Материалдар / Есімдер сыры жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есімдер сыры жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2024
326
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


І. Кіріспе бөлім ..................................................................................................5

IІ. Негізгі бөлім

2.1 Қазақ халқының ат қою рәсімі.....................................................................6

2.2 Есімдерді ырымдап қою...............................................................................7

2.3 Қандай есімдер сәби үшін ауыр болып саналады......................................8

2.4. Басқа елдердің ат қою үрдісі......................................................................9

ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1 Есімдер сырының үш теоремасы................................................................10

IV. Қорытынды бөлім ......................................................................................11

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................12

 





























Аннотация

Бастауыш сынып оқушысы Мекенбай Нұрислам өзінің,өз сыныптастарының және сынып жетекшснің есімінің ерекше болуы мұның сырын білуге деген қызығшылығы артты.

  • Неге басқа ұлдардың,мысалы екі Асылхан,есімдері бірдей,ал менікі өзгеше?

  • Бала дүниеге келгенде туыстары оған есмді қалай қояды?

Осы сияқтя көп деген сұрақтардың жауабын табуға тырысты.Осы мәселелердің түртк болуы салдарынан, есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алды.Ол есімдердің мағыналарын анықтап,тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білгісі келді.Өз сыныптатырына зерттеу жұмысын жүргізді. Олардың есімдерінің мінез-құлыққа,шығармашылығына қаншалықты әсер барын білуді мақсат етті.

Сонымен қатар "Есім сыры" атты зерттеу жұмысында қазіргі балаларға беріліп жатқан есімдерге көңілі толмайтынын, ата-аналар перзенттеріне мағынасына өздері де түсінбейтін,дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз әр түрлі басқа елдердің аттарын қоюды сәнге айналдырып алғанын айтады. Алдағы уақытта дұрыс есім қойылса екен деген ойының жүзеге асатынына үміт артады.Нұрисламның негізгі ойы бала есімдеріне жауапкершілікпен қарау керектігі.Керемет тұлғалардың,мағынасы терең аттар қойылса,ол баланың болашағының жарқын боларына сенімі мол.Әр есімнің тереңде жатқан мағынасы,атқарар қызымет бар.Сол мәселелерді кеңінен зерттеп,үлкен нәтижеге жету бүгінгі мақсат.


















Пікір

Мекенбай Нұрислам осы тақырыпта жаз бойы дайындалып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді.Нұрислам мәліметтерді жан-жақты іздестіріп,оған берілген,өзінің ізденістері арқылы алынған ақпараттарын жинақтап осы жобаны жасақтап шығарды. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетін орындауға тырысты.Өз сыныптастарын жете зерттеп,есімдердің қаншалықты адам өмріне ықпалы бар екенін жан-жақты зерттед.Осы тақырыпты зерттеуде ол өте үлкен қызығушылық танытты.Зерттеу нәтижесн қортындылап,осы жобада өз ойлап тапқан теоремаларын ұсынды.

Бұл жоба тақырыбы балаларға есім қоярда қандай жауапкершілік қажет екенін,әр қойылған есім бала тағдырының болашағы екенін түсіндіру. Нұрислам өзінің тақырыбы жайында көп еңбектенген.Өзіндік пайымдаулары, талдауы дәлелді ашылған.Жұмыстың ғылыми сипаты бар. Мақсаты мен міндеті өз мәресіне жеткен.



Пікір жазған:Шалгынбаева А.К

























1.Кіріспе

Адам өмірге шыр етіп түскенде оған ата-әжесі,әке-шешесі азан шақырып,есем береді.Есімі жоқ адам болмайды.Өзі өмірден өтсе де,ел аузында қалатын адамдар қаншама.Сол себепті балаға есім берерде үлкендер көп ойланады.Баланың есімі оның болашақта қандай азамат болып өсуіне ықпал етеді деген ел арасында сенім бар Ия бұл шындыққа жанасады.Әр адам өзіне қойылған есімге сай болуға тырысады.Біздің дінімізде де есімнің мағынасына қараған дұрыс деп айтылған.Адамға есім қоятын кезде немесе бұрын қойылған есімнің мағыналары әдет-ғұрыптарымызғ,а,дінімізге сай келе м е,келмей ме соны анықтап,білуіміз керек.Егер қойылған есім осы екі дүнингн сай келмесе,мағынасы жаман немесе мағынасыз болса,онда есімді өзгерткен дұрыс.

Сонда адам аты деген не?Мен осы сұраққа жауап іздедім.Әріне ең алдымен ол-сөз,бірақ ол жай сөз емес ерекше сөз.Барлық сөздің беріп тұрган бір мағынасы болады,ал кісі атында ондай мағына болмайтын тәрізді.Басқа елдерде балаларына қандай және қалай қояды есімді?Бұның барлығы маған қызық.Мен осы ғылыми жобамда осы сұрақтарға жауап іздедім.Және зерттеген дүнием бойынша өзім қатарлы балаларға адам есімнің ерекшелігі,маңыздылығы туралы мәлімет бермекпін.

Жұмыстың мақсаты: адамға қойылатын есімдердің маңыздылығы, ерекшелігі туралы таныстыру,оның адамның рухани байуына қаншалықты қажет екенін баса айтып өту.

  • Қазақ елі балаларына есімді қалай қойған;

  • Басқа елдердің есем қою ерекшелігі;

  • Балаға есімді кімге қойғызыды,осылар жайлы түсінік беру.

Мәселе:адамның есімі қалай қойылыды және олардың адам өміріне ықпалын зерттеу.

Зерттеу нысаны:адам есімдері

Өз мақсатыма жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдым:

Берілген тақырып бойынша әдебиетпен жұмыс;

Адам есімінің маңыздылығы;

Адамға қандай есімдер қойлуы керек;

Мектепте достарыма адам есімінің өміріміздегі болып жатқан дүниелерге әсерінің маңызды түсіндіру.

Зерттеу орыны: метеп кітапхансы, ғаламтор әлемі.

Зерттеу мерзімі:қазан 2021 ж. – ақпан 2022ж.


IІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақ халқының ат қою рәсімі

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана болмасын дүниеге келген баласына жақсы есім қоюды қалайды.Жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына есім қоярда өзіне берілген жауапкершілікті сезініп, оған мұқият қарағаны, он әбден ойланып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны дұрыс. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына аспан әлемінің ықпалы өте айрықша.
Қазақтың салты-дәстүрі бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрметтейтін адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар үлкендермен келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін өздері қояды.Қазақ елінде үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасы азан шақыртып, сәбиіне қоюы міндет. Тек есте сақтайтын бір жағдай, сәбиге есім қойғанда айтылуы қиын,жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - деген наным-сенім бар. Адам есімі тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше қойылған есім адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді.Егер балаға әдеиі ат қойылса,соған сәйкес бала да сымбаттанып,бой түзеп өседі.
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сүйкімсіз есімдерді де қойған. Қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сүйкімсіз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс.

Қазақтың салты бойынша балаға есім қоярда той жасалып,баланың атын қадірлі,үлгі тұтар адамға азан шақыртып қоятын болған.Есімі баланы бесікке бөлер алдында қоятын болған.










2.2. Есімдерді ырымдап қою

Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, көптен сәби тілеп, тілектері қабыл болғанда жандар шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген). Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрақтасын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге келе бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тәрізді есімдермен атап, ұл күткен. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңдігүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан
































2.3.Қандай есімдер сәби үшін ауыр болып саналады

Әрина әр ата-ана баласына баласына жақсы есім беруді мақсат етеді.Балаларына пайғамбарлардың,қазақтың ұлы тұлғаларынығ есімін беріп жатады. Иә, баласының атын ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Әрине бұл есімдер балаларының дәл осындай азаматтар тәрізді иманды,батыр,батыл,ақылды,ақын босын деп ырымдап қойылатыны анық.Бірақ бұл есімдер сәби үшін ауырлық туғызады.Кейде осындай ауыр есімдерді көтере алмаған сәбилер шетінеп кетеді деседі.

Ал егер қойып қойған болсаңыз,балаңызға лақап ат қойып,шын есімін балаңыз ер жеткенше жасырып,өз атымен емес сол лақап атпен атағаныңыз жөн.




























2.4. Басқа елдердің ат қою үрдісі

Әр елдің салты басқа демекші бір қызығы кей елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді.Бұл сөздің жаны бар сияқты.Өйткені бұрынғы заманда адамдар есімді өзгерту өз өмірін басқа бағытқа бұру деп қабылдаған. Ал Оңтүстік Америкада бір адамға қосарланған аттың бірнеше есімді,яғни 8-9 атты бірден қою дәстүрі қалыптасқан.Мысалы: Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе - Игнасио деген шұбатылған есім айтылмайды ма?Ол жақта өзіне осындай шұбатылған ат қойылған бала,өсе келе сол аттардың ішінен өзіне ұнаған атты таңдап,тған-туыстарына,достарына өзін сол есіммен атауды өтінеді екен.Ал жапон халқында бала есті жасқа келгенше ат қойылмайды екен.Баланың есі кіріп,таңдау қаілеті туғанда,ала өз есімін өзі таңдап алады екен.Өзііздің көршілес ел орытар алаларына оның түр әлпетіне неее ата-әжеінің құретіне ол кісілердің атын қайталап қояды екен.





































ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1 Есімдер сырының үш теоремасы

Осы ғылыми жобаны жаза бастағанымда мен өз сыныптастарымды зерттей бастадым.Олардың есімдеріне қарап мінездерін айта алам ба екен.Әлде есім арқылы адамның қандай екенін біле алмаймын ба?Осы сұрақтар мені мазалай бастады.Және бұны маған білу өте қызықты болды.Осылайша зерттеудің тереңіне сүңгіп кеттім.Зерттеуімнің нәтижесінде мен мынадай үш теореманы ойлап таптым.

Бірінші теорема «Есімдері білдей адамдардың мінездері,талғамдары ұқсас болады»

Менің сыныбымда екі Айым есімді қыздар бар.Олардың мнездері,талғамдары өте ұқсас.Олар аттарына заттары сай биазы, салмақты, көп сөйлегенді ұнатпайды,кірпияз,кейде ашылып сөйлеспейді.Тым тұйық.Құдды бір екеуін егіз дерсін.Киіну талғамдарына дейін ұқсастық бар.Осы екі сымбатты қыздарды зерттей келе есімі бірдей адамдар шынымен де ұқсас болып келеді екен.

Екінші теорема «Ата-аналар балаларына байлық пен ұзақ өмір тілеп,бұл сөздерді ткелей ісіміне қосады»

Бұл ойды маған кімдер салды.Әрине сыныбымдағы Алмаз, Асылмұрат, Асылхан.Бұл балалар садаға өте жақын.Ақша таб жолын үнемі қарастырып жүреді.Қолдарына сатуға тұрарлық дүние түссе сатып жібереді.Осы жылға алдыға қойған мақсаттары 100000 тг ақша жина.Бастамасы бар әзрге олар 2000 тг ақша жиыстырып қойды.Беталыстарына қарағанда мұраттарына жетері анық.Бұл балалар өте пысық,ширақ,еңбекқор.Қойылған есімдеріне сай балалар.

Үшінші теорема «Атақты адамдардың есімдері берілген балалардың мінездері сол дана тұлғалардың мінез-құлықтарына ұқсайды»

Расымен де бұл дәл солай.Менің сыныбымда пайғамбарымыздың есімі қойылған Абдуллаһ есімді бала бар.Абдуллаһқа қарап бір тамсанамын.Мінезі салмақты,шыдамды,көп сөйлемейді,сабырлы бала.Айналасына мейірімін шашып тұрады.Білімді,сабағына тиянақты.Нағыз пайғамбарымыздың есіміне лайық бала.

Екінші атақты тұланын есімін арқалап жүрген сыныптасым Нұрқиса.Ия нағыз талант иесі.Нұрқиса атамыз тәрізді өнермен сусындаған жан.Ән айтқанда тамсанып тыңдап отыра бергін келеді.Мінезі де салмақт,келбеті сымбатты.Нағыз сахнаның адамы.

Бұл үш теореманы зерттеу нәтижесінде ойлап шығардым.Бұл нәтижеге жету үшін маған ұзақ уақыт керек болды.Әр балаға тақалып,әңгімелесіп,ойнап оның жан дүниесін түсіну оңайлыққа соқпады.Бірақ барлық достарым есімдеріне сай нағыз қазақтын нар тұлғалы ұл-қыздары екеніне көзім жетті

ІV.Қорытынды

Бұрынғы заманнан бері ата-бабаларымыз әбиге есім қоюға үлкен мән берген.Қазіргі езде қазақ еімдерінің көнесі мен жаңасы бар.Бұрынғы еідер Айбала,Күнекей;төр түлік жануарларға байланысты қойылған Жылқыбай,Түйебай,Ботакөз секілді есімдер қазір сирек қойылады.Бұл есімдерді қазір Аделя,Арияна,Нұрқанат,Нұр т.с.с аттар алмастыруда.Көненің көзі демекші көне есімдерді де естен шығармаған жөн.Тарихымызды танытқымыз келсе сол ата-бабаларымыздың нағыз батырға,нағыз ақынға,нағыз ақылына көркі сай аруға қойылған керемет есімдерін қайта жаңғыртуымыз керек.Махамбет,Исатай,Абылай,Кенесары,Зере,Айша т,с,с есімдермен балаларымызды атасақ қандай керемкт.Және қойылған атының мағынасын,себебін түсіндіріп кетсек ол да біз үшін бір жетістік болмақ.Мысалы Махамбет деп балаға есім қойсақ.Достары,ұстаз не себепті қойылған сұраған кезде,ол кідірмей Махамбет батыр жайлы тарих атып өтсе,бұдан асқан керемет болмасы хақ.Балаға есім қоярда естіп қызыққан есімді емес,естігенде мақтанарлық мәнді,мағыналы ат қоюға тырысайық.

































Пайдаланған әдебиеттер

  1. Т.Жанұзақов «Есіміңіз кім?»

  2. Ғаламтор бетінен мәліметтер.

  3. 900 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!