жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Есептер жинағы
Формула бойынша заттың салыстырмалы
молекулалық массасын табу және элементтердің % мөлшерін
анықтау
Есеп №1. Судағы оттегі мен сутегінің массалық үлесін
табу.
Н2О ω
(эл) = Ar ∙ n / Mr; Mr (Н2О)
=1∙2+16 ∙1=18
ω (Н) = Ar(H) ∙ n : Mr(H2О)
= 1∙2 : 18 = 0,11 = 11%
ω(Н) –? ω(О) –?
Аr (О)=16
Аr (Н)=1 ω (О) = Ar(О) ∙ n : Mr(H2О)
= 16 ∙1: 18 =
0,89 = 89%
Жауабы: суда 11% -Н және 89% О
бар.
Авогадро заңы бойынша
есептеу
Есеп №2.
2 моль күкіртте (S) қанша атом бар.
γ(S) =2моль NА =
6∙1023 моль-1 γ =
N0 : NА
N0(S)
- ?
N0 (S)
= NА∙ γ
(S) = 6∙1023 моль-1∙2моль = 12∙1023
Жауабы:
2 моль күкіртте-
12∙1023 атом бар.
Есеп №3 1,2∙1023 молекула суда заттың қандай мөлшері бар.
Ше
шуі:
N0(Н2О)=
1,2∙1023 γ
(Н2О)
= N0 :
NА =
1,2∙1023 :
6∙1023моль-1 =
0,2моль
-----------------------
γ(Н2О)-
?
NА =
6∙10 23 моль-1
Жауабы: 0,2 моль суда
1,2∙1023 молекула су бар.
Оқушыларға физика курсынан белгілі: массамен көлем арасындағы
байланыс және масса мен зат мөлшері арасындағы байланыстар. Міне
осы мәліметтерді пайдалана отырып есептер шығаруға болады.
Мысалы:
m = p ∙V және m = γ ∙ M
Осыдан M = m / γ ; γ = m / М
М (эл) = m0 (атом) NА М(С)=1,99∙1023∙ 6∙1023моль-1 =12
М (зат) = m0 (молекула)NА М(Н2О)=3,001∙1023∙6∙1023моль-1 =18
Е
сеп
№4. 0,25 моль күкірт қышқылының
Н2SО4 массасын табу.
Шешуі:
γ (Н2SО4)=0,25моль m = γ ∙ M
М(Н2SО4)=98г/моль
-------------------------- m (Н2SО4) =
98г/моль ∙ 0,25моль =24,5г
m(Н2SО4)=?
Мr(Н2SО4)=98
Жауабы: 0,25моль (Н2SО4) –
24,5г тең.
Есеп №5 11г
көмір қышқылында (СО2)
қанша молекула бар және зат мөлшерін табу.
Ше
шуі:
M(СО2)
=11г γ = m / М N0 = γ
∙ NА
------------------
γ(СО2) -
? N0-?
М (СО2) =
44г/моль
Мr(СО2)
=44 γ (СО2) =
11г / 44г/моль = 0,25моль
NА =6∙1023моль-1
N0 (СО2) =
0,25 моль ∙ 6∙1023 моль-1 =
1,5∙1023
Жауабы:
11г көмір қышқылында (СО2)
-0,25 моль және 1,5∙1023 молекула бар.
Химиялық теңдеу бойынша
есептеу
Есеп №6.
Мысты тотықтырып 40г СиО алу үшін қанша грамм
оттегін қатыстыру керек.
Ше
шуі:
40
m(СиО) = 40г 2Си + О2 =
2СиО
--------------------------
32 160
m(О2)-
?
М(О2)=32г/моль m = γ ∙ M теңдеу бойынша оттегі мен
СиО
М(СиО) = 80г/моль массасын табамыз.
m (О2) =
1моль ∙32г/моль = 32 г
m (СиО) = 2 моль ∙ 80 г/моль =160г
Енді осы есептерді бірнеше әдіспен шығарайық.
1-әдіс. Зат массаларының
қатынасы.
1. Берілген 40г СиО мен 160г СиО салыстырамыз. 40 <160 (4есе
көп)
Олай болса оттегі 4есе аз қажет етеді.
m (О2) =
32 г : 4 = 8 г
Жауабы:
40г СиО алу үшін 8г
О2 керек.
2-әдіс Моль ұғымын пайдаланып
есептеу.
γ = m : М γ = 40г : 80 г/моль = 0,5моль
Теңдеу бойынша оттегінің моль саны 2 есе кем: 0,5 : 2 = 0,25 моль
Осыдан:
m (О2) =
32 г/моль ∙ 0,25 = 8 г
3-әдіс Пропорция арқылы
есептеу
mг 40
2Си + О2 =
2СиО mг-----------------------------------40
32 160 32---------------------- 160
m (О2) =
8 г
Ерітінділердегі заттын массалық
үлесін есептеу.
Ерітінділер еріген затпен ерігіштен тұратыны белгілі. Ерітіндідегі
еріген заттың проценттік мөлшерін формула арқылы табуға болады.
Есеп №7.
10 г тұзды 70 г суға еріткен. Ерітіңдінің
проценттік концентра-
циясын табыңдар?
Ше
шуі: ω =
10 : 80 = 0,12
m(тұз) =10 г
m1(су)= 70г
-------------------------------
ω- ?
Есеп №8.
Бір литр НСІ ерітіндісіндегі тұз қышқылының
проценттік мөлшері 0,38 тең.
(p=1194кг/м3) .
Ерітіндідегі НСІ массасын табу?
Ше
шуі:
V(НСІ)ерт=1л=0,001м3 ω =
mзат :
mерт
ω(НСІ)=0,38 p(НСІ)=1194кг/м3 ω =
mзат : m +
m1
-------------------------------
m(НСІ)- ? ω = m : V ∙ p
m = ω ∙V∙ p = 0,38 ∙ 0,001м3 ∙1194кг/м3 =
0,454кг = 454г
Есеп №9 45г
қантты суға ерітіп 10% ерітінді алынған. Судың массасын табу.
Ше
шуі:
m(қант) = 45г ω = mзат :
mерт ω =
mзат : m
+ m1
ω = 0,1(10%)
---------------------
m1(Н2О)
-?
Бірінші-әдіс
ω = mзат :
mерт mерт = m
: ω = 45г : 0,1 = 450г
m(Н2О)
= 450 – 45 = 405г
Екінші -әдіс
ω = m / m + m1 Осыдан ортақ бөлімге келтіріп мына теңдеуді
аламыз:
mω + ωm1 = m
немесе ωm1 = m
– ω ∙ m
m1 = m
− ω∙ m : ω = 45г − (45∙ 0,1) г : 0,1= (45- 4,5) г : 0,1
;
m (Н2О)
= 40,5г : 0,1= 405 г
Жауабы:
45г қантты 405г суға еріту керек.
Химиялық лабораторияда әртүрлі ерітіңділерді араластырып белгілі
дәрежедегі еріген заттың массалық үлесіне тең ерітіңділерді
дайындау көп кездеседі. Мысалы, бірінші ерітіндінің массасын –
m1,
екінші ерітіндінің массасын – m2 ,
деп белгілейік. Ал олардағы еріген заттың массалық үлесін
ω1:
ω2 : ω3 деп
белгілейік. Ерітіндінің қоспасын (m1 +m2)
дейміз.
Еріген зат: m1 ∙
ω1;
m2 ∙ω2;
(m1 +m2) ∙
ω3 болады.
Осыдан m1 ∙
ω1 +
m2 ∙
ω2 =
(m1 +
m2) ∙
ω3;
немесе m1 ∙
ω1 +
m2 ∙ω2 =
m1 ∙
ω3 +
m2 ∙
ω3
осыдан: m1 ∙
ω1 − m1 ∙
ω3 =
m2 ∙
ω2 − m2 ∙
ω3
m1(ω1-
ω3) =
m2 (ω2 -
ω3)
Осыдан жалпы формула шығады.
m1 :
m2 =
ω3 −
ω2 : ω1 −
ω3
Енді есеп шығарып көрейік.
Есеп №10
Массалық үлесі 0,2 тең 100г ерітінді мен 0,32г
тең 50г ерітіндіні араластырған. Алынған ерітіндінің массалық
үлесін табу.
Шешуі:
m1
=
100г 1-әдіс Ығыстыру ережесі формуласы
бойынша
ω1=
0,20 m1 :
m2 =
ω3-
ω2 :
ω1-
ω3
m2=
50г
ω2
=
0,3г 100 : 50 = ω3 -
0,3г : 0,2 - ω3
ω3-
?
0,4 − 2ω3 =
ω3 −
0,32;
0,72 = 3ω3
ω3 =
0,24
Жауабы: Алынған ерітінді
24%
2-әдіс Алгебралық
әдіс
m1 ∙
ω1 +
m2 ∙
ω2 =
(m1 +
m2) ∙
ω3;
ω3 =
m1 ∙
ω1 +
m2 ∙
ω2 :
m1 +
m2 =
100 ∙ 0,2 + 50 ∙ 0,3 : 100 + 50 = 0,24 = 24%
3-әдіс Крест
ережесі
0,20 ω3 -
0,32 ; 100г ω- 0,32 ‗ 100
ω
3 0,20 - ω3 50
0,
32 0,20
- ω3 ;
50г ω3 -
0,32 = 0,4-2 ω3
![]()
3 ω3 =
0,73 ω3 =
0,24 = 24%
4-әдіс Сандық
есептеу
1. Бірінші ерітіндідегі еріген затты табамыз
m1(зат) =100 ∙ 0,20 = 20г
2. Екінші ерітіндідегі еріген затты табу.
m2 (зат) = 50 ∙ 0,3 = 16г
3. Жалпы еріген затгы табу
20 +16 = 36
4. Жаңа ерітіндінің массасын табу
100 + 50 = 150г
5. Қоспадағы еріген затгың массасын табу
ω3 = 36 =
0,24 =24%
150
Газдардың молярлық көлемі. Авогадро
заңы
Есеп №9
0,2моль Н2 қандай көлем алады?.
Ше
шуі:
γ(Н2)
=0,2моль Бірінші әдіс
-------------------
V(Н2)-
? 0,2 моль < 1моль (5есе) олай болса көлем де 5есе
кем болады. Vm =22,4л/моль
V (Н2) =
22,4 : 5 = 4,48л
Екінші әдіс
V = γ ∙ Vm V(Н2) =
0,2моль ∙22,4л /моль = 4,48л
Жауабы:
0,2моль Н2 (қ.ж.) - 4,48л көлем алады.
Е
сеп
№10 Баллонда 0,5кг сутегі бар.Қалыпты жағдайда бұл
газ қандай көлем алады.
Шешуі:
m(Н2) =
0,5кг = 500 г Бірінші әдіс
--------------------------- m (Н2)
=1моль ∙2г/моль =2г
V(Н2)-?
V(Н2)
=1моль ∙22,4л/моль =22,4л
М(Н2)=2г/моль 2г<500г (250есе) олай болса газдың
көлемі де
VМ =22,4л/моль 250есе көп болады.
V(Н2)
=22,4л ∙250 = 5600л =5,6м3
Екінші
әдіс
γ = m / М = 500 г/ 2г/моль = 250 моль
V = γ∙Vm = 250моль ∙22,4л/моль = 5600л
Үшінші
әдіс
γ1 = m
/ М; γ2 = V
/ Vm ; γ1 =
γ2 олай болса
m / М = V / Vm Осыдан V = m ∙ Vm / М
V(Н2) =
500г ∙ 22,4л/моль / 2г/моль = 5600л
=5,6м3
Жауабы:
0,5кг Н2 (қ.ж.) V= 5,6м3 алады.
Теңдеу бойынша газдардың көлемін
табу
Е
сеп
№11 Күкірт қышқылына (Н2SО4)
0,2моль Zn әсер етіп қандай көлем Н2 алуға болады?.
Шешуі: 0,2моль
γ (Zn)=0,2моль Zn + Н2SО4 =
Zn SО4 +
Н2
-------------------- 1моль 1моль
V(Н2)-?
Vm =22,4л/моль
Бірінші әдіс(зат мөлшерлерін
салыстыру)
0,2 моль <1моль (5есе) Олай болса
Н2 5есе кем бөлінеді, осыдан
V = γ ∙Vm =
0,2моль ∙22,4л/моль = 4,48л.
Екінші әдіс (Пропорция әдісі)
0,2моль Vл
Zn + Н2SО4 =
Zn SО4 +
Н2
1моль 22,4л
Химиялық теңдеу бойынша 1моль Н2 бөлінеді, оның көлемі:
V(Н2)
=1моль∙22,4л/моль =22,4л
0,2 : 1 = V : 22,4 осыдан V(Н2) =
0,2∙22,4 / 1 = 4,48л
Жауабы:
0,2 Zn қышқылдан 4,48л Н2 ығыстырады.
Есеп №12 18г
көмір жанғанда қанша көлем оттегі қатысады.
Шешуі:
m(С)=18г С + О2 =
СО2
--------------
М(С)=12г/моль Теңдеу бойынша 1моль С және 1моль
О2
Vm=
22,4л/моль m (С) =1моль ∙12г/моль =12г
V(О2)
=1моль ∙22,4л/моль =22,4л
18г >12г (1,5есе) олай болса О2 де
1,5 есе көп керек етеді.
![]()
V(О2)
=22,4л ∙1,5 = 33,6л
Жауабы:18г
С жанғанда 33,6л О2 кетеді.
Газдардың салыстырмалы тығыздығын
анықтау
Бір литр газдардың көлемдері 22,4л тең, молекула саны
6∙1023 тең. Ал массалары бірдей емес.
Мысалы: СО2 мен
Н2 салыстырсақ әртүрлі
(m1 Мr)
m
(СО2) ‗ М (СО2)
m (Н2)
М r (Н2)
Массаны формула арқылы да анықтаймыз
m = V∙ p m (СО2) =
V(СО2) ∙
p (СО2)
m (Н2) =
V(Н2) ∙
p (Н2)
осыдан
V(СО2) ∙ p (СО2) = Мr(СО2)
V(Н2) ∙
p (Н2)
Мr (Н2)
Көлемдері бірдей болғасын (1л) былай болады:
p (СО2) ‗ Мr(СО2) немесе p1 :
p2 =
Мr(1) :
Мr(2)
p(Н2)
Мr (Н2)
p1 : p2 = d
тығыздық дейді.
d = m1 :
m2 =
p1 : p2 =
Мr(1) : Мr(2)
Есеп №13
Тұз қышқылының (НСІ) азот бойынша тығыздығын
анықтау
Шешуі:
Б
ірінші
әдіс(Формула бойынша)
НСІ
d = Мr(НСІ) : Мr(N2) =
36,5 ׃
28 =1,3
d
(НСІ)
-?
Екінші
әдіс(Тығыздық бойынша)
М r (НСІ) =36,5 Газдардың тығыздығын кестеден
қараймыз.
М r (N2) =
28
p (НСІ) =1,63г/л p (N2) =
1,25г/л
d = p (НСІ) : p (N2) =
1,63 : 1,25 = 1,3
Жауабы: d (НСІ)
=1,3
Теңдеу бойынша газдардың көлемдік қатынасын
анықтау
(Гей-Люссак
заңы)
Е
сеп
№14. 2л
NН3 жанғанда қандай көлем
О2 керек және қандай көлем
N2 бөлінеді:
Шешуі: 4 NН3 + 3
О2 = 2
N2 +
6Н2О
V (NН3)
=2л 4 моль 3 моль 2 моль
-------------------
V (N2)-?
V (О2)-?
Химиялық теңдеу бойынша аммиак 4 көлем, ал
азот 2 көлем болып тұр, олай болса азот 2 есе, ал оттегі 1,5 есе
кем бөлінеді,
Жауабы: 2л
NН3 жанғанда 1,5л О2 және 1л N2 керек.
Есеп №15. 1 л
зат жанғанда 5л оттегі жұмсалады. Реакциядан кейін 3л
СО2 және 4л Н2О
бөлінеді. Заттың формуласын табу?
Шешуі:
газ + 5О2 =
3СО2 +
4Н2О
Теңдеу бойынша оттегін санасақ газдың құрамында оттегі болмаған,
тек С,Н болған. Осыдан:
СхНу +
5О2 =
3СО2 +
4Н2О
3моль 4моль
Химиялық теңдеу бойынша 3моль СО2 құрамында 3моль С болады, олай болса көміртегінің
белгісіз саны х=3 тең болады, ал 4моль
Н2О -
8моль Н тең болады, яғни у = 8
Жауабы: С3Н8 (пропан)
Есеп
№1. 20 г МдО құрамында 94,5г
НNО3
бар ерітіндісімен
әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады.
Бұл есепте ең бірінші әрекет, ол магний оксиді мен азот қышқылының
қайсысының артық алынғаның анықтау.
0,5моль 0,5моль
m(
MgO) =20г
MgO + 2 НNО3
=
Mg(NO3)2
+
Н2О
m(НNО3
) =94,5г 1моль 1моль
![]()
m(Mg(NO3)2) -?
γ( MgO) = 20г : 40г/моль =
0,5моль
γ(НNО3
) = 94,5г : 63г/моль
=1,5моль
М( MgO)=40г/моль γ(
MgO)=0,5моль=γ(Mg(NO3)2) = 0,5моль
М(НNО3
)=63г/моль Осыдан:
М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз)
= γ · М = 0,5моль·148 г/моль
=74г
Жауабы: 20г MgO азот қышқылымен
әрекеттескенде 74 г Mg(NO3)2
тұзын береді.
Химиялық реакцияға қатысқан артық заттарды анықтаудың бірнеше
әдістері бар.
1-әдіс. Заттардың сандық мөлшерін моль
ұғымы арқылы анықтау. Бұл әдіс №1 есепте қарастырылды.
2-әдіс Химиялық реакцияға қатысқан
заттардың массалар арақатынасы арқылы.
Реакция теңдеуі
бойынша:
m (MgO) : m (НNО3
) = 40 : 126 = 2 : 6,3
Есептің шарты
бойынша:
m (MgO) : m (НNО3
) = 20 : 94,5 = 2 : 9,4
6,3 < 9,4 қышқыл артық алынған
3-әдіс. Химиялық реакцияға қатысқан
заттардың массаларын салыстыру. Химиялық реакция теңдеуі
бойынша:
m (MgO) = 1моль · 40 г/моль = 40 г
m(НNО3
) = 2моль · 63г/моль =
126г
20 г < 40 г 2есе кіші, олай болса, қышқыл да 2 есе аз болу
керек, яғни
m (НNО3
) = 126 г : 2 = 63г, ал
есептің шарты бойынша қышқыл 94,4 г олай болса
қышқыл артық
алынған.
4-әдіс. Пропорционалдық коэфициент арқылы.
20г 94,5
MgO + 2 НNО3 =
Mg(NO3)2 +
Н2О
40г 126
20 г : 40 г = 0,5; 94,5 : 126 = 0,75
0,5 < 0,75 қышқыл артық алынған.
5-әдіс.Пропорция әдісі
арқылы.
20г mх
а) MgO
+ 2 НNО3 =
Mg(NO3)2 +
Н2О
40г 126
20 : 40 = mх : 126
m(НNО3 ) =
20 г ·126 г / 40 г = 63 г
63 < 94,5 - қышқыл артық
алынған.
mх 94,5 г
ә) MgO + 2 НNО3 =
Mg(NO3)2 +
Н2О
40г 126
mх ׃ 40 =
94,5 : 126
m (MgO) = 40 г ·94,5 г / 126 г = 30 г
Теориялық мүмкіншілікпен
салыстырғанда өнімнің шығымын анықтауға арналған
есептер
Бұл есептеулерде өнімнің шығымының массалық үлесі туралы ұғым
қалыптастырылады. Өндіріске байланысты есептеулерде алынған өнімнің
шығымы әруақытта шығынға байланысты болады. Сондықтан да технолог-
иялық есептеулерде өнімнің шығымына байланысты формуланы
пайдалануға болады.
Нη=
mП / mТ ·100; η = mпрак / mтеор
Есеп №2
Құрамында 45% S бар 320 т күкіртті колчеданнан
405 т күкірт қышқылы алынған. (есептеу сусыз қышқылға) Күкірт
қышқылының шығымының массалық үлесін анықтаңдар.
Шешуі:
m
(руда) =
320т Формуланы жазамыз
ω(S) = 0,45 η = mпр /
mт
mпр (Н2 SО4) =
405 т Өнімнің шығымының массалық
ү
лесін
анықтау үшін күкірт қышқыл -
η (Н2 SО4) -
? - ының практикалық және теориалық
массасын білсе болғаны. Ал, практика-
М(S) = 32·10-3кг/моль лық масса есептің шартыңда
көрсетілген.
М(Н2 SО4) =
98 ·10-3 кг/моль Сондықдан да, күкірт қышқылының теориалық
массасын анықтау үшін алдымен рудадағы күкірттің массасын анықтау
керек.
mS =
32 ·103 кг
· 0,45 = 144 · 103 кг
= 144т
Күкірт қышқылын алу кезінде жүретін химиялық реакция теңдеуін
жазамыз.
S + О2 =
SО2 ; 2
SО2 +
О2 =
2SО3 ;
SО3 +
Н2О =
Н2 SО4
Үш теңдеуді біріктіріп жалпы теңдеу алынады:
2S + 3О2 + 2
Н2О =
2 Н2 SО4
Сонымен өндіріс үрдісінде 1 моль күкірт 1 моль күкірт қышқылын
береді: S → Н2 SО4
Енді есепті қажетті әдістермен шығаруға кірісеміз. Алдымен
күкірттің сан мөлшерін табады: γ = m / М
γ (S) = 144 · 103 кг׃ 32
·103 кг
/моль = 4,5 · 106 моль
Күкірт қышқылының массасын табамыз: m = γ · М
m теор ( Н2 SО4) =
4,5 · 106 моль · 98 · 103 кг
/моль = 441· 103 кг
= 441 т
Осыдан күкірт қышқылының шығымын анықтаймыз:
η (Н2 SО4) =
405 т / 441 т = 0,94 = 94%
Жауабы:
η (Н2 SО4) =
94%
Есеп №3.
20 г аммоний хлориді артық мөлшерде кальций
гидроксидімен әрекеттескенде қанша көлем аммиак түзіледі, егер
аммиактың көлемдік шығымы 98% болса.
Ше
шуі:
m(NН4СІ)
=20 г η = Vпр /
Vт Vпр = η
· Vтеор
η(NН3 ) =
98%
2
0г
хл
V(NН3 ) =
? NН4СІ
+ Са(ОН)2 = 2
NН3 +
СаСІ2 +
2Н2О
107г 44,8
Химиялық теңдеу бойынша
m(NН4СІ)
=2 моль · 53,5 г/моль = 107 г
V(NН3 ) =
2 моль · 22, 4 л/моль = 44,8 л
Пропорция құрамыз:
20 ׃
107 = V ׃ 44,8
Vтеор (NН3) =
20 г ·44,8 л / 107 г = 8,4л
Vпр (NН3) =
8,4л · 0,98 = 8,2л
Жауабы: 20 г
NН4СІ
8,2 л NН3 алынады.
Термохимиялық теңдеулер бойынша
есептеу
Есеп №4. 12г
сутегі оттегінде жанғанда қанша мөлшерде жылу бөлінеді, егер
сутегінің жануының термохимиялық теңдеулері мынаған тең болса:
12 г х
2Н2 +
О2 =
2Н2О +
571,6кДж
4г
Химиялық теңдеу бойынша 4 г сутегі жаңғанда 571,6 кДж жылу
бөлінеді. Енді есепті бірнеше әдіспен шығарайық.
1- әдіс. Пропорция әдісі.
12 г ------------------------------ х
4 г -------------------------- 571,6
х = 12 · 571,6 / 4 = 1714,8 кДж
2-әдіс. Зат мөлшері арқылы есептеу.
Химиялық теңдеу бойынша 2моль сутегі жаңғанда 571,6 кДж жылу
бөлінеді. Ал 12г сутегін сандық мөлшерге аударсақ:
γ = m / М
γ(Н2) =
12 г / 2 г / моль = 6моль сутегі шығады. Сонда 6моль
Н2 3есе көп жылу бөледі
Q = 571,6 ·3 = 1714,8 кДж
Есеп №5.
Егер 1 г Мg жанғанда 25,6кДж жылу бөлінетін
болса, термохимиялық теңдеуді қалай құруға болады?
2Мg + О2 =
2МgО
Химиялық теңдеу бойынша 2 моль магний жаңғанда қанша жылу
бөлінетінің анықтау керек. Ол үшін оны массаға айналдырып
табамыз.
m = γ ·М m (Мg) = 2моль · 24г/моль = 48г
48 г > 1г (48есе) олай болса жылу да сонша есе көп болады.
Q1 = Q
·48 Q1 =25,6 · 48 = 1228,8 кДж
Жауабы: 2Мg + О2 =
2МgО + 1228,8 кДж
Құрамында қоспасы бар заттардан алынған
өнімнің массасын табу
Өндіріске байланысты есептерде көбінесе берілген шикізаттардың
құрамында қоспасы болып келетін мәліметтер болады. Бұл қоспалар
өндірістік үрдіс кезінде тиісті өнімге айнала алмайды. Сондықтан да
тиісті өнімге айналатын таза заттың массасын анықтау қажет болады.
Оны формула арқылы анықтауға болады.
ω (таза зат) = m (таза зат) / m (қоспа)
m (таза зат) = m (қоспа) · ω (таза зат)
Есеп №5.
Құрамында 35% породасы бар 50т фосфорит заводқа
әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу.
Шешуі:
Рудадағы таза кальций фосфатының мөлшері 65% (100% -35%) , ал бос
порода ω (бос порода) = 0,35, ω (Са3(РО4)2) =
0,65
m ( Са3(РО4)2 ) =
50т · 0,65 = 32,5 т
немесе m ( қоспа ) = 50т · 0,35 = 17,5 т осыдан
m ( Са3(РО4)2 ) =
50т - 17,5 = 32,5 т
Жауабы: m
( Са3(РО4)2 ) =
32,5 т
Есеп №6 Құрамында 92% кальций карбонаты бар
(СаСО3)
бар 500 кг известняктен қанша көлем көмір қышқыл газын алуға болады
және сөңдірілген известінің массасын табу.
Ше
шуі:
m(изв) = 500кг Известняктегі СаСО3 массасын табу:
ω(
СаСО3 ) =
0,92 m (СаСО3 ) =
500 кг · 0,92 = 460 кг
V(СО2)-?
m(СаО)-? Известняктің айырылу реакциясын жазамыз:
СаСО3 =
СаО + СО2
Химиялық теңдеу бойынша m (СаСО3 ) =
100 кг
m (СаО) = 56 кг
V(СО2) =
22,4 м3
Есепті шығару үшін массаларын салыстыру әдісін қолданамыз.
460 кг > 100 кг (4,6 есе) олай болса
V(СО2)
және m (СаО) да 4,6 есе көп болады.
V(СО2) =
22,4 м3 ·
4,6 = 103 м3
M (СаО) = 56 кг · 4,6 = 257,6 кг
Жауабы:
Известнякті өртегенде 257,6 кг СаО және 103
м3 СО2 алынады.
1-Есеп (№ 17-22).
100 г темір пластинкасын мыс купороса
ерітіңдісіне батырған. Мыс қонған пластинканы кептіріп қайтадан
өлшеген. Оның массасы 101,3 г болған, Пластинкаға қонған мыстың
массасын анықтаңдар.
Ш
ешуі:
Реакция теңдеуін жазамыз:
m (Fе) = 100 г
m (Fе +Си) = 101,3 г Fе + СиSО4 =
FеSО4 +
Си
![]()
m (Си) - ? Химиялық теңдеу бойынша темірдің әр атомы
М(Fе) = 56 г /моль мыстың катионың ығыстырады, яғни ерітіңдіге
М(Си) = 64 г /моль өткен әр бір атом темірдің орнына,
пластинкаға
бір атом мыс қонады. Олай болса пластинканың
салмағының өзгерісі темір мен мыстың мольярлық массаларының
айырмасынан болады.
∆М = 64 г /моль − 56 г /моль = 8 г /моль
Эксперементтік мәліметтер бойынша пластинканың тәжірибеге дейін
және тәжірибеден кейінгі салмақтарының айырмашылығы мынадай
болған:
∆М = 101,3г − 100г = 1,3г
Міне осы өткізген талдаудың нәтижесі, есепті шығарудың негізгі көзі
болып саналады. Әрі қарай есепті әртүрлі әдіспен шығаруға
болады.
1- әдіс.
1,3 г < 8 г 6,15 есе, олай болса пластинкаға қонған мыстың да
массасы 1 моль мыстың массасынан 6,15 есе кем болады :
m (Си) = 64 г ׃6,15 = 10,4 г
2-әдіс.
Пластинканың салмағының 1,3 г артуы, мыс пен темірдің мольярлық
массаларының айырмасына (8г) тәуелділікте болып тұр. Ал бұл 8г сан
бөлінген мыстың мольдік санына тең болып тұр. Олай болса мыстың
моль саны мынаған тең болады:
ν(Си) = 1,3 г ׃ 8г/
моль= 0,162 моль
Формула бойынша мыстың массасын табамыз: m = ν · М
m (Си) = 64 г/моль · 0,162 моль = 10, 4 г
3-
әдіс.Реакцияға қатысқан темірді х моль, ал
пластинкадағы мысты да
х моль деп белгілейміз. Ал, ерітіндіге өткен темірдің массасын −56
х, пластинкаға қонған мыстың массасын −64 х арқылы анықтаймыз.
Теңдеу құрамыз: 100 −65 х +64 х = 101,3, осыдан 8 х = 1,3; х = 0,16
моль,
m (Си) = 64 г/моль · 0,162 моль = 10, 4 г
4-әдіс.
Егер 1 моль Си бөлінсе, ол 64 г сәйкес келеді, онда пластинканың
салмағының айырмасы 8 г тең, олай болса m (Си) бөлінсе пластинканың
айырмасы 1,3 г болады. Осыдан пропорция құрамыз:
64׃
m = 8 ׃ 1,3
m (Си) = 64 г · 1,3 г / 8 г = 10,4 г
Жауабы:
Пластинкада 10,4 г Си бөлінеді.
2 есеп.
1, 60 г калий бромиді ерітіндісіне құрамында
хлоры бар бромның 6,00 г қоспасы қосылады. Қоспаны кептіреді. Сонда
1,36 г тұз қалдық болып қалады. Қоспадағы хлордың проценттік
массасын анықтаңдар.
Ш
ешуі:
m (КВг)= 1,60 г Бромның құрамындағы хлор калий бромиді
m (Вг2) = 6,00 г ерітіндісімен әрекеттеседі. Реакцияға қатыс-
m (соли)= 1,36 г қан калий бромидінің массасы арқылы
х
лордың
массасын анықтауға болады:
ω (СІ2) = ?
2 КВг + СІ2 = 2 КСІ + Вг2
М(КВг) = 119 г / моль
М(КСІ) = 74,5г / моль Химиялық теңдеу бойынша 2 моль КВг 1 М(СІ2)=
71г / моль 1 моль СІ2 әрекеттескен. Нәтижесінде 2 моль
КСІ және 1 моль Вг2 түзіледі. Олай болса,
кептіргеннен кейін қалған тұздың массасының кемуі, ∆m = 1,60 г −
1,36 г = 0,24 г калий бромидінің массасы мен калий хлоридінің
молярлық массаларының айырмасы арқылы болады.
∆М = 119 г/ моль − 74,5 г/моль = 44,5 г / моль
0,24 г< 44,5 г 185,4 есе, олай болса реакцияға қатысқан калий
бромид -інің массасы да 185,4 есе аз болады:
m (КВг) = 119 г ׃ 185,4 = 0,64 г
Химиялық теңдеу бойынша 2 моль КВг реакцияға қатысады, яғни оның
массасы m = ν ·М; m (КВг)= 119 г / моль · 2 моль = 238 г, ал 1моль
СІ2 71 г тең.
0,64 г < 238 г 371,9 есе, яғни хлор сонша есе аз болады:
m (СІ2) = 71 г 371,9׃ =
0,19 г
Қоспадағы хлордың массалық үлесін анықтаймыз:
ω = m (СІ2) ׃ m
(Вг2)
ω(СІ2) = 0,19 г г 00 , 6/ = 0,032
Жауабы.
Бромның құрамында 3,2 % хлор бар.
Калий бромиді мен хлордың массаларын басқа да үш әдіспен есептеп
шығарыңдар.
Оқушылардың ой-өрісін үнемі ауызша есептерді шығарту арқылы
дамытуға болады. Ауызша есептерге көп уақыт кетпейді, әрі оқушылар
тез ойлануға, салыстыруға, айырмасын анықтауға, қорытыңдылауға
үйренеді.
№ 3 Есеп. 0,5
моль мырышпен күкірт қышқылының қандай массасы әрекеттеседі және
қандай көлем сутегі бөлінеді?
Есепте мырышпен күкірт қышқылының арасындағы реакция туралы
айтылады. Реакцияға қатысқан заттардың сандық мөлшерлері бірдей.
Яғни мынадай ара қатынаста: 1 : 1 : 1
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2
1моль 1моль 1моль 1моль
Реакцияға 0,5 моль мырыш қатысатын болса, қалған заттардың да
мөлшерлері 0,5 моль болатыны реакциядан көрініп тұр. Олай болса
күкірт қышқылының 98 г/моль тең молярлық массасын және газдардың
(қ.ж.) 22,4 л/моль тең көлемін біле тұра, қышқылдың массасын 49 г,
бөлінген сутегінің көлемін 11,2 л тең екендігін айтуға болады,
Жауабы:
0,5 моль мырышпен 49 г Н2SО4 әрекеттеседі, 11,2 л сутегі
бөлінеді.
№ 4 Есеп.
10 г натрий гидроксиді ерітіндісімен қандай көлемде хлорлы сутегі
әрекеттеседі?
Химиялық реакция бойынша хлорлы сутегін натрий гидроксиді арқылы
өткізгенде тұз қышқылы мен натрий гидроксиді 1:1 ара қатынасында
әрекеттеседі. Натрий гидроксидінің 40 г/моль тең молярлық массасы
мен хлорлы сутегінің 22,4 л/ моль тең көлемін біле отырып, 40 г
NаОН 22,4 л
НСІ әрекеттесетінің атап көрсетуге болады. Ал есептің шарты бойынша
сілтінің мөлшері 10 г, яғни 4 есе аз, олай болса хлорлы сутегі де 4
есе кем беріледі, немесе 5,6 л болады.
Жауабы: 10 г
NаОН нейтральдау үшін 5,6 л НСІ керек.
Қарапайым ауызша есептерді шығару арқылы , біршама күрделі
есептерді де шығаруға болады.
№ 5 Есеп. 196
г күкірт қышқылы ерітіндісін нейтральдау үшін алдымен 60 г натрий
гидроксиді ерітіндісі қосылады, әрі қарай нейтральдау калий
гидроксиді ерітіндісімен жалғасады. Толық нейтральдауға қанша грамм
калий гидроксиді ерітіндісі жұмсалады.
Н2 SО4 + 2NаОН = Nа2SО4 + 2 Н2О
1моль 2 моль
Есептің шартында күкірт қышқылының массасы 196 г, оны оның молярлық
массасымен салыстырсақ (98 г/моль), қышқылдан 2 моль берілген.
Олай болса нейтральдауға 4 моль сілті қажет. 60 г натрий
гидроксидінің моль саны 1,5 моль (М(NаОН) = 40 г/моль). Сонымен
калий гидроксидінен 2,5 моль қажет. (М(КОН) = 56 г/моль), ал
массасы 140 г (56 г/моль · 2,5 моль)
Жауабы:196 г
Н2 SО4 нейтральдау үшін 60 г NаОН және 140 г КОН
керек.
§2. Қоспадағы компоненттердің массаларын анықтауға
байланысты есептерді шығартуға үйрету
Көптеген күрделі есептер мен олимпиадалық есептерде, қоспадағы
компоненттердің массаларын анықтауды сұрайды. Мұндай есептерді
көбінесе алгебралық тәсілдермен шығару тиімді болады. Сонымен қатар
бұл есептерді шығару үшін алгебрадан алған білімдер де қажет
болады.
Мұндай есептерді шығарту арқылы, оқушыларды алгебралық теңдеулер-
ді құрудың әртүрлі тәсілдерімен таныстырып, тиімді әдістерді таңдап
алуға үйретуге болады.
Есепті шығарту кезінде есепті талдауға үлкен мән беру керек.
Оқушылардың қабылеттерін ескере отырып, олардың қандай әдістерді
таңдап алуға болатыңына мүмкіншілік беруге болады. Енді қоспаға
байланысты әртүрлі тәсілдермен шығарылатын есептерді
қарастырайық.
№1. Есеп (№ 6-109).
2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға
еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын
анықтаңдар?
Шешуі: 1-әдіс. Бір белгісізі бар
алгебралық
m (Fе,Zn) = 2,33 г теңдеулерді
құрастыру
V(Н2) = 896 мл Қоспадағы m (Fе) ) = х г деп, ал m (Zn) = 2,33-х
г
д
еп
белгілейміз.
m
(Fе,) -?
m (Zn) -? Темір мен қышқылдың арасындағы жүретін
реакция теңдеуін жазамыз:
М(Fе) = 56 г/моль х V1
М(Zn) = 65 г/моль Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2
Vm = 22,4 л/моль 56 г 22,4 л
Пропорция құрып сутегінің көлемін анықтаймыз.
х ׃
56 = V ׃ 22,4 ; V1 = 22,4 · х / 56 = 0,4 х
Мырышпен қышқылдың арасындағы жүретін реакция теңдеуін жазып
пропорция құрамыз:
22,3 г - х V2
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2
65 г 22,4 л
2,33 г - х / 65 = V2 / 22,4 ; V2 = ( 2,33 г – х) · 22,4 / 65
(л)
Бір белгісіз арқылы алгебралық теңдеуді құрып, оны шешеміз:
0,4 х + (
2,33 – х) · 0,345 = 0,896
0,4 х + 0,804 – 0,345 х = 0,896
0,055 х = 0,092 ; х = 1,68
m (Zn) = 2,33 − 1,68 = 0,65 г
Жауабы: Қоспада 1,68 г Fе және 0,65 г Zn
бар.
2- әдіс. Екі белгісіз арқылы екі алгебралық теңдеулерді
құрастыру
Қоспадағы металдардың массасын m (Fе) = х ; m (Zn) = у деп
белгілейміз.
Реакция теңдеуін жазып, бөлінген сутегінің көлемін анықтаймыз.
х V1
Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2
56 г 22,4 л
у V2
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2
65 г 22,4 л
х / 56 = V1 / 22,4 л; V1 = 22,4 · х / 56 = 0,4 х ;
у / 65 = V2 / 22,4 л V2 = 22,4 · у = 0,345 у
осыдан, х + у = 2,33 0,4 х + 0,345 у = 0,896
Теңдеудің жүйесін құрып оны шешеміз:
х + у = 2,33
{ 0,4 х + 0,345 у = 0,896 · 0,4
![]()
0
,4 х +
0,4 у = 0,932
− 0,4 х + 0,345 у = 0,896
![]()
0,055 у = 0,036; у = 0,65 ; х = 2,33 − 0,65 = 1,68
3- әдіс. Белгісізге металдардың
массасының орнына олардың сандық мөлшерлері алынып алгебралық
теңдеулер құрастыру.
Қоспадағы темірді х моль және мыршты у моль деп белгілесек, онда
темірдің массасы – 56 х , мырыштың массасы – 65 у болады.
Осыдан
56 х + 65 у = 2,33
Металдардың қышқылдармен әрекеттескен реакция теңдеулерін
жазамыз:
Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2 ↑
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2 ↑
Реакция теңдеулері бойынша темірдің х молі қышқылдан сутегінің х
молін ығыстырып шығарады, ал мырыштың у молі қышқылдан сутегінің у
молін ығыстырды. Олардың көлемдері 22,4 х және 22,4 у литр
болады.
Осыдан 22,4 х + 22,4 у = 0, 896 .
Екі белгісізден екі теңтеудің жүйесі құрылады:
5
6 х + 65
у = 2,33
22,4 х + 22,4 у = 0, 896
![]()
56 х + 65 у = 2,33
− 56 х + 56 у = 2,24
![]()
9 у = 0,09 ; у = 0,01 ; ν(Zn) = 0,01 моль
56 х + 65 · 0,01 = 2,33 ; 56 х = 1,68 ; х = 0,03 ; ν(Fе) = 0,03
моль
m(Zn) = 65 г/моль · 0,01 моль = 0,65 г
m(Fе) = 56 г/моль · 0,03 моль = 1,68 г
4- әдіс. Бұл әдіс бойынша әрбір
металды 2,33 г тең етіп алып, алдымен сутегінің көлемі пропорция
арқылы анықталады.
2,33 г х л
Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2 ↑
56 г 22,4 л
2,33 / 56 = х / 22,4; х = 2,33 г · 22,4 л / 56 г = 0,932 л
2,33 г х л
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2 ↑
65 г 22,4 л
2,33 / 65 = у / 22,4 ; У = 2,33 г · 22,4 л / 65 = 0,803 л
Есептеуден көрініп тұрғандай мырш темірге қарағанда сутегін 129 мл
кем бөліп шығарады. 932 мл − 803 мл =129 мл .
Ал, 2,33 г темір мен мырштың қоспасының бөліп шығарған сутегінің
көлемімі(896 мл), темірдің бөліп шығарған сутегінің көлемімінен
(932 мл)
932 мл − 896 мл = 36 мл кем. Бұл кеміген көлем мырыштың белгілі
массасына сәйкес келеді. Олай болса 2,33 г Zn сутегінің көлемін 129
мл төмендетеді, ал Zn массасы қоспада сутегінің көлемін 36 мл
кемітеді. Пропорция құрып, мырыштың массасын анықтаймыз:
2,33 / m = 129 / 36 ; m(Zn) = 2,33 г · 36 мл / 129 мл = 0,65 г
m(Fе) = 2,33 г − 0,65 г = 1,68 г
5-
әдіс.
Бөлінетін сутегінің көлемі қоспадағы темір мен мырыштың санына
байланысты болады. Заттың саны мен газдың көлемі формула арқылы
анықталады.
ν = m / М V = ν · Vm ν-нью орнына мәндерін қоямыз:
V = m· Vm / М Осы формула арқылы сутегінің көлемін анықтаймыз:
V1 = 2,33 г · 22,4 л/моль / 56 г/ моль = 0, 932 л
V2 = 2,33 г · 22,4 л/моль / 65 г/ моль = 0, 803 л
2,33 г Fе қоспаға қарағанда сутегінің көлемін 36 мл артық беріп
тұр.
0,932 л − 0,896 л = 0,036 л, немесе 36 мл
2,33 г Zn қоспаға қарағанда сутегінің көлемін 93 мл кем беріп
тұр.
0,896 л − 0, 803 л = 0,093 л, немесе 93 мл
Олай болса, m(Zn)׃ m(Fе ) = 36 ׃ 93
= 12 31 ׃= 1 ׃ 2.58
Осыдан m(Zn) = 2,33 г ׃ 3,58 = 0,65 г
m(Fе ) = 0,65 г · 2.58 = 1,68 г
6-әдіс. Ығыстыру ережесін қолдану
Бір компоненттің массасы екінші компоненттің массасына ара
қатынасы, осы қоспадағы компоненттердің қасиеттерін сипаттайтын
кейбір өлшем бірліктердің айырмасына кері пропорциональдық
қатынаста болады:
m(Fе ) / m(Zn) = V(қоспа) − V2 / V − V(қоспа)
Бұл өлшемдер 1 г массалық заттарға негізделген.
1 г Fе қышқылдан 22,4 /56 = 0,4 л немесе 400 мл Н2 ығыстырады
1 г Zn қышқылдан 22,4 /65 = 0,345 л немесе 345мл Н2 ығыстырады
1 г қоспасы қышқылдан 0,896 /2,33 = 0,384 л немесе 384 мл Н2
ығыстырады
Алынған мәліметтерді ығыстыру формуласына қоямыз:
m(Fе ) / m(Zn) = 384 −345 / 400 − 384 = 39 / 16
m(Fе ) = 2,33 / 39 + 16 · 39 = 1,68 г
m(Zn) = 2,33 / 39 + 16 · 16 = 0,65 г

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген