400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есеп-төлем ведомосын толтырады.Төлем ведомосін толтырады сабақ тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекақы тақырыбы бойынша құжат толтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай обласы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық жоғары колледжі» КМҚК

Колледждің миссиясы:

Терең білімді, кәсіпқой, әлемнің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін жаһандық экономиканың көшбасшыларын қалыптастыратын сапалы білім

Колледждің пайымдауы:

Әлемдік білім аренасында танылу, бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауда сапалы білім беру


Оқу сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы:

95 Есеп-төлем ведомосын толтырады

96 Төлем ведомосін толтырады

Модуль /пән атауы

КM 2. Бухгалтерлік қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша есеп жүргізу

ОН 2.1. Есеп жұмысы учаскелері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу

Педагог дайындады

Әнуарова Іңкәр Бақытханқызы

1. Жалпы мәліметтер:


Сабақтың өтетін күні:

Курс, топ

10.04.2026

25 ЕА-XI b



Сабақтың түрі

аралас

2. Мақсаты, міндеттері:

Студенттерге жалақыдан ұсталатын салықтарды есептеуді үйрету және бастапқы бухгалтерлік құжаттарды сауатты толтыру дағдысын қалыптастыру.

3. Күтілетін нәтижелер:

Студент жалақыдан МЗЖ, ЖТС және МӘМС-ті дербес есептей алады.

Есеп-төлем және төлем ведомостарының айырмашылығын біледі.

Құжаттарды қолмен немесе бағдарламада толтыруға дайын болады.

4. Қажетті ресурстар:

Құжаттар, бланкілер

Есептеуіш (калькулятор).

ҚР Салық кодексі (анықтамалық ретінде).

5.Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың мазмұны

Ескерту

1.Ұйымдастыру кезеңі:



- амандасу

-аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру (таза тақта, бос тұрған орындықтардың түп-түзу тұруы, еденге арналған және тақта сүртуге арналған шүберектің суланып салынуы) және оқушылардың (оқушылардың сыртқы киім киістерін, оқу құралдарының түгел бар болуы) сабаққа дайындығын тексеру;

-мәлімдеме бойынша сабақта бар оқушылардың түгел бар болуын тексеру;

- оқу сабақтарының журналына бүгінгі күнді, «жоқ» белгісін қойып, сабақтың тақырыбын жазу;

- сабақтың жұмыс жоспарын хабарлау.


2.Үй тапсырмасын сұрау:

Wayground платформасын қолдану:

Қағаз режимінде (QR-кодтар арқылы) жедел тексеруге арналған 20 сұрақ

Платформадан арнайы QR-карталарды басып шығарады. Студенттер жауап бергенде картаны тиісті жағымен (А, В, С, D) жоғары көтереді. Мұғалім телефон камерасымен аудиторияны сканерлеп, нәтижелерді бірден экраннан көреді.



3.Жаңа сабақ тақырыбы:

Тәжірибелік сабақ

Теориялық блок:

Жалақы есебі үш негізгі кезеңнен тұрады:

  1. Начисление (Есептеу): Жұмыс уақытын есепке алу табелі негізінде лауазымдық жалақы, бонус және үстемақылар жинақталады.

  2. Удержание (Ұсталымдар): Мемлекеттік міндетті төлемдер (МЗЖ, ЖТС, МӘМС) және жеке ұсталымдар (алимент, аванс, берешек) алынып тасталады.

  3. Выплата (Төлеу): Касса немесе банк арқылы жұмысшыға ақша беріледі.


Практикалық блок: «Жалақыны есептеу және төлеу құжаттарын толтыру»


Тапсырманың мақсаты: Есеп айырысу-төлем ведомосін және Төлем ведомосін толтыру дағдыларын қалыптастыру.


Орындалатын іс-әрекеттер:

  1. Әр қызметкердің жалпы есептелген табысын анықтау.

  2. Барлық міндетті ұсталымдарды және аударымдарды есептеу.

  3. Есеп айырысу-төлем ведомосін толтырып, қолға тиетін таза соманы шығару.

  4. Қолға берілетін сома негізінде Төлем ведомосін дайындау.


4.Сабақты бекіту:


«Тайм Раунд Робин» әдісі

Студенттер 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.

  • 1-кезең (3 минут): Топтың әр мүшесі кезекпен жоғарыда берілген «Ахметов», «Сарсенова», «Иванов» бойынша есептеулерді қалай жасағанын түсіндіреді (әрқайсысына 45 секунд).

  • 2-кезең (2 минут): Топ мүшелері бір-бірінің толтырған ведомостарын ауыстырып, қателерді тексереді (өзара бағалау).

  • 3-кезең (1 минут): Топ басшысы ең жиі кездесетін қатені немесе ең қиын тұсты сынып алдында айтады.


5.Сабақ бойынша рефлексия

Рефлексия (3-2-1 әдісі)

Студенттер параққа жазады:

  • Сабақта үйренген 3 маңызды мәлімет.

  • Түсініксіз болған немесе қиындық тудырған 2 сұрақ.

  • Болашақта қолданатын 1 практикалық дағды.


6.Қорытындылау, бағалау:

-жаңа тақырып бойынша білімдерін қорытындылау

-оқушылардың сұрақтарына жауап беру

-белсене қатысқан оқушыларға баға қою.


7.Үй тапсырмасы

  1. Кесте толтыру: Жаңа екі қызметкерге (Техник және Хатшы) өздігінен жалақы сомасын бекітіп, олардың ұсталымдарын есептеу.

  2. Шығармашылық тапсырма: Т-49 нысанын Excel бағдарламасында формулалар арқылы автоматтандырылған үлгі ретінде жасап келу.



Оқытушы _______________ Әнуарова І.Б.





































Сабақ тақырыбы №95: Есеп-төлем ведомосын толтырады

96: Төлем ведомосін толтырады



Практикалық тапсырма: «Жалақыны есептеу және төлеу құжаттарын толтыру»


Тапсырманың мақсаты: Есеп айырысу-төлем ведомосін және Төлем ведомосін толтыру дағдыларын қалыптастыру.


Бастапқы мәліметтер: «TechnoStyle» ЖШС мекемесінің 2026 жылдың наурыз айына арналған деректері:

  1. Ахметов А.А. (Директор):

    • Лауазымдық жалақысы: 450 000 теңге.

    • Сыйлықақы: 50 000 теңге.

  2. Сарсенова Б.Қ. (Бухгалтер):

    • Лауазымдық жалақысы: 300 000 теңге.

    • Ай ішінде алған авансы: 100 000 теңге.

  3. Иванов И.И. (Менеджер):

    • Лауазымдық жалақысы: 250 000 теңге.


Ескерту: Барлық қызметкерлер үшін стандартты салықтық шегерім (30 АЕК) қолданылады деп есептеңіз. Жалпы ұсталатын міндетті төлемдер:


Орындалатын іс-әрекеттер:

  1. Әр қызметкердің жалпы есептелген табысын анықтау.

  2. Барлық міндетті ұсталымдарды және аударымдарды есептеу.

  3. Есеп айырысу-төлем ведомосін толтырып, қолға тиетін таза соманы шығару.

  4. Қолға берілетін сома негізінде Төлем ведомосін дайындау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.06.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12