400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есеп тақпақтар бастауыш сыныпқа раналған

Материал туралы қысқаша түсінік
есеп тақпақтар бастауыш сыныпқа арналған математика пәнінен кең қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есеп тақпақтар

Асықтар

Көктем шығып,

Жаз болып,

Далада ойнар мәз болып,

Асықтарым аз болып,

Көңілім жүр пәс болып ...

Қоям кейде армандап,

Ішімнен мен жалмаңдап,

Біздің үйге,

Шіркін-ай,

Қонақ келсе бір күні-ай!

Атам сонда қой сойса,

Қуанар ем,

Ой, сонша!

Жатса апам ет асып,

Қойда бар ғой екі асық.

Ол менікі болмақшы,

Өзім үшін сол жақсы ...

Қонақ етке тояды,

Менде он асық болады!

Есептеші, ал енді,

Сонда өзімде бұрыннан

Қанша асығым бар еді? ..... (сегіз асық)

Мұны есептп болсаң нақ,

Жиырма асығым болғанша,

Атам қанша қой соймақ? (алты қой)

Он сан

Міне, бала,

Он сан,

Ретімен санап болсаң,

Бәрі қанша қоссаң,

Соны есептеп қойсаң.

Бірге қостың екіні,

Оған қостың үшті,

Оған қостың төртті,

Оған қостың бесті,

Оған қостың алтыны,

Оған қостың жетіні,

Оған қостың сегізді,

Оған қостың тоғызды,

Оған қостың онды,

Айтшы, қанша болды? (елу бес)

Балалары қанша?

Мұхтар,

Сәуле,

Бір үйдің балалары,

Егіз туған екеуін

Аналары.

Олардың бар үлкен

Әпкелері,

Одан үлкен бар және

Ағалары.

Ажырата алмайтын

Түр-түсін де,

Ұқсайтұғын жүргені,

Күлкісі де.

Кейін туған Мұхтардан,

Сәуледен соң,

Бір ұл, бір қыз тағы бар

Үй-ішінде.

Кәне, ойланып асықпай

Табыңдаршы,

Сонда қанша, есептеп

Алыңдаршы.

Әпкесінде қанша іні,

Сіңлісі бар,

Ағасының қанша іні,

Қарындасы? (ағасының екі іні, үш қарындасы, әпкесінің екі іні, екі сіңлісі бар)

Және кімдер есептеп

Ала алады,

Осы үйдің бар қанша

Балалары? (алты баласы)

Қанша аяқ бар?

Бір адам кеп қуаяқ,

Шай ішті екі шыныаяқ.

Байлаулы ит Құттыаяқ

Жалап жатыр итаяқ ...

Алаяқ түлкі қуады,

Қосаяқты еңісте.

Сегізаяқ жүзеді

Шалқып жатқан теңізде.

Маймақ аяқ қара аю

Ну орманда жүр дара.

Доппен ойнар далада

Жалаңаяқ бір бала ...

Қотанаяқ бір адам,

Шөлін басты ішті де.

Үш саптыаяқ сырадан ...

Мықты болсаң, ал санап,

Бәрінде бар қанша аяқ? (отыз аяқ: қуаяқ, шыныаяқ, итаяқ, алаяқ, маймақ аяқ, жалаңаяқ, қотанаяқ, саптыаяқ саналмайды)

Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде ең жоғарғы көлдеңен тор көздерінен журналдың атын оқи аласыңдар.

  1. Еліміздің рәміздерінің бірі

  2. Еліміздің бас қаласы

  3. Ешкінің төлі

  4. Апта күні

  5. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторлары

  6. Гүлдер патшасы

  7. Тоқтар Әубәкіров кім?

  8. Еңбекқор жәндік

  9. Еліміздің Президентінің есімі



Shape43 Shape42 Shape40 Shape41 Shape36 Shape39 Shape37 Shape38 Shape56 Shape55 Shape54 Shape52 Shape53 Shape51 Shape50 Shape48 Shape49 Shape25 Shape45 Shape46 Shape47 Shape35 Shape33 Shape34 Shape32 Shape31 Shape44 Shape28 Shape29 Shape26 Shape27 Shape30 Shape24 Shape22 Shape19 Shape14 Shape10 Shape17 Shape21 Shape18 Shape20 Shape12 Shape11 Shape8 Shape16 Shape15 Shape2 Shape9 Shape6 Shape13 Shape7 Shape5 Shape3 Shape4 Shape23 Shape1





























Әріпті жұмбақтар

Ата, апа, ананың,

Алды-артына тұрамын.

Білсең айтшы ойланып,

Қай әріптен тұрамын. (А)

Әже, әке, әдемі,

Әсем, әуен, Әліппең.

Осы сөздер барлығы,

Басталар қай әріптен. (Ә)

Іздеген сенің әрібің,

Бесік пен бала басында.

Табасың «шұбат» сөзінен,

«Ұ» мен «а»-ның қасында. (Б)

Табасың вагон, ваннадан,

Таппайсын оны Жаннадан. (В)

Бар екен Айгүлде,

Бар екен Майгүлде.

Іздеп көр гүлден

Және де күлден. (Г)

Торғайдан табасың,

Торайдан таппайсың.

Ағаштан тапқанмен,

Қайыңнан таппайсың. (Ғ)

Дидарда мен екеумін,

Дуадақта да екеумін.

Ал, ойланып айта ғой,

Домбырада нешеумін? (Д)

Жер сөзіндде «ж»

мен «р»-дің қасында,

ел мен ердің

қай әріп тұр басында. (Е)

Жұлдызда бар,

Құндызда жоқ.

Қай әріп желде,

Жоқ бірақ селде. (Ж)

Зебрада басында,

Азықта «а»-ның қасында.

Қай әріп іздегенің.

Бар екен расында. (З)

Иттің басында тұр,

Киттің ортасында тұр.

Қай әріп ойлан,

Жақсылап көңіл бұр. (К)

Қайық пен қармақтың,

Тұр екі басында.

Ақ сөзінде қай әріп,

Тұр «а»-ның қасында. (Қ)

Табасың көліктен, көріктен,

Ағаш басындағы өріктен.

Қай әріп екен ол,

Ойланып көрші сен? (К)

Ғылым, білім, қаламның,

Ортасында тұрмын.

Ойлансаң, табарсың,

Тек көңіл бұрғын! (Л)

Мектеп, мұғалім,

Мұхиттың басында.

Қай әріп біліп ал,

Мұны сен расында. (М)

Нанда, қантта, жентте бар,

Майда, сүтте, шайда жоқ.

Қай әріп екен тауып көр,

Бірінде болса, бірінде жоқ. (Н)

Орманда жүр аң,

Үсті-басы шаң.

Бірдей әріп аң, шаңда,

Жауабын айт, болма таң! (Ң)

Анаграмма «А»

  1. Түнде жарқырап көрінеді.

  2. Мейірімді жан.

  3. Жемістің түрі.

  4. Қыз есімі

  5. Ұл есімі

А

Shape71 Shape70 Shape69 Shape68 Shape67 Shape66 Shape64 Shape65 Shape62 Shape63 Shape61 Shape58 Shape60 Shape59 Shape57

















Анаграмма «К»

  1. Алауға оранып,

Көкке өрлеп шығады.

Бір айналып оралып,

Көкжиекке бұғады.

  1. Қарнында бір көлдің балығы

Немесе жандының алыбы.

  1. Жез бенелі өзі,

Кең дада еркесі.

Мөп-мөлдір көзі.

  1. Сарыала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

  1. Мен жүгерсем ол да жүгіреді,

Мен мүдерсем ол да мүдіреді.

Математикалық оқулар

Т + 10 = ТОН

6 + Н =

7 + К =

100 +ІМ =

К + 2 + Л =

3 +КІР =

5 + ІК =

С + 10 + А =

Қ + 10 + АҚ =

8 + КӨЗ =

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қазан
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі