Бекітемін:
№31 «Еркемай»
бөбекжайы МКҚК
Басшысы Г.А.
Қожабергенова
КОНСПЕКТ:
Қалалық
жетістіктер апталығы
«Есептер әлеміне саяхат»
Ортаңғы топ
Дайындаған: Искалиева Ж.Т-тәрбиеші
Шведова
Л.Б-әдіскер
Фирсина
М.П-психолог
маманы
Досжанова
Т.С-әдіскер
Жанкулиева Н.Х-тәрбиеші
Сатаева
Д.К-ағылшын пәні мұғалімі
Ақтау 2017ж
Тақырыбы:«Есептер әлеміне
саяхат»
Мақсаты:
1.Қарапайым математикалық
ұғымдарды:сандарды 10ға дейін тура және кері санауын, өздеріне
таныс дөңгелек және шаршы,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді
бір-бірінен ажырата білуін бекіту.
2.Шартты өлшеуіш арқылы
ұзындықты өлшеуді үйрету
3.Балаларды пішіндерді
қолданып құрастыру арқылы шығармашылық қабілетін
арттыру.
Керекті
құралдар:
Оқу іс қызметінің
барысы:
Шаттық
шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай.
Қуанатын күн
келді
Күліп шықты күн
бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы
күн!
Сәлеметсіздер
ме,апайлар!
Тосын
сәт:
Есік қағылады.Хат
келеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге хат келді.Қазір
ашып кімнен келгенін оқып білейін.
-Саламатсыздарма балалар!Мен
Есептер әлеміндегі Білім ханшайымымын.Мен сендерді өзімнің әлеміме
қонаққа шақырамын.Сендер есеп әлеміне жету үшін сендер жолда менің
тапсырмаларымды орындауларың керек.Тапсырмаларды орындағанда ғана
«Есептер әлемінің» есігі ашылады.
Тәрбиеші: Балалар бізді Білім
ханшайымы «Есептер әлеміне» қонаққа шақырып жатыр. «Есептер
әлеміне» барғыларың келеме?
Балалардың
жауабы.
Тәрбиеші:Балалар саяхатқа немен баруға
болады?
Балалар:
Көлікпен,автобуспен,поездбен,ұшақпен.
Тәрбиеші: Балалар біз саяхатқа
поездбен барамыз.Поездбен бару үшін билет алуымыз керек.Кассадан
билет алайық.
Балалар билет
алады.(геом.пішіндер)
Тәрбиеші: Балалар әркім өз билеттері
бойынша өз орындарыңа отырыңдар.
Балалар поездға
отырады.Бірінші аялдамаға келеді.Алдарынан түлкі
шығады.
Түлкі: Сәлеметсіңдерме балалар!Сіздер
қайда жолға шықтыңдар?
Тәрбиеші: Біздер «Есептер әлеміне»
Білім ханшайымына бара жатырмыз.Сіз бізге жол көрсетіп
жібермейсізба?
Түлкі: Сендер
кіп-кішкентайсыңдар.Сан,есеп дегеннің не екенін білесіңдерме
өздерің?
Тәрбиеші: Әрине біледі.Біздер
балабақшада санауды,кері санауды бәрін үйреніп
жатырмыз.
Түлкі: Білгіш болсаңдар кане маған
тура және кері санаңдаршы. Балалар
санайды.
Түлкі: Ал сендер санамақ
білесіңдерме?
Балалар санамақ
айтады.
Түлкі: Ой, жарайсыңдар
балалар!Сендер білгіш екенсіңдер.Мен сендерге « Есептер
әлеміне»баратын жолды көрсетемін (түлкі қулана сөйлеп: Мен бұларды
алдап ,басқа жолға салып жіберейін)
Түлкі ұзын жолды
көрстіп: Сендер мына жолмен (
ұзын)барсаңдар тез барасыңдар.
Мына жолмен (қысқа)жүрсеңдер
ұзақ жүресіңдер.
Тәрбиеші: Тоқта,тоқта .Біздің
балалар қазір жолдарды өлшейді. Қай жол қысқа біз сол жолмен
барамыз.
Түлкі: Өлшейді........Оны қалай
өлшейді ?
Тәрбиеші: Шартты белгімен өлшеу арқылы
өлшейміз.
Балалар шартты белгімен
өлшейді.
Тәрбиеші: Балалар есептер әлеміне бару
үшін қысқа жолмен барамыз.
Түлкі: Жақсы балалар! Сендер
білімді екенсіңдер! Сендерді алдау да мүмкін емес екен. Сау
болыңдар! Жолдарың болсын!
Балалар қысқа жолмен
жүреді.
Тәрбиеші: Балалар біздер есетер
әлеміне келген сияқтымыз.Бірақ еесік кілттеулі.Есікті енді қалай
ашамыз?
Буратино кіреді.(Ән саз
әуенімен)
Сәлеметсіздерме балалар!Сіздер
кімсіздер?Қандай шаруамен жүрсіңіздер?
Тәрбиеші: Бізді «Есептер әлеміне»
Білім ханшайымы шақырып еді. Бірақ неге екені белгісіз есік
құлыптаулы тұр......
Буратино: Бұл құлыпты ашу үшін сендер
менің тапсырмаларымды орындауларың керек.
Буратинаның тапсырмалары:
«Көп-аз» (Бүр мен тиінді салыстыру)
«Құлыптың кілтін
табу» Көп кілттің ішінен құлыптың
кілтін табу.(Слайдпен жұмыс)
Есік
ашылады.
Ханшайым күтіп
алады.
Ханшайым : Сәлеметсіңдерме балалар!
Есептер әлеміне қош келдіңдер! Мен сендердің білімдеріңді
тексерейін деп шақырдым.Сендер менің тапсырмаларымды орындап
кедергілерден сүрінбей өттіңдер.Енді менің сендерге арнаған
тапсырмам бар.Тапсырмамды дұрыс орындасаңдар сендерге арнаған
сыйлығымды аласыңдар.
Тапсырма : «Суреттің
жетпеген жерін пішіндерді қою арқылы
толықтыр»
Ханшайым әр балаға жақындап
келіп не салғанын,қандай пішіннен салғанын
сұрайды.
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар! Сендер
білімді екенсіңдер! Менің сендерге арнаған сыйлығым
бар.
№31 «Еркемай» бөбекжайының №12
тобының бүлдіршіндері «Есептер әлемінде» өздерінің білімдерін
көрсете білгені үшін мадақталады.
«Мақтау
грамотасы» мен
марапатталады.
Балаларға сыйлықтар
таратады.