400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есімдік және оның жеті баласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Есімдік тақырыбын өткенде көмегі болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Есімдік және оның жеті баласы» атты ертегі қойылымы

Автор: Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Етістік деген бір патша өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде оның жалғыз баласы Баяндауыш қатты сырқаттанып қалыпты.Патша баласын емдетуге емшілерді жинапты. Сол емшілердің арасында бір білгіш емші:

Емші: -Уа, Патшам,сіздің балаңыздың емін мен таптым. Егер Көкшетаудағы Бурабай көлінен су әкеліп, балаңызды жуындырсаңыз, жазылып кетеді,- депті.

Автор:Патша Бурабай көлінен су әкелуге үйіндегі жалшы кемпір Есімдікті жұмсапты. Бұл бұйрықты естіген Есімдік үйіне жылап келіпті.Анасының жылап отырғанын көріп:

Жіктік: -Анашым, сіз неге жылап отырсыз? Кім сізді ренжітті, біз тұрғанда сіз неге жылайсыз? Біз сізге көмектесе аламыз ба, айтыңыз? -депті Жіктік.

Анасы болған жағдайды айтып беріпті.

Сілтеу: -Бұл қиын шаруа екен. Сонау алыс жерден суды қалай әкелеміз? Мынау бауырларым не айтар екен? -депті Сілтеу.

Өздік: -Анашым, сіз жыламаңыз, мен өзім- ақ барып, суды әкелейін. Өзімнің анама,бауырларыма көмектесуге дайынмын,-депті Өздік .

Сұрау: -Сен қалай өзің барасың? Қаншама алыс жерден суды қалай әкелесің?

Неге бізді ерткің келмейді? -депті Сұрау.

Белгісіздік: -Жолда әлдене болып қалса, не істейсің? Сені жалғыз жібере алмаймыз,-депті Белгісіздік.

Болымсыздық: -Ешкім ешқайда жалғыз бармайды. Ешқашанда өзім барамын деп айтушы болмаңдар,-депті Болымсыздық.

Жалпылау: -Босқа таласып қайтесіңдер,одан да бәріміз бірге барып, сол суды алып келейік,- депті Жалпылау.

Автор: Осылай Есімдіктің жеті баласы Бурабай көлінен су әкеліп,патшаның баласы ауруынан айығыпты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей,ертегінің соңы жақсы аяқталып, барлығы да бақытты, ұзақ ғұмыр кешіпті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.04.2019
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі