Есептер шығару 11 сынып Электродинамика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есептер шығару 11 сынып Электродинамика

Материал туралы қысқаша түсінік
Электординамика тақырыбына арналған есептерді шығару формулаларды қолдану түрлендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы: 11

Пәні:физика

Сабақтың аты

Есептер шығару

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Электромагниттік толқындарды шығару.Электромагниттік толқындардың энергиясы жайлы мағлұмат беру

  • Электромагниттік толқындарды шығару.Электромагниттік толқындардың энергиясының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Электромагниттік толқындарды шығару.Электромагниттік толқындардың энергиясы жайлы мағлұмат алады

  • Электромагниттік толқындарды шығару.Электромагниттік толқындардың энергиясының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Электромагниттік толқын шығару ағынының тығыздығы деп толқынның таралу бағытына перпендикуляр ауданы S беттен Δt уақыт ішінде өтетін электромагниттік W энергияның беттің ауданы мен энергияның өту уақыты көбейтіндісіне қатынасын айтады:

Өлшем бірлігі [Вт/м2]

-электромагниттік толқын энергиясының тығыздығы

-сфера бетінің ауданы.

Нүктелік көзден шығатын толқынның интенсивтілігі ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал.

- электр энергиясының тығыздығы.

-магнит өрісінің энергиясының тығыздығы.

Электромагниттік өріс энергиясының тығыздығы.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «минни тест»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Толқынның энергиясы қашықтыққа байланысты қалай өзгереді?

  2. Толқын энергиясының электромагниттік тербеліс жиілігіне тәуелділігі қандай?

  3. Электромагниттік толқындардың қандай қасиеттері бар?

  4. Қандай толқын поляризацияланған толқын деп аталады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Электромагниттік толқын және оның энергиясына шолу жасау

  2. ІҮ. Топтық жұмыс (23 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

3.1.24.

Егер тербелмелі контур индуктивтігі 2∙10-3 Гн катушка мен жазық конденсатордан тұрса, ол қанадй толқын ұзындығымен сәйкестендірілген? Конденсатор астарларының ара қашықтығы 1см, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған заттың диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, астралар ауданы 800 см2.

3.1.25.

Жиілігі 200 Гц дыбыс тербелістерінің бір периоды ішінде ұзындығы 30 м электромагниттік толқында болатын тербеліс санын анықтаңдар.

3.1.29.

Индуктивті катушкадағы ток 0,6 с ішінде 1 А-ге өзгерткенде, онда 0,5 В-қа тең ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушка мен сыйымдылығы 14100 п?Ф конденсатордан тұратын генератор шығаратын радиотолқын ұзындығы қандай?

3.1.32.

Егер контурдың 50 мкГн индуктивтікте толқын ұзындығы 300 м электромагниттік тербелістермен. Резонанстық бапқа келтірілгені белгілі болса, контурдың сыйымдылығы қандай?

3.1.34.

Қабылдағыштың кіріспе контурының индуктивтігі 10 мкГн катушкасында толқынды қабылдау барысында 4∙10-15 Дж максимал энергия жинақталады. Контур конденсаторындағы потенциалдардың ең үлкен айырымы 5∙10-4 В. Қабылдағыш қанадй толқын ұзындығына сәйкестендірілген?

3.1.40.

Радиоқабылдағыштың тербелмелі контуры конденсатор мен индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контур 1000 м ұзындықтағы толқынға сәйкестендірілуі үшін оның конденсаторының электр сыйымдылығы қанадй болуы керек?

3.1.44.

Егер тербелмелі контур индуктивтік кезінде 300 м толқын ұзындығындағы электромагниттік тербелістердің резонансына сәйкестендірілгені белгілі болса, онда контурдың ауа конденсаторының сыйымдылығын анықтаңдар.

3.1.45.

Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен астарларының ауданы 100 см2 және ара қышқытығы 3 мм ауа конденсаторынан тұрады. Контурда резонанс туғызатын толқын ұзындығын анықтаңдар.

VІ. Жеке жұмыс «минни тест» (10 минут)

1. Тізбекте өздік индукция ЭҚК ненің әсерінен туындайды?

  1. Сыртқы магнит өрісі әсерінің артуынан

  2. Магнит ағынының өзгеруінен

  3. Магнит ағыны әсерінің кездейсоқ өзгеруінен

  4. Сыртқы магнит өрісі ағынының кемуінен

  5. Жауаптардың дұрысы жоқ

2. Периоды Т=5*10-3 с тербелістер ұзындығы λ= 7,175 м толқындар туғызады. Дыбыс толқының судағы жылдамдығы қандай?

A) V=1435 м/с. B) V=143,5 м/с. C) V=14,35 м/с. D) V=1,435 м/. E) V=0,1435 м/с.

3. Магнит индукциясының ағынының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?

А) 1Вб= 1Тл*м2. В) 1Вб= 1 Тл /м2. С) 1Вб= 1Вт*м2 Д) 1Вб= 1Вт/м2. Е) 1Вб= 1м2/Тл.

4. Индуктивтіліктің өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А) Гц (Герц). В) Вб (Вебер). С) Гн (Генри). Д) В (Вольт). Е) А (Ампер).

5. Тоғы бар катушканың энергиясы қай жерде шоғырланған?

А) Катушканың өткізгіштерінде. В) Катушканың ішіндегі кеңістікте. С) Жалғастырғыш сымдарда.

Д) Анықталмаған. Е) Катушканың өткізгіштерінде және жалғастырғыш сымдарда.

6. Контурдағы өздік индукция ағыны қандай өрнекпен анықталады?

  1. Ф=BS sina

  2. Ф=Bl cosa

  3. Ф=Bl sina

  4. Ф=LI

  5. Ф=q2 Bl sina

7. .Магнит ағыны қандай өлшем бірлікте өлшенеді?

А) [Ф]=Гн*А. В) [Ф]=Ф*Гн. С) [Ф]=В*с. Д) [Ф]Тл Е) [Ф]Гн*Тл.

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

254

Кейінгі оқу

қайталау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.11.2018
5645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі