|
Жалпы мақсаты
|
Оқушылардың есімдіктер тақырыбынан алған
теориялық білімін пысықтау,оқушылардың іскерлігі мен біліктілік
дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын
дамыту,оқушыларды топтық жұмыс жасау арқылы бірлікке,
ауызбіршілікке тәрбиелеу
|
|
Оқу
нәтижесі
|
Оқушылардың білімі пысықталады, іскерлік және
біліктілік дағдылары жетіледі,ойлау қабілеті мен сөздік қоры
дамиды,сыни ойлау қабілеті қалыптасады,топта бірігіп жұмыс жасай
алады, өз ойын еркін жеткізеді.
|
|
Әдіс-тәсілдер
|
Миға шабуыл, венн диаграммасы,
үш қадамдық сұхбат, конверттегі сұрақтар, семантикалық карта, ойды
аяқта
|
|
Модульдері
|
АКТ
(ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан
ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және
дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және
көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін және оқытуды
бағалау)
|
|
(Психологиялық ахуал туғызу, топқа
бөлу)
(
3минут)
|
1.Психологиялық жағымды орта
қалыптастыру.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Әр топ бір-біріне жақсы тілектерін
айтады
2.Топқа бөлу
|
Кеспе қағаздар, слайд
|
|
|
Қызығушылықты ояту (3минут)
Үй
тапсырмасы (5минут)
|
«Миға шабуыл» әдісі.
Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай
есімдіктер?»
1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай
түрі?
(Біз – жіктеу
есімдігі)
2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім
сұрамайды. (Сұрау есімдіктер)
3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне
жоламай қояды. (Мен.сен)
4.
Көпшіл және көңілшек
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды. (Жалпылау
есімдіктері)
5.
Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.
Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі
болып тұра қалыпты.(Болымсыздық есімдіктері)
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы
диалогқа түсіру. «Серпілген сауал» әдісі
Слайдта берілген сұрақтарға жауап
беру
|
Слайд
|
Ауызша бағалау
|
|
Мағынаны тану
(25 минут)
3 минут
-
минут
2
минут
5
минут
|
-
Топтық жұмыс. «Конверттегі сұрақтар»
әдісі
1-топ.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да ,қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
2-топ.
Бұл сөзім асып айтқан асылық
емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем дер тірі болсам
надандықты
Серт етіп, өзіме-өзім еттім
егес.
3-топ.
Көптен шыққан бұл хабар,
Көңілің ауып, шырағым,
Бұған болма ынтызар.
-
Шығармашылық жұмыс
Төменде берілген есімдіктерді қатыстырып, сөйлем
құраңыз.
1-топ.
Кім, қайдан, өз, мен,
2-топ.
Мына, кейбір, ешбір, барлық
3-топ.
Әлдеқашан, өзіміз, кімнің, осы
-
Морфологиялық талдау
1-топ.
Әрқайсысымызға еліміздің тәуелсіздігі
қымбат
2-топ.
Азаматтардың қай-қайсысы да Тәуелсіздікті
қорғайды.
3-топ. Желтоқсан
қаһармандары еш
уақытта ұмытылмайды.
-
Сергіту сәті «Сөйлей алатын
қолдар»
Амандасу,
Достасу
Аяу
Қуаныщ көрсету
Ескерту айту
Күресу
Сәттілік тілеу
Қоштасу
-
Салыстыру «Венн диаграммасы»
1-топ Зат есім мен есімдік
2-топ Сын есім мен есімдік
3-топ Сан есім мен есімдік
|
Конверт
Кеспе қағаз
А4 қағазы.
Маркер
|
Қол белгісі арқылы
+ -қызық
Смайлик арқылы
Өзін-өзі бағалау
|