400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы бөлімі



Мектеп: 261

Күні:

Мұғалім: Асанова Уркен

СЫНЫП: 6

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы


Зерттеу сұрағы

Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын сақтап қалды ма?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы рөлін анықтайды

Есім ханның жүргізген сыртқы саясатына талдау жасайды.


Басым бөлігі:Есім ханның саясаты мен билік жүргізу ерекшеліктерін басқа қазақ хандарының саясатымен салыстырады.


Кейбірі: Есім ханның Қазақ хандығының біртұтастығын сақтаудағы рөліне баға береді.


Бағалау критерийі

Қазақ хандығын нығайту жолындағы Есім хан саясатының ерекшеліктерін анықтайды

Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайын талдайды.

Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қарама-қайшылықты табады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Марғасқа жыраудың Есім ханға арналған өлеңінен үзінді мазмұнын біледі және сол арқылы «Тұрсын ханның бүлігін» сипаттайды;

( оқылым және айтылым )

Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы бейнежазба тыңдайды( тыңдалым)

Есім ханның Қазақ хандығын нығайтуға қосқан үлесіне баға беру үшін «Еңсегей бойлы – Ер Есім» тақырыбына 50-60 сөзден тұратын эссе жазады.(жазылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:Еңсегей бойлы, хандық билік, тақ мұрагері, ескі жол, орталық, әулет, феодализм, хан, би, әскери заң, жасақ;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Есім ханның саясаты мен билік жүргізу ерекшеліктері неде?

  2. Есім ханның Қазақ хандығының нығайтудағы ролі қандай?

  3. Есім ханның ескі жолының саяси-экономикалык маңызы қандай?

  4. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қарама-қайшылық неден туындады?

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Есім хан...ханға қарағанада...ерекшелінді. Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…



Ойлау деңгейі

Білу,түсіну және жоғарғы ойлау деңгей дағдылары

Тарихи концепт


Дәлел және маңыздылық; ұқсастық пен айырмашылық


Құндылықтарға баулу

- патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- көшбасшылық

- ұлттық сана – сезім

- бостандық құндылықтарына баулимын

Пәнаралық байланыс

Оқылым, жазба жұмыстары тапсырмаларын орындау барысында тіл құзіреттіліктері (тілдік, сөйлеу, тыңдау)көрініс табады жән қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнімен байланысады.

Картадан шайқас өткен жерлерді көрсету барысында география пәнімен байланысады

Алдыңғы оқу

Тәуекел ханның Мәуеранахрға жасаған жорықтарының себеп-салдары айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері(Ж-жеке; ЖЖ-жұптық; Т – топтық; Ұ – ұжымдық; М-мұғалім; ҚБ-қалыптастырушы бағалау; ҚБТ- қалыптастырушы бағалау тапсырмасы)

Ресурстар



Сабақтың басы



4мин




І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату

3. Санау арқылы 3 топқа бөлу

ІІ. «Бір сөйлем әдісі» бойынша

Қағаз қиындыларындағы сөздерді құрастыру арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.


Қима қағаз















Сабақтың ортасы


Білу және

түсіну кезеңі

5- мин







Қолдану


3 -мин







Талдау



2- мин
















1- мин

2-мин






7-мин









2- мин





Жинақтау кезеңі


7-мин



































2- мин





ІІІ. Бейнеүзінді көрсету:

«Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы»

Жаңа тақырыпқа ену үшін АКТ құралының көмегімен ,

5-минуттық бейнематериал көру арқылы,оқушылар бүгінгі тақырып бойынша негізгі ойды түйіп, мазмұндық тірек ретінде пайдаланады..



Ширату әдісі бойынша ашық сұрақтар

Ұ

Сұрақтар қою арқылы оқушылардың мәліметті бейнежазбадан қаншалықты түсінгендерін сұрақтар арқылы тексеру:

-Есім ханның алдында қандай маңызды істер тұрды?

-Есім хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаттағы бағыты қандай болды?

Оқушылар пікірлерін тыңдау. Сол арқылы диалогке түсу

ҚБ. Мадақтау сөздері арқылы ынталандырып отырамын.



ІҮ. Топтық жұмыс «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша

1 қадам.


Оқушыларға Марғасқа жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырынан үзіндіні ресурс ретінде беремін.

«Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын.

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың,

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!

Еңсегей бойлы Ер Есім

Есігіңе келіп тұр:

Алғалы тұр жаныңды,

Шашқалы тұр қаныңды!».

2-қадам: Ж. Оқушы үзіндіні оқып талдайды, өз жауабы туралы ойланады..

3-қадам: ЖЖ

Жұпта серіктесімен ой бөлісіп, талқылап өтеді.

Одан соң үзіндінің негізінде сұрақтар туындатып,топтарға тапсырма беремін. Тапсырманы тереңірек ашу үшін дерек көздерін табу жолдарын ұсынамын.



4-қадам ТЖ

1-топ. Бұл деректерде Есім ханға қатысты қандай оқиға сипатталады? Ол оқиғаның тарихта алар орны қандай?

2-топ. Есім хан мен Тұрсын ханның арасында не себепті қарама – қайшылық пайда болды? Оның соңы неге ұласты

3-топ. Тұрсын ханмен жүргізілген соғыстың Қазақ хандығына тигізген залалы болды ма? Болса қандай?

Осы сұрақтардың негізінде топта талқылау жүргізіп, топтық жұмысты қорғауға кіріседі.

ҚБ. Өзара бағалау:

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалау жүргізіледі.



Ү. Ж. «Шоллер табақшасы»әдісі

АВС тапсырмалары

А деңгейінің тапсырмасы:

Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы ұрыс жүргізілген кескін картадан анықтайды.

Дескриптор

  • Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы ұрыс жүргізілген аймақты анықтайды.

  • Оны кескін картаға түсіреді.

В деңгейінің тапсырмасы:

Тәуекел хан мен Есім ханның жүргізген саясатын салыстырып,ұқсастығын анықтап,айырмашылықтарын бөліп көрсету.




Қазақ хандары

Ұқсастықтары


айырмашылықтары

Тәуекел хан жүргізген саясат



Есім хан жүргізген саясат




Дескриптор

-Тәуекел хан мен Есім ханның жүргізген саясатының 3 дәйек келтіре отырып, ұқсастықтарын анықтайды.

- Тәуекел хан мен Есім ханның жүргізген саясатының 2 дәйек келтіре отырып,айырмашылықтарын бөліп көрсетеді..

С деңгейінің тапсырмасы

Есім ханның Қазақ хандығын нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығына баға беру үшін «Еңсегей бойлы – Ер Есім» тақырыбына 50-60 сөзден тұратын эссе жазуға тапсырма беріледі.

Дескриптор

-Есім ханның қазақ хандығын нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығына баға береді.



ҚБ: Жапырақ әдісі арқылы бағалау; Қызыл түсті жапырақпен А тапсырмасын,сары түсті жапырақпен В тапсырмасын ,жасыл түсті жапырақпен С тапсырмасын орындаған оқушыны бағалау жүргізіледң..

Есім хан туралы бейнематериал:

http://lms.nci.kz/history/view?f=154&id=7&lang=kaz





















7-күн 2-сабақ

3-ші үлестірмелі

материал



















Флипчарт,

маркер,

стикер































Қазақстанның кескін картасы









Жолдасбайұлы Орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Атамұра баспасы, 2012

168-б.




















Сабақтың соңы

3-мин






1-мин


Рефлексия: Серіктестеріңізбен сөйлесініз

Білген 3 нәрсемен бөліседі.

Тақырып бойынша оңай болған нәрсемен

Тақырып бойынша қиын болған нәрсемен

Болашақта оқуға тиіс нәрсемен

Сыныптағы серіктесімен ой бөлісу арқылы кері байланыс орнайды.



Үйге тапсырма:1. Есім хан тақырыбына презентация жасау.

2.«Есім ханның ескі жолын» талдап, Т кестесі стратегиясына салу.

3. Тұжырымдамалық кесте жасау. ( қазақ хандығының уақытында шығарылан заңдарға байланысты)







Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау. Белсенділігін арттыру


Саралау дегеніміз-

әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сай тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі.Мен өз сабағымда

«Ширату әдісінде»

Бейнеүзіндіден не түйгендерін тексеру мақсатында оқушылар

қойылған сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді,.

Бұл жерде көрініс табатын саралау тәсілі-диалогке түсіру арқылы қолдау көрсету. Саралау тәсілі қалай көрініс табады. Деген сұрақ туындайды. Кейбір балалардың пікірлері әлсіз болған жағдайда диалогқа түсе отырып, яғни жетелеуші сұрақ қойып, ары қарай алға жылжуына қолдау көрсетемін.

Топтық жұмыста

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісінде көрініс табатын саралау тәсілі –ресурс

Балаларға оқуды және зерттеуді жоғарғы дағдыларды қажет ететін ресурстармен қамтамасыз етіледі.(бұл жерде Марғасқа жыраудың үзіндісі ортақ тапсырма ретінде беріліп тұр) Одан әрі тапсырманы тереңірек түсініп орындау үшін әр түрлі балама ресурстар ұсынамын. Ресурстар негізінде нәтиже көрсету көрініс табады.


Оқу мақсатына жету үшін келесі жұмыс түрі жеке жұмыс- Шоллер табақшасындағы АВС деңгейлік тапсырмаларында саралаудың келесі тәсілі-тапсырма тәсілі көрініс табады.

Әдістің ережесіне сәйкес АВС деңгейіндегі тапсырмалар таратылады.

Деңгейлік тапсырмалар

Деңгейі төмен және қабілеті жоғары оқушыларға қарай бағыттап сараланады. АВС деңгейлік тапсырмасын аяғына дейін толық орындап жеткен оқушыны саралаудың тапсырма тәсілінің мақсатындағы күрделілігіне қарай алға жылжып отырады.



Критериалды бағалау-оқушының оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес ұжым талқысынан өткен,нақты анықталған кретерийлерге негізделген бағалау үдерісі.

Топтық жұмыс: Екі жұлдыз,бір ұсыныс

Топтық жұмысты екі жұлдыз,бір ұсыныс қою арқылы бағаланады.

Екі жұлдыз,бір тілек-оқушылар бір-бірінің жұмыстарына екі оң сәтті анықтап және бағыт береді.


Екі жұлдыз-бір сәт толыққанды жұмыс,ал екінші бірі «Тілек» мұнда одан әрі толықтырулары қажет

Бұл бағалауда оқушылар өздерінің жұмыстарына екі оң сәтті анықтап, бағыт беруді үйренеді.


Жеке жұмыс: «Жапырақ әдісі» арқылы бағалау

Тапсырманың орындалу қажеттілігіне қарай (жеңілден күрделіге қарай)

А тапсырмаларын қызыл түспен;

В тапсырмаларын сары түспен;

С тапсырмаларын жасыл түспен бағалайды.

Рефлексия:

Серіктестеріңізбен сөйлесіңіз

Білген 3 нәрсемен бөліседі.

Тақырып бойынша оңай болған нәрсемен

Тақырып бойынша қиын болған нәрсемен

Болашақта оқуға тиіс нәрсемен

Оқушы рефлексия жасау арқылы біріншіден өзінің қандай деңгейде тұрғанын анықтайды.

Екіншіден кері байланыс орнатады.



Сабақта оқушылардың іс-әрекеттерін ауыстырып отыру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі