Коучингке қатысып сыныптағы дарынды және талантты оқушыларды анықтай отыры,и деңгейлік тапсырмаларды тиімді жоспарлайды. |
||
III апта |
|||||||
1 |
Қ |
Тәліпке қысқа мерзімді жоспар құру барысында оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару жолдарын ұсыну |
Кәсіби әңгіме |
16.03.2020ж |
Оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығаруды түсінеді |
||
2 |
Тәлімгердің тізбектелген сабақтар топтамасына қатыстыру |
Тәліптің алушыны тәлімгердің сабағынан бірнеше модульді ықпалдастыра отырып нақты тапсырмалар құруды үйрену |
Сабақ |
17.03.2020ж |
Тәлімгер тәліпке тізбектелген сабақтарына қатыстырады |
||
3 |
Сабақтағы кері байланыстың жүргізілу жолдары мен қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі |
Тәліпке сабақтағы кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін ұғындыру, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасауға, кері байланыстың қалыптастырушы бағалауға әсерінің зор екендігін тәжірибе барысында жүргізілу ретін көрсету |
Отырыс |
20.03.2020ж |
Кері байланыстың жүргізілу жолдарымен танысады |
||
IV апта |
|||||||
1 |
Саралау тапсырмаларының тиімділігі |
Сыныптағы оқушыларға саралау тапсырмаларын тиімді беру |
Кәсіби әңгіме |
24.03.2020ж |
Сабақ барысында саралау тапсырмаларын оқушының қажеттілігіне сай береді |
||
2 |
Топтық жұмысқа берілетін тапсырманың жүйелігі мен көлемі |
Топтық жұмысқа берілетін тапсырманың жүйелігі мен көлемі туралы ұғым беру |
Кәсіби әңгіме |
26.03.2020ж |
|
||
V апта |
|||||||
1 |
«Тәлім алу барысында оқыту үдерісі қалай жақсарды» атты тақырыпта кәсіби әңгіме жүргізу, пікір алмасу |
Әңгіме барасында алдағы тәжірбиелік жұмыс барысына нақты өзгерістер енгізуге жол көрсету |
Кәсіби әңгіме |
01.04.2020ж |
Әңгіме жүргізе отырып тәліп алушы алдағы тәжірбиесінде қандай жұмыс түрлерін өзгертетіні туралы түсінеді |
||
2 |
Рефлексивті есеп |
Тәлімгер ретінде тәлім алушының пікірін білу |
Отырыс |
04.04.2020ж |
Тәлім алушы өз пікірін білдіре отырып есеп жазады |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген