400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есимболова Асел Саматовна

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәттілік болсын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Педагогикалық ринг»

интеллектуалды сайыс

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Математика пәнінің оқытушылары Былчикова Г.М.

Оқап Гүлмира


Мақсаты: Ұжым арасында интеллектуалды сайыс өткізіп, олардың белсенділіктерін танымдық коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту. Жас мамандардың бір-біріне деген сенімділік ахуалы қалыптасып,ұжым арасындағы қарым-қатынасы дамыта түсу болып табылады.


Күтілетін нәтиже:

-Педагогтардың көңіл-күйлері көтеріледі, кәсіби шеберліктері шыңдала топтық жұмыс жүйесі жетіле түседі;

-Жас мамандардың бір-біріне деген сенімділік ахуалы қалыптасып,ұжым арасындағы қарым-қатынасы дами түседі;

-Педагогтардың танымдылық, коммуникативтік құзіреттіліктері анықталады.


Барысы
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)


Жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады, сайысқа 4 топ қатысады. 4 адамнан (Қатысушылар QR арқылы топтарға бөлінеді)


Жүргізуші: Сайысымыз бес кезеңнен тұрады

  1. «Суреттер сөйлейді» - суреттер арқылы мақал мәтелдерді табу, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі;

  2. «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі – викториналық сұрақтар, әр сұрақтың дұрыс жауабына таңдауға байланысты 10, 20, 30 ұпайдан беріледі;

  3. «Полиглот» кезеңі – жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару, әр аудармаға 5 ұпайдан қойылады;

  4. «Жарнама» кезеңі – бір затқа жарнама жасау, дайындыққа 5 минут, жарнамалауға 2 минуттан беріледі

  5. «Байге » - ұпай саны төмен топ бастайды, берілген терминнің анықтам керек, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі



Жүргізуші «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі. (Викториналық сұрақтар, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпайдан беріледі)

Жүргізуші: Келесі үшінші кезең «Полиглот» кезеңіне кезек берсек. (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару, әр аудармаға 5 ұпайдан қойылады)

1.Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (ағаш-дерево-tree)


2.Көз жасты – жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды. (
бұлт- облако –cloud)


3.Онда әкем - шешем тұрады,
Ата - әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.
(отбасы-семья- family)



4.Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(сөз-слово-word)


5.Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді. (сағат-часы-watch/clock)


6.Түйістірді көзіңді көзіңе,

Жолықтырды өзіңді өзіңе (айна-зеркало-mirror)


7.Түсі бар көрінбейтін, бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің, ешқашан жерінбейтін (
ауа-воздух-air)


8.Таудан биік, теңізден терең (ақыл-ум-mind/intellect)


Жүргізуші: Келесі «Жарнама» кезеңі – бір затқа жарнама жасау, дайындыққа 5 минут, жарнамалауға 2 минуттан беріледі. Жарнамалар төмендегі критерийлер бойынша 1 мен 3 аралығында ұпайлармен бағаланады:

  1. Жарнама мәтінің мазмұны

  2. Креативтілік

  3. Сендіруі, сендіре білуі


Қорытынды: Әділқазыларға сөз кезегін беру, марапатттау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.02.2023
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі