Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Есімі ұранға айналған Бөрібай батыр
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы облысы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жоба тақырыбы: Есімі ұран болған Бөрібай батыр
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: тарих
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Тулекова М.К.
Орындаған:Ақылбек Арманай 9 сынып оқушысы
Жетекші: тарих пәнінің мұғалімі. Галиева А. Б.
2021-2022 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………..................……………………………………………….. 9
Негізгі бөлім
I тарау. Ұранға айналған Бөрібай батыр..............................................................12
II тарау. Бөрібай батыр қолбасы......................................................................15
III тарау Ел қаймағын бұзбаған Бөрібай батыр,..............................................19
IV тарау. Бөрібай көтерілісі,,,,,,,,,......................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….....………………...…………….....27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ,,,,,,,,,,,,......................................31
АННОТАЦИЯ
Тақырыбы: : Есімі ұран болған Бөрібай батыр
Зерттеу жұмысының мақсаты - Еліміздің өткен тарихына көз салсақ, әлі де толық зерттеліп үлгермеген көптеген ақтаңдақтар көзге шалынады. Соның бірі – Бөрібай батыр жайлы деректердің аздығы. Сондықтан, бүгінгі күні тарихты саралар алдында біз қалайда Бөрібай сияқты батырды халықтың жүрегіне жеткізуіміз керек. Еліміздің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен, асқан ер, кемеңгер тұлға – Бөрібай батырдың есімін елге танытып, бүгінгі ұрпақты елжандылық пен отансүйгіштік руһта тәрбиелеудің маңызы зор. Олай болса бүгінгі күннің талабы осындай айбынды тұлғаларымызды ардақтайық, оларды мақтан тұтайық.
Бөрібай батырды елге де, жерге де таныту үшін ол туралы кітаптар жазып, кинофильм түсірілсе, елді мекендер мен қала және кент көшелеріне есімі беріліп, ел ішінде үлкен тілек бар. Сонда ғана біз кешегі ел үшін еңіреп өткен ерлердің есімі ұмытылмайтындығына және олардың даңқты істерінен нәр алған бүгінгі ұрпақта кезі келген уақытта елі үшін аянбастан жан алып, жан беріп қорғай алатындығына кәміл сенеміз.
Бөрібай батыр жайлы зерттей келе, Бөрібай батырдың ерен ерлігін паш ету, оны халыққа таныстыру болып табылады.
Тақырыптың міндеттері:
Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Ендігі мақсат – Бөрібайдай бабалар есімін ұрпақ жадында жаңғыртып, тарихи деректер мен ауызша тараған әңгімелерді жүйелеп, болашаққа құнды еңбек қалдыру. Бұл – тарихшы ғалымдар мен жүрегі елім деп соққан барша ұлт жанашырларының мойнына жүктелген міндет деп санаймын
Тақырыптың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, төрт тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Бөрібай батырдың ерен ерлігін туралы жайында баяндалады. Бөрібай батырдың өмірбаяныны туралы айтамыз.
Екінші тарау Бөрібай батыр тек қана жасақ басқарған қолбасы ғана емес данагөй билеуші ретінде деректерден және мәліметтерден құрылған
Үшінші тарауда біздің таңдап отырған тақырыбымыздың өзектілігін айқындайтын болады.
Төртінші тарауда біз Бөрібай көтерілісі жайлы тоқталатын боламыз.
Қорытындыда әрбір тарауда айтылып кеткен ақпараттар мен деректер бойынша қорытынды жасалады және жұмыс бойынша әртүрлі ұсыныстар айтылады.
Пайдаланылған дерек көздері: 11.
АННОТАЦИЯ
Цель исследовательской работы-взглянуть на прошлое нашей страны, увидеть много белых пятен, которые еще не были полностью изучены. Один из них – небольшое количество данных о Борибай батыре. Поэтому сегодня перед историей мы должны донести до сердца народа такого героя, как Борибай.
Большое значение имеет воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и патриотизма, прославление имени Борибай батыра – человека, который боролся за независимость и освобождение нашей страны. Так вот, сегодня мы уважаем таких доблестных личностей, гордимся ими.
О нем писали книги, снимали кинофильмы, давали имена населенным пунктам, улицам городов и поселков, а внутри страны было огромное желание показать Бурибай батыра как стране, так и земле. И только тогда мы твердо верим в то, что память о людях, прошедших вчера за страну, не будет забыта, и в сегодняшнем поколении, получившем пропитание от их славных дел, они смогут в любой момент беззаветно взять и защитить свою страну.
Изучая Борибай батыра, необходимо показать героический подвиг Борибай батыра, познакомить его с народом.
Задачи темы:
-
Демонстрация героического подвига Борибай батыра;
-
Борибай батыр-не только военачальник во главе отряда, но и мудрый правитель, презентация населению;
-
Восстание Борибая.
Научная новизна темы:
Теперь цель-воспроизвести в памяти потомков имена Борибайдай баб, систематизировать исторические факты и устные рассказы, оставить бесценный труд на будущее. Я считаю, что это задача ученых-историков и всех национальностей, чье сердце бьется о страну
Структура темы: Исследовательская работа состоит из введения, четырех глав, заключения и списка использованной литературы.
В первой главе рассказывается о героическом подвиге Борибай батыра. Рассказываем о биографии Борибай батыра.
Глава вторая Борибай батыр был не только во главе отряда, но и как мудрый правитель
В третьей главе будет определена актуальность выбранной нами темы.
В четвертой главе мы остановимся на Борибайском восстании.
В заключении делается вывод по информации и данным, изложенным в каждой главе, и высказываются различные предложения по работе.
Использованные источники: 11.
Annotation
Purpose of the topic: The purpose of the research work is to look at the past of our country, to see many white spots that have not yet been fully studied. One of them is a small amount of data about Boribai batyr. Therefore, today, before history, we must convey to the hearts of the people such a hero as Boribai.
Of great importance is the upbringing of the younger generation in the spirit of patriotism and patriotism, the glorification of the name of Boribai batyr – a man who fought for the independence and liberation of our country. So, today we respect such valiant personalities, we are proud of them.
Books were written about him, films were shot, settlements were named, streets of cities and towns were named, and there was a great desire to show Buribai batyr both to the country and to the earth inside the country. And only then do we firmly believe that the memory of the people who fought for the country yesterday will not be forgotten, and in today's generation, who have received sustenance from their glorious deeds, they will be able to selflessly take and defend their country at any moment.
Studying Boribai batyr, it is necessary to show the heroic feat of Boribai batyr, to introduce him to the people.
Objectives of the topic:
-
Demonstration of the heroic feat of Boribai batyr;
-
Boranbai batyr is not only a military commander at the head of the detachment, but also a wise ruler, presentation to the population;
-
The Boribai Uprising.
Scientific novelty of the topic: Now the goal is to reproduce the names of Bori bai dai bab in the memory of descendants, systematize historical facts and oral stories, and leave invaluable work for the future. I believe that this is the task of historians and all nationalities whose heart beats about the country.
Topic structure: The research work consists of an introduction, four chapters, a conclusion and a list of references.
The first chapter tells about the heroic feat of Boribai batyr. We tell you about the biography of Boribai batyr.
Chapter two Boribai batyr was not only at the head of the detachment, but also as a wise ruler
The third chapter will determine the relevance of the topic we have chosen.
In the fourth chapter we will focus on the Borybai uprising.
In conclusion, a conclusion is made on the information and data presented in each chapter, and various suggestions for work are made.
Sources used:
11.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Бұл жөнінде тарихшы, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов: «Әскердің бас-аяғын түгендегенде қазақ жағынан да едәуір шығын бары анықталды. Матай Бөрібай, Жалайыр Тәттібай, Семізнайман Бөдес батырлар қаза болған. Қазақта: «Тақыр жерге шөп шықпайды», – деген аталы сөз бар. Бөрібай ер Қаптағайдың жетінші ұрпағы болған. Ал қазақ елінің алғашқы Конституциясын жазған Барлыбек Сырттанов Бөрібай батырдың жетінші ұрпағы деп айтылады. Тарихи деректерге жүгінсек, осындай бүкіл ұлт мақтан тұтар оқиғалар жеткілікті. Ендігі мақсат – Бөрібайдай бабалар есімін ұрпақ жадында жаңғыртып, тарихи деректер мен ауызша тараған әңгімелерді жүйелеп, болашаққа құнды еңбек қалдыру. Бұл – тарихшы ғалымдар мен жүрегі елім деп соққан барша ұлт жанашырларының мойнына жүктелген міндет.
Тәубе дейік, Бөрібай батырдың аты қайта ұлықталуда. Оның бірден-бір мысалы – Ақсу жерінде батырға арналып еңселі ескерткіштің орнатылуы. Бұл ескерткішті ұрпақтары елдіктің, ерліктің, ауызбірліктің мысалы ретінде тұрғызып жатыр. Руға бөлінетін емес, рудан құралатын қазақтың бірлігінің жемісі. Әлі де елімізде осы жеріміз бен азаттығымыз үшін күрескен қаншама аты аталмай жатқан батырлар бар. Оларды ұмытпау, жас ұрпаққа ұмыттырмау – бүгінгі буын парызы болып қала береді.
Осыған орай таңдалған тақырыптың өзектілігі мен оның құндылығы өте үлкен. Себебі біз халыққа бүгінде өте аз зерттелген енді таныстырылып жатқан тың мәліметті ұсынып отырмыз. Міне, бұл біздің таңдап отырған тақырыбымыздың өзектілігі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Менің жобамның тақырыбы “ Есімі ұран болған Бөрібай батыр ” болғандықтан, Бөрібай батырдың ұрпақтары жайлы ақпараттарды да қолдандым. Қазіргі уақытта адамдар Бөрібай батыр туралы көп ақпарат білмейді. Сондықтан, мен адамдар көп ақпарат білу үшін қолымнан келгенше көп деректер мен мәліметтер жинаған едім.
Ғылыми жұмысты жазу барысында Бөрібай батыр туралы іздеуге, зерттеуге үлес қосқан тарихшылардың мақалалары, зерттеулері қолдынылды. Мысалы, М.Тынышбаевтың еңбектері және тағы да басқа кітаптар, мақалалар, зерттеулер қолданылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Еліміздің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен, асқан ер, кемеңгер тұлға – Бөрібай батырдың есімін елге танытып, бүгінгі ұрпақты елжандылық пен отансүйгіштік руһта тәрбиелеудің маңызы зор. Олай болса бүгінгі күннің талабы осындай айбынды тұлғаларымызды ардақтайық, оларды мақтан тұтайық.
Бөрібай батырды елге де, жерге де таныту үшін ол туралы кітаптар жазып, кинофильм түсірілсе, елді мекендер мен қала және кент көшелеріне есімі беріліп, ел ішінде үлкен тілек бар. Сонда ғана біз кешегі ел үшін еңіреп өткен ерлердің есімі ұмытылмайтындығына және олардың даңқты істерінен нәр алған бүгінгі ұрпақта кезі келген уақытта елі үшін аянбастан жан алып, жан беріп қорғай алатындығына кәміл сенеміз.
Бөрібай батыр жайлы зерттей келе, Бөрібай батырдың ерен ерлігін паш ету, оны халыққа таныстыру болып табылады.
Тақырыптың міндеттері:
-
Бөрібай батырдың ерен ерлігін паш ету;
-
Бөрібай батыр тек қана жасақ басқарған қолбасы ғана емес данагөй билеуші.ретінде халыққа таныстыру;
-
Бөрібай көтерілісі.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Ендігі мақсат – Бөрібайдай бабалар есімін ұрпақ жадында жаңғыртып, тарихи деректер мен ауызша тараған әңгімелерді жүйелеп, болашаққа құнды еңбек қалдыру. Бұл – тарихшы ғалымдар мен жүрегі елім деп соққан барша ұлт жанашырларының мойнына жүктелген міндет деп санаймын.
Тақырыптың құрылымы : Зерттеу жұмысы кіріспе, төрт тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Бөрібай батырдың ерен ерлігін туралы жайында баяндалады. Бөрібай батырдың өмірбаяныны туралы айтамыз.
Екінші тарау Бөрібай батыр тек қана жасақ басқарған қолбасы ғана емес данагөй билеуші ретінде деректерден және мәліметтерден құрылған
Үшінші тарауда біздің таңдап отырған тақырыбымыздың өзектілігін айқындайтын болады.
Төртінші тарауда біз Бөрібай көтерілісі жайлы тоқталатын боламыз.
Қорытындыда әрбір тарауда айтылып кеткен ақпараттар мен деректер бойынша қорытынды жасалады және жұмыс бойынша әртүрлі ұсыныстар айтылады.
I тарау. Ұранға айналған Бөрібай батыр
Бөрібай батыр (1694 – 1756 – 1760) қазақтың найман руының үлкен бір табына атын берген Қаптағай батырдың бесінші ұрпағы. Ол өз заманында әйгілі батырлығымен, әділ билігімен, қолбасылық өнерімен көзге түскен, ел басқарған көрнекті тұлға. Сол себепті, сол кезден бастап Бөрібай батырдың айтулы ақын – жырауларының жырларынан орын алғандығы белгілі. [1, авторлары: Әлібеков Т., Қасқабасов С., Қирабаев С., 82 – том, 349-350 б.б.]
Қаракерей Қабанбайдың өзін жорыққа алып шығып, соғысқа баулыған, ұрыс тәсілін үйретіп, жол көрсеткен, өзі де әскер басқарған жасампаз көшбасшы. Бөрібай бабамыздың өмірі тек Соғыспен өткен,Анасының ішінде жатқан кезде,Анасы Қасқырдың-Бөрінің жүрегіне жерік болған дейді тарихшылар, Әкесі Сары мырза тек батыр және би емес мықты найзагер,аңшы болған екен.
Бөрібай батырдың арғы тегі Найман тайпасы көсемдерінің бірі, ру басы Қаптағай батырдан басталады. Қаптағай батырдың Сары би атанған бір ұрпағы да қазақ хандығының дәуірлеу кезеңінде қоғамдық істердің бел ортасында болады. Белгілі тарихшы Әбдікәрім Хасеновтың зерттеуінде: “…Бұл Матай Бөрібай батырдың әкесі Сары мырза болуы мүмкін. 1668-1689 жылы қазақ елшілігін басқарып барғанда, орыс үкімет орындары ұстап қалады, сонда қайтыс болады” деп көрсетеді. [2,“Үш ғасыр иінінде” мақаласы. “Қазақ әдебиеті ” газеті. 1992 жылғы 7 ақпан].
Яғни Сары би Қазақ хандығының дипломатиялық қатынастарына қатынасқан белгілі қайраткер болған. Бөрібай батыр осы Сары бидің ұлы. Деректер бойынша 1699 жылы Ақсу аумағында туған. Ол жоңғар басқыншыларына қарсы майдан ашқан, оның алдыңғы шебінде болған қазақтың атақты батырларының бірі ретінде мадақталады. Халықтық шежірелерде Бөрібай батырдың есімі Шоңай, Қаракерей Қабанбай батырлармен қатар аталып, олармен үзеңгілес, пікірлес және тағдырлас болғаны айтылады. «Бөрібай батыр 1728 жылы Торғай даласының оңтүстік шығысында Бұланты өзенінің бойында тарихта «Қалмақ қырған» деп аталып кеткен шешуші ұрыста асқан ерлік көрсетеді. Тарихи маңызы үлкен шайқасқа Қабанбай, Жаңатай, мүйізді Өтеген, Жәнібек, Бөгенбай сынды қазақтың батырлары сияқты Бөрібай өз қосындарымен келіп қатысады» [3, М.Тынышбаев. Материалы к истории киргиз- казахского народа. Ташкент. 1925, 18- бет ]. Қабанбай бабамыз Бөрібай батырды аға тұтып, құрметтеген. Жаудан түскен олжаны бөлгенде Бөрібайдың сыбағасын бөлек қойғызған, содан қалған «Бөрібай сыбағасы» деген аңыз бар. Бөрібай Матайға, өзінің атасы Асанның алты баласынан тарайтын ұрпақтарына ұран болған. Бөрібай батыр жоңғар – қалмақтарға қарсы шайқаста Қоңырат, Найман, Жалайыр, Қарақалпақ, Тобықты елінің басын біріктіріп, қырық мыңдық сарбазбен елу мыңдық жау әскеріне қарсы тұрады. Шежіре білетіндер бұл тұста Бөрібайдың жасы жетпістен асқанын, соғыс тактикасы мен стратегиясын жете меңгерген шебер қолбасы ретінде аталады. Сол шежіре қарттар сөзіне сенер болсақ, қалмақтар соғыстың айла-тәсілін жете білетін Бөрібай батырды алдымен құртуды ойластырады. Ол үшін өмірі шегінуді білмейтін қарт батырға қарсы еш жеңіліп көрмеген қалмақтың ең бір қанды қол батыры – Қапалды жекпе-жекке шығарады. Отыздың ішіндегі Қапал қайткенде жетпістен асқан Бөрібай шалды жеңеді деп есептесе керек. Бірақ бәрі керісінше болып, ақ сақалы омырауын жапқан қарт желді күнгі қырандай жау үстінде ойнайды. Тіктеп салған найзасы жау батырының жауырынынан бірақ шығады. Жау алдында, майдан үстінде мерейі үстем болғанымен сондағы алған жарадан үйіне келген соң ағайын-туған алдында: “Арман жоқ. Жау жығасын жығып өлдім. Бұдан артық адал, шейіт өлімді құдайдан сұрап алармысың?”деп, көз жұмыпты Бөрібай батыр.
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз