Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есептік және реттік сан есім 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сапалы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:


Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысқандардың саны

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептік және реттік сан есім/ Су тіршілік көзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау


Сабақтың мақсаты

Есептік және реттік сан есімдерді ажырата алады

Құндылықтар

Талап: жасампаз, білімді оқушы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут












Өткен сабақты пысықтау

5 минут




















Сабақтың ортасы

20 минут














































Сергіту сәті

2 минут






































Сабақты қорыту

8мин






























Кері байланыс

5 минут



Амандасады;

Сабаққа дайындығын тексереді;

«Біз қандаймыз?» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады



Оқушылар 4 топқа бөлінеді:

1 – топ «Мұхит»

2 – топ «Теңіз»

3 – топ «Өзен»

4 – топ «Бұлақ»





Сандарды сәйкестендір:

Өткен сабақты пысықтау: (жеке жұмыс)

https://learningapps.org/watch?v=p8udtys5n24


Жаңа сабаққа кіріспе:

Балалар, айтыңдаршы, Ыбырай Алтынсарин деген кім?

(оқушылардың жауабын тыңдау)

Жасанды интелект арқылы Ыбырай Алтынсаринді сөйлету;



Балалар, біз су туралы ақпарат алуды жалғастырамыз;

Бүгін Ы.Алтынсарнинің « Таза бұлақ» әңгімесін оқып, талдайтын боламыз;


Сабақтың мақсаты:

Есептік және реттік сан есімдерді ажырату;


1 – тапсырма

«Таза бұлақ» әңгімесін :

  • Тізбектеп оқиды;

  • Түсініп оқиды;



  • Мәтін не туралы екен?


  • Бұлақ қандай екен?


  • Таста не деп жазылған?


  • Бірінші жолаушы жазуды қалай түсінген?


  • Екінші, үшінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінгенін болжап көр;


  • Ақыл сөздің мағынасын өзің қалай түсінесің?


  • Мәтінде қандай сан есімдерді көрдіңдер?


  • Олардың бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?


Балалар, білесіңдер ме,сан есімдер реттік және есептік болып 2 – ге бөлінеді;

Қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейді. Мысалы: бес,алты, жеті.

Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды. Бесінші, алтыншы, жетінші.

Реттік сан есім есептік сан есімге – ыншы,інші жұрнақтарын жағау арұылы жасалынады;


2 – тапсырма

Балалар, өзен – көлдердегі судың пайда болуына нелер әсер етеді?

(жер асты суы, қар, жауын – шашын)

Жаңбыр жауар алдында қандай құбылыстар болады, кім біледі? (жел, найзағай)

Табиғаттың бір құбылысы найзағай туралы сендерге тапсырма алып келдім;

Орындап көрелік:

2 – тапсырма

«Найзағай» әдісі

Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырыңдар;

Реттік сан есімге «орын»сөзін жалғапа айтыңдар


1) Он тоғыз

2) Жиырма екі

3) Жетпіс

4) Жүз

5) Жиырма екі

6) Тоқсан бес

7) Сексен сегіз

8) Бір

9) Отыз

10) Жетпіс тоғыз

Ауызша сөйлем құраңдар!


Жарайсыңдар!


3 - тапсырма

(топтық жұмыс)

«Бұлттағы сұрақтар»

Киелі сандар сөйлейді

мысал келтіріңдер

3, 5,7

Үш би, үш жүз, үш жұрт, үш бақыт;

Бес қару, бес дұшпан, бес асыл іс;

Жеті ата, жеті қазына, жеті күн.


Математика пәні бойынша ой қозғау:

1.Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (түйеқұс ұшпайды)

2.Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (бір адамның)


СЕРГІТУ СӘТІ


4 – тапсырма (дәптермен, тақтамен жұмыс)

Реттік сан есімдерді сөз құрамын талда:

Бірінші (бір + інші)

Отызыншы (отыз + ыншы)

жиырмасыншы (жиырма + сыншы)

жетпісінші (жетпіс + інші)

елуінші (елу + інші)

екінші (екі + інші)

алтыншы (алты + ншы)


5 – тапсырма

Мақалдағы сан есімдерді жылдам табайық!

5– тапсырма

«Күн сәулесі» әдісі

«Кім шапшаң?» ойыны. Сан есімді тез табу.

1. Жеті атасын білмеген жетесіз.

2. Қызға қырық үйден тию.

3. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.

4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.


6 – тапсырма (жеке жұмыс)

(Үлестірмелі материал)

«Цифрды тап» логикалық ойын

Берілген сөздердегі сан есімдерді санмен жазыңдар!

Шекілдеуік- ш+2+лдеуік Күшік- к+3+ік Тіктөртбұрыш- тік+4+бұрыш Сөнбес- сөн+5 Малты- м+6 Жетісай- 7+сай Сегізкөз- 8+көз Тоғызқұмалақ- 9+құмалақ Қонақ- қ+10+ақ Желтоқсан- жел+90 Түбір тү+1 Бірқазан 1+қазан Алтынай 6+н+ай Алтынгүл 6+н+гүл Елубай 50+бай Күш к+3




«Ноутбук» әдісі арқылы кері байланыс береді

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2024
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12