400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есеп шығару жолдары" (ҰБТ-ге дайындық) тақырыбындағы қолданбалы курс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Әдістемелік бірлестік отырысында

«Мойынқұм орта мектебі» қаралды. Хаттама №1

коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетекші: _________ Жидебаев М. А.

Хатшы: _________ Изтилеуова К. Т.


Бекітемін.

Мектеп директоры:

___________ Жанпейсов Ғ. М.

__________________________











Мойынқұм орта мектебінің 2020-2021 о. ж. 11 сынып оқушыларымен жүргізілетін математика пәнінен «Есеп  шығару  жолдары» (ҰБТ-ға дайындық) тақырыбы бойынша қолданбалы курс жоспары














Математика пәні мұғалімі: Жадрасинов Қ. Қ.











Мойынқұм ауылы.

ТҮСІНІК ХАТ

Курс жоғары математиканың «алгебра  және  анализ  бастамалары» және «геометрия» салалары бойынша негізгі тақырыптарын қамтыған. Курс 6 тараудан тұрады: 1) Тригонометриялық   функциялар,  2) Анализ   бастамалары, 3) Аналитикалық геометрия мен  алгебралық векторлардың элементтері,  4) Кеңістіктегі аналитикалық геометрия, 5)  Иррационалдық  функциялар, 6) Көрсеткіштік  және логарифмдік   функциялар. Оларды оқып – үйренуде  жалпы орта білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Бұл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасымен қамтылмайтын  (алайда Ұлттық Біріңғай Тестте кездесетін кейбір есептерді шығаруға септігін тигізетін) жоғары математиканың  көптеген негізгі (мысалы туынды, жазықтықтың теңдеуі, кеңістіктегі түзудің теңдеуі сияқты) ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңадан әдіс-тәсілдерімен (мысалы сызықтық теңдеулер жүйесін түрлендірулер, үшбұрыш пен көпбұрыштардың аудандарын координаттар көмегімен табуды, үшбұрыш пен параллелограмның ауданын табудың векторлық әдістерімен)  танысады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған бұл курс әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге өз септігін тигізеді. 

Курстың мазмұны мен құрылымы

Тригонометриялық   функциялар (6 сағат)

Тригонометриялық  өрнектерді  теңбе-тең  түрлендіру.  Тригонометриялық  теңдеулерді  шешу  әдістері. Тригонометриялық  теңсіздіктерді  шешу  әдістері 

Анализ   бастамалары (11 сағат)

Функция  және  оның  қасиеттері. Функцияның  туындысы  және  оны  есептеу. Туындының  көмегімен  функцияны  зерттеу. Жанаманың  теңдеуі. Алғашқы  функция  және  оны  есептеу. Анықталған  интегралды  есептеу. 

Аналитикалық геометрия мен  алгебралық векторлардың элементтері

Декарттық  координаттар. Жазықтықтағы  және кеңістіктегі  векторлар

Иррационалдық  функциялар (9 сағат)

Алгебралық  иррационалдық  өрнектерді  тепе - тең  түрлендіру. Иррационалдық  теңдеулерді  шешу  жолдары. Иррационалдық  теңдеулер  жүйелерін   шешу  жолдары. Иррационалдық  теңсіздіктерді  шешу жолдары. 

Көрсеткіштік  және логарифмдік   функциялар (8 сағат)

Көрсеткіштік  теңдеулерді  шешу  жолдары. Көрсеткіштік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары. Көрсеткіштік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары. Логарифмдік  өрнектерді  тепе - тең  түрлендіру. Логарифмдік  теңдеулерді  шешу  жолдары. Логарифмдік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары. Логарифмдік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары.

Курс мақсаты: оқушыларды математика пәнін жақсы меңгертіп, өзінің бойындағы қабілеттерін толық ашып еліміздің ертеңгі сапалы да білікті мамандары болып шығуына бағыттау.

Жаратылыстану бағыты бойынша оқыған оқушылар келешекте жоғары оқу орнына барғанда алғашқы курста міндетті түрде «Жоғары алгебра» және «Аналитикалық геометрия» пәндерін  немесе «Жоғары математика» пәнін өтеді, ал менің ұсынып отырған бағдарламам осы курс бойынша көптеген тақырыптарды қамтиды және оқушыларды келешекте жоғары оқу орнына дайындайды.

Сонымен бірге, оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестке дайындалуда көп көмек көрсетеді, өйткені мұнда кейбір күрделі есептерді бір жолмен тез арада шығаруға болатын формулалар берілген.

.

Міндеттер:

1. Деңгейлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды орындау;

2. Өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу

Күтілетін нәтиже: Қолданбалы курс соңында оқушылар қоршаған ортада кездесетін мәсе-лелердің математикалық моделін құрып оларды шешу жолдарын табуды үйренеді. Теңдеу-лердi және олардың жүйелерiн шешудiң негiзгi әдiстерiн қолдана білу. Тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік, дәрежелік теңдеулер мен теңдеулер жүйесiн шеше білу. ҰБТ көрсеткішін 100% -ға жеткізу.


№

Курс тақырыбы

Сыныбы

Оқытылу реті

Оқыту формасы

Сағат саны

1

«Есеп  шығару  жолдары» (ҰБТ-ға дайындық)

11 қазақ

Аптасына

1 сағат

Сабақ кестесі бойынша

34


Оқыту әдісі: іздену, зерттеу.


Пәнаралық байланыс: Физика, химия, астраномия.


Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


«Математика» Гусев В. А. Мордкович А. Г. Москва «Просвещение» 1990 ж.

«Математический анализ. Функции одного переменного. Часть 3» Издат. «Наука» М.1970г.

«Высшая математика» Г. Л. Луканкин «Просвещение» М.1987 г.


Оқушылар курс барысында пәндік-ғылыми, дүниетанымдық, бағалаушылық, танымдық қызмет қабылдау және т. б. білім түрлерін алады. Курс мазмұнындағы екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу әдістері тиянақты меңгерілуі керек. Курсты меңгеру үрдісінде оқу-шылар өзіндік және шығармашылық жұмыстарды (жобаларды және кішкене зерттеулерді) орындағанда қосымша әдебиеттерді пайдалануы қажет. Сонда оқушылардың дүниетанымдық, адамгершілік-этикалық мәселелерге қызығушылықтарын қалыпқа келтіріп функционалдық сауаттылығын қалыптастырамыз.



Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


«Пособие по математике для подготовки к ЕНТ» И.П.Рюстюмова.Алматы-2007

«Тренажер по математике для подготовки к ЕНТ» И.П.Рюстюмова.Алматы-2009

«Алгебра и начала анализа» 9-11 классы.А. Е. Абылқасымова. Алматы «Мектеп» 2010 ж.

«Тригометриялық теңдеулер» Қ. И. Қаңлыбаев. Алматы-2011 ж.

«Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер» Қ. И. Қаңлыбаев. Алматы-2011 ж.

«Математика» Тест жинағы. 2012, 2013 ж.


ІІІ. Нормативті бөлім


Оқушылар мыналарды;

«Білуі тиіс»:

Функция қасиеттері;

  • Алғашқы функция, интеграл.

«Меңгеруі тиіс»:

  • Алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін;

  • Иррационал теңдеулер жүйесін зерттеу алгоритмін;

  • Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйесін шешуді;

  • Екі айнымалысы бар тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешуді;

  • Теңдеулер жүйелерін құру арқылы есептерді шешуді.


IV. Ақпараттық бөлім


Қолданбалы курс мазмұнының келесі құрамалары:

  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу әдістері;

  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін зерттеу алгоритмі;

  • Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу;

  • Екі айнымалысы бар тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу;

  • Теңдеулер жүйелерін құру арқылы есептерді шешу

он екі балдық жүйе бойынша бағаланады.

Оқушылардың шығармашылық сипаттағы білімдерін бағалауға, оқушылардың жеке тұл-ғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін келесі бақылау құралдары есепке алынады:

  • Бақылау диктант;

  • Тест;

  • Мәлімдеме (реферат)

  • Хабарлама;

  • Портфолио.



















Есеп  шығару  жолдары (ҰБТ-ға дайындық)

Қолданбалы  курс 11 сынып  (аптасына  1 сағат, барлығы 34 сағат)

Күнтізбелік жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№

Сабақтың  тақырыбы

сағ. саны

Тригонометриялық   функциялар

1

Тригонометриялық  өрнектерді  теңбе-тең  түрлендіру

1

2

Тригонометриялық  теңдеулерді  шешу  әдістері

2

3

Тригонометриялық  теңсіздіктерді  шешу  әдістері

2

4

Білім тиянақтау

1

Анализ   бастамалары

1

Функция  және  оның  қасиеттері

1

2

Функцияның  туындысы  және  оны  есептеу

2

3

Туындының  көмегімен  функцияны  зерттеу

1

4

Жанаманың  теңдеуі

2

5

Алғашқы  функция  және  оны  есептеу

2

6

Анықталған  интегралды  есептеу

2

7

Білім тиянақтау

1

Аналитикалық геометрия мен  алгебралық векторлардың элементтері

1

Декарттық  координаттар

1

2

Жазықтықтағы  және кеңістіктегі  векторлар

2

3

Білім тиянақтау

1

Иррационалдық  функциялар

1

Алгебралық  иррационалдық  өрнектерді  тепе - тең  түрлендіру

1

2

Иррационалдық  теңдеулерді  шешу  жолдары

1

3

Иррационалдық  теңдеулер  жүйелерін   шешу  жолдары

1

4

Иррационалдық  теңсіздіктерді  шешу жолдары

1

5

Білім тиянақтау

1

Көрсеткіштік  және логарифмдік   функциялар

1

Көрсеткіштік  теңдеулерді  шешу  жолдары

1

2

Көрсеткіштік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары

1

3

Көрсеткіштік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары

1

4

Логарифмдік  өрнектерді  тепе - тең  түрлендіру

1

5

Логарифмдік  теңдеулерді  шешу  жолдары

1

6

Логарифмдік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары

1

7

Логарифмдік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары

1

8

Білім тиянақтау  (Қорытынды тест)

1




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі