400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есептік және реттік сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптың қазақ тілі пәні бойынша дайындаған ашық сабақ. Тақырыбы:Есептік және реттік сан есім. Мақсаты: оқушыларға сан есімнің не екенін қайталау және түрлерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Акбаева Мольдир Оспановна

Күні:

15.04

Сынып:

Қатысушылар саны:12

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Есептік және реттік сан есім

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар

құрастыру және жауап беру;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден

(мәтін/сөздік/ сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін

жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу,

мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;

3.1.5.1 аудиобейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне

(келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру.

Сабақтың барысы.


Сабақтыңкезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Арқаға жазылған комплимент» жылулық шеңбері.Балалар шеңберде тұрып,бір-бірінің арқасына ақ қағаз қойып сол оқушы туралы жақсы комплимент жазады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақтабір-біріміздісыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақыттыүнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақтаөзіміздіңшапшаңдығымызды, тапқырлығымыздыкөрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, мына берілген әріптер қатарынан сөздерді табайық.

«Мюнстерберг» әдісі

Сблартоесептікдлшгнжәнеалпоегмрареттікапроывсанлшоесім

-Жарайсыңдар, балалар. Дұрыс.

Сабақ тақырыбы: Есептік және реттік сан есім.

Бүгінгі оқу мақсаты:

-тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу;

-тыңдалған материал бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

-есептік және реттік сан есімдерді ажырату;

-жазуды көркем жазу.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді оқы.

Таза бұлақ

Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-біріне кез

болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр

екен.

Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын жерге бір

қазандай қара тасты қойыпты да, тасқа «Ей, жолаушы,

болсаң осы таза бұлақтай бол!» деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы

жазуға көздері түседі.

Сонда бірінші жолаушы тұрып былай дейді:

– Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп,

үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, сөйте бара, үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мынандай ғибрат* алуға болады. Сондай адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін, – дейді.

/Ыбырай Алтынсариннен/

• Жолаушылар қай жерде кездесті?

• Бұлақ қандай екен?

• Бұлақ басындағы таста не деп жазылыпты?

• Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

• Екінші және үшінші жолаушы сөздің мағынасын қалай

түсінгенін болжап көр.

• Ақыл сөздің мағынасын топта талқыла.

• Мәтіндегі қарамен берілген сан есімдерді салыстыр. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі неде деп ойлайсың?

Дескрипторлар:

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-сан есімнің түрлерін ажыратады.

ҚБ: Жарайсыңдар!

Ереже!

Сан есім есептік және реттік болып екіге

бөлінеді. Қанша? неше? сұрақтарына жауап

беретін сан есімдерді есептік сан есім деп

атайды: бес, алты, жеті.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді

реттік сан есім деп атайды: бесінші, алтыншы,

жетінші.

Реттік сан есім есептік сан есімге -ыншы,

-інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. 2-тапсырма. Көркем жазуға машықтан.

36-жаттығу, 84-бет. Мәтінді көркем жаз. Сандарды сөзбен жаз.

Есіл өзенінің тереңдігі – 2 метр. Кей жерлерде 18

метрге жетеді. Көктемде су деңгейі 10–11 метрге дейін

көтеріледі.

• Сан есімдерді тап. Олардың есептік немесе реттік екенін ажырат.

Дескрипторлар:

-жаттығуды көркем жазды;

-есептік сан есімді ажыратты;

-реттік сан есімді ажыратты.

Өзіңді тексер!

ҚБ. Өте жақсы!

«Адасқан сөздер» ойыны, жұптық жұмыс

Берілген сөздерді өз үйлеріне орналастыр.

Бір, сексенінші, жетпіс жеті, алты, елуінші, тоқсан тоғыз, үшінші, оныншы, жиырма, жүз, қырық екінші.

НПрямоугольный треугольник 1 Прямоугольный треугольник 2 еше? Нешінші?

Прямоугольник 1 Прямоугольник 4



Дескрипторлар:

-есептік сан есімді дұрыс тапты;

-реттік сан есімді дұрыс тапты.

Өзіңді тексер!

ҚБ: Тамаша!

«Галерияны шарлау» ойыны. Топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма

Далада ойнап жүрген Жанат үйге жүгіріп кірді. Анасынан далада жаюлы тұрған кірлерді жинап алуын өтінді. Анасы түсінбей, себебін сұрады. Жанат қалай жауап берді деп ойлайсың?

Дескриптор:

-дұрыс жауапты ұсынды.

ҚБ: Жарайсыңдар!

Оқу тапсырмасы: «Ойлан, тап»

Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті санды қойып жаз.

Бір ғасырда ... жыл бар.

Бір аптада ... күн бар.

Бір сантиметрде ... миллиметр бар.

Бір жылда ... күн бар.

Бір жылда ... мезгіл бар.

Бір мүшелде ... жыл бар.

Дескрипторлар:

-тиісті сөздерді дұрыс тапты;

-сан есімдерді қатесіз жазды.

Семантикалық картаны толтыр.

Реттік сан есімдердің түбір мен қосымшасын сәйкестендір.


-інші

-ыншы

-нші

-ншы

Бір





Екі





Бес





Алты





Жеті





Тоғыз





Отыз







• Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшалардың әр түрлі болу себебін түсіндір.

Дескрипторлар:

-кестені дұрыс толтырды;

-сан есімдердің қосымшаларын дұрыс жалғады.

Өзіңді тексер!

ҚБ: Жарайсыңдар!

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)


Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі